Диалектиканың категориялары - Диалектикалық проблемалардың мәнін ашу үшін философияда қолданылатын ең жалпы түсініктер.
Диалектиканың негізгі категориялары:
• мәні мен құбылыс;
•мазмұн мен түр;
•себеп пен садар;
•жеке,ерекше,жалпы;
• мүмкіндік пен шындық;
• қажеттілік пен мүмкіндік.
Жоғарыда атап өткен диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары оның негізгі идеяларын қорытындылауға мүмкіндік береді. Біріншіден, құбылыстардың бір-бірімен тығыз байланыстылығы идеясын әлем мен жаратылыстану тарихы толық дәлелдейді. Екіншіден, әлемнің өмір сүруі мен дамуының негізгі шарты - оның ішкі қайшылықтары идеясы. Үшіншіден, әлемдегі құбылыстардың ұдайы өзгеріп отыратындығы туралы идея. [4] ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006 ж.
2.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007ж.
3.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 ж.