7-жаттығу: Диалог.
Диалогті екі адам құрастырады. Сондықтан жаттығуға сұхбаттасушы керек. Бірде сұхбаттасушы ойыншылардың арасынан тағайындалады. Жаттығу 1 - 3 тірек сөз арқылы жүзеге асады. Екіншіде сұхбаттасушыны ойыншы өзі таңдайды. Мұнда диалогтің тақырыбы, жоспары, уақыты белгіленеді.
Жаттығудың негізгі мақсаты – сұхбаттасушыны сұхбат тақырыбына тарту, әңгімелесуге қызықтыру, 4-5 минут сөйлету. Таңдаған тақырыпқа сай қысқаша сұхбат жасалса, жаттығу орындалды деп есептеледі.
Даттаудың І спикері толтыратын парақ үлгісі:
Кейстiң компоненті.
|
Мазмұны.
|
Ескертулер мен сұрақтар
|
Дефинициялар:
|
|
|
Статус Кво
|
|
|
Мәселе, мәселенің өзектілігі
|
|
|
Мәселе туындауының себептері
|
|
|
Шешу жолдары
Іс агенттері
Іс уақыты
Қаржыландыру
|
|
|
Салдары
|
|
|
Даттауға арналған дайын жобалар (кейс) үлгілері
Қарар:
Мемлекеттің жүргізетін саясаты балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкес болуы тиіс.
Дефинициялар:
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мелекеттердің өзара келісімі, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
Ювеналды әділет – кәмелетке толмағандардың әділ соты.
Status Quo:
«Құқықтың бәрі – барлық балаларға» деген қағидасының жүзеге асырылуы әлі өте алыс. Сондықтан бала құқықтарын қорғау мақсатымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 1989 жылы бала құқықтары туралы конвенция қабылдады, ал Қазақстан Республикасы 1994 жылы сол конвенцияны бекітті.
Оң – солын ажыратып үлгірмеген бала өз құқығын дәлелдей алмайды. Сол үшін де бала құқығын бұзу оңай. Кәмелетке толмаған бала құқығы сот саласында жиі бұзылады. Бала құқықтары туралы конвенцияның 37 бабының ә,б,в тармақтарында, 40 бабында: «Қамауға алу, ұстау немесе түрмеге жабу заңға сәйкес жүргізіледі және соңғы шара ретінде ғана, не ғұрлым тиісті қысқа мерзім ішінде қолданылуды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігінше сот әрекеті мен түрмеден бойды аулақ ұстаған жөн»- деп айтылған
2004 жылы құқық бұзушы балалардың саны 3254 жетті. Олардың ішінде 489 балаға ешқайда кетпеу туралы қолхат, 32 балаға үй қамауында болу, 31 балаға жеке кепілдікте болу, 27 балаға көз салу, ал 1 рет қана кепілі жіберу түрінде шешім қабылданған. Қалған 2674 бала әр-түрлі мерзімдермен қамауға колонияларға жіберілген. Осы балалардың саны 82 % пайызды құрады. Ал осы 82 % пайыздың 3 пайызы ғана ауыр қылмыс жасағандар. Сонда! Қараңызшы! Осы балалардың бәрі ауыр қылмыс жасаған емес қой! Сол балалар түрмеден шыққан кезінде түзеліп шықпай, керісінше психикалары бұзылып, қылмысқа барады да тұрады.
Осыдан қорытынды жасасақ:
1) балалар мен ересектер бір деңгейде сотталады.
2) бала құқығын қорғайтын адвокаттар жоқ.
3) құқық бұзған балаларды соттайтын қылмыстық кодекс жоқ.
4) колонияларда, изоляторларда бала психологтары жоқ.
5) Ювеналды Әділет мамандары жоқ.
Республикамыздың әрбір қаласында, ауданында Ішкі Істер Бөлімінде бір ғана бөлім кәмелетке толмағандардың ісімен айналысады. Ол бөлім бір кабинетпен, бірнеше инспекторлармен шектелген. Ал жалпы Республикада 1 инспектордың қарамағында 29000 бала.
Республикамызда кәмелетке толмағандардың қылмыстығы 15,1 пайызға көтерілгені ғажап емес.
Бұл қарастырылған деректер мынадай мәселені көтереді: ҚР кәмелетке толмаған заң бұзушылардың Сот Жүйесі Халықаралық Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес келмейді.
Маңыздылығы:
Біздің Республикамызда кәмелетке толмаған қылмескерлердің және қылмыстың саны өсіп бара жатыр. Өз балаларымызға қамқорлық көрсете алмасақ, қоғамды ұлт деп атамауымызға негізі жоқ.
Себептер:
1. ҚР кәмелетке толмаған Заң бұзушыларға қатысты Сот Үкімінің жетілмегені.
а) кәмелетке толмағандар да, ересектерге де БТР СОТ айыптау Үкімін тағайындайды.
б) Бала адвокаттық негізінің жоқтығы.
2. Көбінесе алдын ала тергеу негізінің жоқтығы.
3. Бала құқықтары туралы конвенцияның 37-бабының ә, б, в тармақтарының, 40-бабының орындалуы.
Біз мәселені шешу жолдарын ұсынамыз.
Әділет ювеналды негізін құру.
а) Ювеналды заңнамаларын қабылдау.
ә) Ювеналды сот ашу.
б) Бала адвокаттығын құру.
в) Колониялар мен изоляторларға бала психологтарын орналастыру.
д) Сенім телефондарын орнату.
2. Заң университтерінде Ювеналды әділет мамандарын оқытатын заң факультеттерін ашу.
а) Ювеналды негіз бойынша заңдық мамандарды қайта дайындау.
Іс агенттері:
Юнисеф, ҚР-ның Парламенті, Әділет Министрлігі, Білім Министрлігі, ҚР-ның Жоғарғы Соты.
Достарыңызбен бөлісу: |