Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау



бет19/125
Дата23.05.2023
өлшемі11,18 Mb.
#177537
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   125
Байланысты:
ХИР608 Сессия

Клиникалық көріністері. Клиникалық көрінісі белгілі дәрежеде өңештің зақымдану себебіне және деңгейіне байланысты. Өңештің жабық зақымдануының операцияға дейінгі диагностикасы өте қиын. Өңештің мойын аймағы зақымдалған жағдайда зақымдалған аймақта ауру сезімі, сілекей бөлінуі және жарақаттан қан кету байқалады. Сонымен қатар, жұтынғандағы ауру сезімі, дисфагия, теріастылық эмфизема,мойынның жұмсақ тіндерінің инфильтрациясы және гиперемиясы болады.
Өңештің мойын аймағының сыртқы жарақаттары жұтынғандағы ауру сезімімен және мойын аймағындағы теріастылық эмфиземамен байқалады. Егер хирургиялық көмек ерте мезгілде жасалмаса,онда 10–20 сағаттан кейін периэзофагит,мойын флегмонасы,медиастинит дамиды. Ал жарақаттық үрдістің қолайлы ағымында зақымдалу репарация немесе жазылумен аяқталады.
Өңештің кеуде бөлімі зақымдануына семсер тәрізді өсінді маңындағы ауру сезімі тән. Науқастар сілекей ағуына,жұтынғандағы ауру сезіміне шағымданады. Егер өңеш қабырғасы толық жыртылса, қан құсу, медиастиналды және теріастылық эмфизема байқалады.
Өңештің кеуде бөлімінің ашық жарақаттарында кеуде торының өтпелі жарақаттарының, гемо- және пневмоторакспен қосарланған өкпе жарақатының клиникасы басым болады. Науқастар төс артындағы қатты ауру сезіміне, гиперсаливацияға, өңештегі бөгде затты сезінуге шағымданады.
Өңештің кардиалды бөлімінің зақымдануына науқастың жағдайын күрт ауырлататын перитонитпен асқынғанабдоминалды апат симптоматикасы тән. Жиі өңештің перфорациясы ауру сезімдік шоктың дамуымен сипатталады, яғни, беттің бозаруы, тері қабаттарының көгеруі, тахикардия, ентігу, лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы байқалады. Ауыр ағымында артериялық қысымның үдемелі түсуі,естен тану,сепсис және полиағзалық жетіспеушілік дамиды.
Кейінгі жылдары өңештің диагностикалық және емдік манипуляциялар барысында (өңешті буждау, эзофагогастроскопия, кардиодилятация, кеңірдек интубациясы) зақымдануы жиі байқалуда.
Клиникалық белгілердің әртүрлілігі зақымдану сипатына,перфорация өлшемдеріне және перфорация болғаннан кейінгі өткен уақыт аралығына тәуелді.
Диагностикасы. Өңештің зақымдануын және оның асқынуларын диагностикалау үшін мойын,кеуде және құрсақ қуысының шолу рентгенологиялық зерттеуін, өңештің рентгено-контрастты зерттеуін және қажет болғанда, фиброэзофагоскопияны қолданады.
Емі. Өңештің жабық жарақаттары кезінде байқалатын өңеш қабырғасының толық емес жыртылуында консервативті ем қолданылады. Науқастарға парентералды тамақтану, антибиотиктер тағайындалады. Ауыз арқылы тамақтануға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, консервативті ем –өңеш қабырғасының дефекті 0,5 см- ге дейіннемесе өңеш контурынан контрасты зат 2 см– ге дейін ғана ақса және өкпеқап қуысында,өңеш маңындағы талшықта,көкірекаралықта іріңді үрдіс болмаса, өтпелі жарақаттарда да қолданылады.
Өңештің кең көлемдегі жарақаттарында және ол көкірекаралықтың және плевраның талшығымен байланысқан жағдайда, хирургиялық ем тағайындалады. Егер жарақаттан 24 сағат бойы қан кетсе,онда қанап тұрған қантамырларды байлап,бойлық бағытта екі қатарлы тігіс салған жөн.Өкпеқап қуысын және көкірекаралықты эксудатты аспирациялау және антибиотик енгізу үшін дренаждау керек. Өңеш толық жыртылған жағдайда және өте үлкен жарақаттарда зақымданған аймаққа тігіс салу нәтижесіз.Бұл жағдайда өңешті теріге тігеді, бұл жарақаттың терілік жамаусалу мен жабылуы үшін жасалады. Егер радикалды операцияның уақыты кешіктірілген болса, паллиативты операциялар қолданылады (мойынның талшықтық кеңістігін дренаждау, эзофагостомия, өкпеқап қуысын дренаждау, гастростомия және медиастиностомия).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет