3 «Адасқан әріптер» әдісін сипаттаңыз
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау. Қ,у,о,ы,шоқушы Т,п,і,к,а....................... І,і,б,л,м........................ М,м,ғ,ұ,а,л,і.................
13-билет
1 Сабақ – мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.Сабақтың типтері жəне құрылымы
Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тəртіпте жəне режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-əрекетінің сыртқы көрінісі. Олар əлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады жəне жетілдіріледі.
Оқытудың ұйымдастыру формалары əр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады: оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;
оқу орнына қарай: мектептік жəне мектептен тыс формалар;
мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тəжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;
оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, əр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.
Мектептік даму тарихында əр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, жəне 40% дербес оқуға бөлінді.
Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537- 1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар: лекция;
семинар;
пəндік үйірмелер; топсеруен; факультативтер; кеңес;
қосымша сабақтар; үй тапсырмасы;
- оқытудың жекелік формасы.
Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы жəне даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; əрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сəйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; əрбір сабақ тек бір пəнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-əрекетінде əр қилы түрлерді жəне формаларды қолданады /іс-əрекеттің вариативтілігі/.
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі компоненті сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мəндік, уақыттық жəне ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту процесінің кесіндісі
Сабақ түрлерін (типтерін) И.Н. Казанцев, С.В.Иванов, Б.П.Есипов қарастырған, бөлген.қазiргi мектеп тəжiрибесiнде көптеп қолданылатын сабақ түрлерiне мыналарды жатқызуға болады:
1. Кiрiспе сабағы.
2. Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағы.
3. Бiлiмдi, бiлiктi жəне дағдыны бекiту сабағы.
4. Жаттығу жəне тəжiрибе сабақтары.
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың бiлiмдерiн, бiлiктiлiктерi мен дағдыларын тексеру жəне бақылау сабағы.
8. Аралас сабақ
9. Өздiгiнен бiлiм алу сабағы.
Сабақты бұлай жiктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгiлi бiр заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалiм оқушыларға жаңа бiлiм берудi көздесе, осыған орай ''Жаңа бiлiмдi хабарлау сабағы'' деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа бiлiмiн iс жүзiнде пйдалана бiлу жолын қарастырса, онда ол ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'' деп аталады. Сол секiлдi мұғалiм өткен оқу материалын оқушы-лардың есiне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол ''Қайта-лау-қорыту сабағы'' деп аталады Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрi оның құрылымына байланысты болып келедi. Мұғалiм сабақтар жүйесiнде дидактикалық бiрнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа бiлiм бередi, оны өмiрде, практикада пайдалану жолын үйретедi, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бiрге оқушылардың бiлiм көлемi мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшiлiк сабақ оның бiрнеше элементтерi (кезеңдерi) арқылы аралас өтедi. Мiне, осындай сабақ түрi ''Аралас сабақ'' деп аталады.
Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөлiктерiнiң, кезеңдерiнiң бiр-бiрiмен ұштасып, белгiлi тəртiппен жүзеге асырылуын айтады.
Олар мынандай болып келедi:
1. Сабақты ұйымдастыру бөлiмi (сабақтың тақырыбын белгiлеп, оның мақсат, мiндеттерiн тұжырымдау).
2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа бiлiмдi немесе оқу материалын баяндау, түсiндiру.
4. Жаңа бiлiмдi пысықтау, бекiту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тəжiрибелiк жəне зертханалық жұмыстар жүргiзу).
5. Қорытындылау (оқушылар бiлiмiн бағалау), сабақтың аяқталуы.
6. Үйге тапсырма беру, оны түсiндiру.
Сабақ құрылымын белгiлеу оқу жұмысын неғұрлым айқын жəне дұрыс ұйымдастыру үшiн маңызы ерекше. Мұның өзi мұғалiмнiң сабақ жоспарын құрудағы аса елеулi кезеңi болады. Сөйтiп, сабақ түрiн жiктеу жəне құрылымын құру өзара байланысты, бiрақ əрқайсысының өзiне тəн өзгешелiгi болады. Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгiлеу негiзiнен дидактикалық мақсат пен мiндеттерге жəне сабақтың кезеңдерiне байланысты болып келетiндiгiнде.
2 Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология
«Педагогикалық технология дегеніміз не?» Педагог ғалым Беспальков өзінің «Слагаемое педагогическое технология» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын-ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын-ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Педагог ғалымдар қазіргі кезде қолданылып жүрген білім беру технология терминін әр қырынан ашып көрсетуде.
Педагогикалық технология дегеніміз - оқытуда жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі).
(Волков И.П.)
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара инструменталдық және методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қолданылуы.
(Кларин М.В.)
Технология – оқушы мен ұстаз бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған моделі.
(Монахов В.М.)
Технология - дидактикалық жүйенің процесуалды бөлігі
(Чаянов М.)
Технология – бұл өнер, шеберлік, біліктілік, әдістемелер жиынтығы, яғни гректің өнер, шебер деген сөзінен шыққан.
Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің балалардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни, мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Сондай-ақ, жеке тұлға, яғни, дарынды шығармашылық тұлға қалыптастыру, білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |