Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының классификациясы
Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы(аденомасы) – жасқа байланысты инволюциялық ауру, қуықасты безінің периуретралдық бөлігінің өсіп кетуінен төменгі несеп жолдарында обструкция пайда болуымен сипатталады.
Классификация
I кезең - никтурия, несеп шығарудың
қиындауы, қалдық несептің көлемі 20-40 млден аспайды.
II кезең - никтурия, несеп шығарудың
қиындауы, қалдық несептің көлемі 40-180 мл.
III кезең - никтурия, несеп шығарудың
қиындауы, қалдық несептің көлемі 180-200 мл-ден артық болып көбеюі, несептің созылмалы іркілуі жəне парадокс ишуриясы.
Нечипоренко сынамасы
Нечипоренко бойынша зәр анализі – зәрдің құрамын тексерудің бір тәсілі. Бұл зерттеу жедел және созылмалы бүйректің және зәр шығару жолдарының қабыну ауруларын анықтау үшін жүргізіледі. Анализде лейкоцит, эритроцит және цилиндрлердің дәл мөлшері анықталады.
Нечипоренко анализі бойынша зәрде не анықталады?
Лейкоциттер – біздің ағзамызда қан арқылы ағыста болатын тірі жасушалар. Бұл жасушалар иммунды бақылауды жүзеге асырады. Зәрде лейкоциттердің қалыптыдан жоғары болуы бүйректе немесе зәр шығару жолдарында (бүйрек түбекшелері, несепағар, қуық, уретра немесе ерлерде простата) қабыну үрдісінің барын көретеді.
Эритроциттер – кіші көлемдегі қызыл қан денешіктері. Оның басты қызметі оттегіні қажетті мүшелер мен тіндерге тасымалдау. Қалыпты жағдайда зәрде эритроциттер болмайды, болған жағдайда да аз көлемде болуы тиіс. (көру алаңында 3). Эритроциттердің үлкен көлемде болуы бүйрек пен зәр шығару жолдарының патологиясын көрсетеді.
Цилиндрлер – ақуызды денешіктер, патология кезінде бүйрек тіндерінде (бүйрек каналшаларында) түзіледі. Сыртқы көрінісі бойынша олар әртүрлі болып келеді: дәнді (құрамында эритроцит және бүйрек каналшаларының жасушалары), гиалинді (бүйрек каналшалары мен ақуыздар), эритроцитарлы (эритроциттер).
Зәрді Нечипоренко талдауына қалай жинау қажет?
Зәрді дұрыс жинау үшін келесідей ережелерді сақтау қажет:
* Зерттеу алдында жыныс мүшесін таза сумен сабынсыз, басқа да жуғыш заттарсыз жуу. Сыртқы жыныс мүшелерінің таза болмауынан неше – түрлі бактериялар зәрге түсуі мүмкін. Сабын және басқа да дезинфицирлеуші заттарды қолданбаған дұрыс, олар зәр ағысымен зәр құрамына түсіп, оның сандық құрамына әсер етеді.
* Таза ыдыс алу қажет. ( толық ауызы жабылатын, арнайы өлшеуіші бар лабораторлы стакан немесе контейнер болғаны дұрыс)
* Әйел адамдар менструация кезінде анализ тапсырмағаны дұрыс. Бөлінетін менструальды қан лабораторияда зәр жолдарынан шыққан қан ретінде анықталады.
* Зәрді жинайтын кезде антибиотиктер немесе зәрді басқа түске бояйтын заттарды пайдаланбау қажет.
* Зәр шығару кезінде алғашқы зәр көлемін унитазға ағызу қажет, келесі зәр көлемін контейнерге жинау керек.
* Анализ үшін таңғы зәр жиналады.
* Жиналған зәр лабораторияға бірнеше сағат ішінде жеткізілуі тиіс. Зәрді ұзақ уақыт сақтау кезінде онда бактерия көбеюі басталады.
Нечипоренко анализі бойынша зәрдегі қалыпты лейкоцит, эритроцит және цилиндр көрсеткіштері:
* Лейкоциттер: 1 мл-де 2000
* Эритроциттер: 1 мл-де 1000
* Цилиндрлер: 1 мл-де 20 гиалинділер, цилиндрлердің басқа түрін анықтау патология болып табылады.
Нечипоренко бойынша зәр анализін талдау:
Лейкоциттердің (1 мл-де 2000 жоғары) жоғарылауы:
* Цистит
* Пиелонефрит
* Простатит
* Зәр – тас ауруы
* Бүйрек инфарктісі
Эритроциттердің (1 мл-де 1000 жоғары) жоғарылауы:
* Жедел гломерулонефрит
* Нефротикалық синдром
* Бүйрек инфарктісі
Цилиндрлер – гиалинділер >20, немесе басқа түрлі цилиндрлердің әртүрлі көлемде болуы бүйректік патологияны көрсетеді. Бұл цилиндрлер реабсорбирленіп үлгермеген (біріншілік зәр құрамынан қанға өтіп үлгермеген), ақуыздан түзіледі.
* Пиелонефрит
* Созылмалы гломерулонефрит немесе жедел гломерулонефрит
* Гипертоникалық ауру
* Зәр айдағыш дәрілерді қабылдау
Дәнді цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология) Бүйрек каналдарын астарлайтын жасушалардың бұзылысы әсерінен пайда болады.
* Гломерулонефрит
* Пиелонефрит
* Сынаппен улану
* Вирусты инфекциялар
Балауыз тәрізді цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология). Балауыз тәрізді цилиндрлер канал аймағында гиалинді немесе дәнді цилиндрлердің ұзақ уақыт болуынан түзіледі.
* Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
* Бүйрек амилоидозы
* Нефротикалық синдром
Эритроцитарлы цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология). Қалыпты жағдайда қызыл қан жасушалары бүйрек каналшаларында анықталмауы тиіс. Бірақ, бүйрек тостағаншасының қан тамыр қабырғасының бұзылысы әсерінен бүйрек каналшасына өтуі мүмкін. Бүйрек каналшасына өткен эритроциттер зәр арқылы шығады. Бірақ массивті түрде эритроциттердің бүйрек каналшасына өтуі кезінде, оның кеңістігін эритроцитарлы цилиндр түзілу арқылы бітеп тастауы мүмкін.
* жедел гломерулонефрит
* бүйрек инфарктісі
* бүйрек веналарының тромбозы
* қатерлі гипертензия
Эпителиальды цилиндрлер (бұл цилиндрлердің белгілі көлемде анықталуы патология). Бүйрек каналшасының эпителиінің ыдырауы әсерінен пайда болады. Бұл цилиндрлер бүйректің аса ауқымды патологиясын көрсетеді. ·Жедел каналшалық некроз
* Жедел вирусты инфекция
* Ауыр металл тұздарымен және нефротикалық заттармен улану кезінде (этиленгликоль, фенол)
* Бүйрекке токсикалық әсер ететін дәрілермен улану (салицилаттар)
Достарыңызбен бөлісу: |