2-жаттығу: Сөздік қорын молайту.
Бұл жаттығуды өткізу үшін арнайы мәтін керек. Бір сөздердің орнына екінші бір сөздерді пайдалану керек. Мысалы: мәтіндегі етістіктерді мағынасын өзгертпей екінші бір етістіктерге ауыстыру. Осындай жаттығуды зат есім, сын есімдермен де өткіуге болады. Алғашқы 5-10 күн арасында сөздіктерді пайдалануға болады. Бұл жаттығу енжар сөз қорын белсенді етеді. Осы жаттығу ана тілін де, шет тілін де дамыту үшін бағалы.
3-жаттығу: Тірек нүкте бойынша қысқаша әңгімелеу.
Жаттығу өткізу үшін 5 сөз алынады. Сөзді кез келген кітапты ашып, ортасынан алуға болады. Жаттығудың мазмұны - 5 алынған сөзден (зат есім, сын есім, етістік) байланысты әңгіме құрастырып айту. Әр әңгімеге 2-3 минут беріледі. Бір сабақта 3- 4 әңгімеден артық алуға болмайды. Бұл жаттығу қиялды белсенді етеді, ойдың қисындылығы мен икемділігін дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |