Дидактика


Фишбоун» әдісін сипаттаңыз



бет17/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

3. Фишбоун» әдісін сипаттаңыз
Фишбоун» әдісі (постерде) проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады.
Бұл сызбаны алғаш болып жапондық профессор Исикава ұсынған.
Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады. Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады. Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады. Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.
14-билет
1 Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері туралы түсінік.
Оқыту теориясының негізгі компоненттерінің бірі оның заңдылықтары. Олардан құбылыстар, үрдістер, оның нəтижелері арасындағы обьективті, тұрақты жəне қайталанып келіп отыратын байланыстар көрініс табады.
Дидактикалық принциптер – оқыту процесінің жалпы мақсаттарына жəне заңдылықтарына сəйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен əдістерді анықтайтын базистік жағдайлар.
Я.А.Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту табиғаттың жəне адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы «оқытудың табиғатқа сəйкестігі» деген атқа ие болды. Ж.Ж.Руссо оқыту процесінің принципалдық негізі баланың табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци оқытудың мазмұнын көрнекілік принципінен шығарады.
А.Дистервег оқыту жүйесін нақты ережелермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, оқушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда
К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бөліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында көрініс табатын оқытудың тəрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы жəне əлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы жəне белсенділігі; оқытудың көрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.
Оқыту процесінде қызмет ететін заңдылықтары жалпы өз əрекетімен бүкіл жүйені қамтиды жəне жеке немесе нақты жүйенің белгілі бір компонентіне əсері болып бөлінеді.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
Оқытудың мақсаты тəуелді: а) қоғамның дамуының деңгейіне жəне қарқынына; б) қоғамның сұранысына жəне мүмкіншілігіне; в) педагогика ғылымының жəне практикасының даму деңгейіне жəне мүмкіншілігіне.
Оқытудың мазмұны тəуелді: а) қоғамдық сұранысқа жəне оқыту мақсатына; б) əлеуметтік жəне ғылыми техникалық прогрестің қарқынына; в) оқушылардың жастық мүмкіншіліктеріне; г) оқытудың теориясы мен практикасының дамуының деңгейіне; д) оқу орындарының материалдық техникалық жəне экономикалық мүмкіншіліктеріне.
Білім сапасы оқытудың əрбір жаңа кезеңінің тиімділігі тəуелді:
а) оның алдындағы кезеңнің өнімділігіне жəне ондағы қол жеткен нəтижеге;
в) оқылып жатқан жадығаттың сипатына жəне көлеміне; в) мұғалімдердің ұйымдастырушылық педагогикалық əсеріне; г) оқушылардың оқығандығына; д) оқыту уақытына.
Оқыту əдістерінің тиімділігі тəуелді: а) əдістерді қолданудағы біліміне жəне дағдысына; б) оқыту мақсатына; в) оқытудың мазмұнына; г) оқушылардың жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне; е) материалдық техникалық қамтамасыз етілуіне, ж) оқыту процесін ұйымдастырылуына.
Оқытуды басқару. Оқытудың өнімділігі тəуелді: а) оқыту жүйесінде кері байланыстың қарқындылығына; б) түзетуші əсердің дұрыстығына.
Оқытуды ынталандыру мыналардың есебінен болады: а) оқытудың мотивтері а) сыртқы
/қоғамдық, экономикалық, педагогикалық/ стимулдардың.
тарының кестесіне де тəуелді болады.
Оқытудың принциптері /ұстанымдары/ мен ережелері:
Саналылық жəне белсенділік принципінің негізіне ғылым орнатқан заңдылықты жағдайлар жатыр: білім алудың мəні терең жəне дербес ұғынылған білімдер құрайды, олар өз ойын қарқынды жұмыс істеу жолымен игеріледі.
Көрнекілік принцип негізінде мынадай ғылыми заңдылықтар жатыр: адамдардың басым көпшілігінде көру органдары ең үлкен сезімділікке ие, көру органынан миға түсетін ақпарат кодировканы қайта жасауды талап етпейді, ол оқушының есінде жеңіл, тез жəне берік орын алады. Жүйелілік жəне бірізділік принципі мынадай ғылыми жағдайларға негізделеді: оқушының миында қоршаған дүниенің анық суреті бейнеленгенде ғана ол нағыз жəне іскер білімге ие
болады.
Ғылымилық принципінде мына заңдылық бекітілген: білім беру мазмұнын меңгеру жəне оқушылардың танымдық күшін дамыту – оқыту процесінің екі өзара байланысты жақтары; оқу материалын меңгерудің беріктігі тек қана объективті факторға емес, сонымен бірге субъективті факторға да тəуелді; білімді меңгерудің беріктігі оқытуды ұйымдастырумен, əр түрлі формалар мен əдістерді қолданумен, оқытудың уақытымен шартталады; оқушылардың еске сақтауы таңдаушылық сипатта болады.
Шамаға лайықтылық принципі оқытудың көп ғасырлық практикасы жасаған талаптардан шығады: оқушылардың жастық даму заңдылықтары жəне оқушылардың даму деңгейіне сəйкесті дидактикалық процесті жүзеге асыру. Я.А.Коменский шамаға лайықтылық принципін жүзеге асыруға арналған ережелерді анықтады: жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге, оңайдан күрделіге.
Ғылымилық принципі оқушыларға ғылым орнатқан білімдерді меңгертуді талап етеді.
Теория мен практиканың байланысы принципінің негізіне философияның мынадай басты қағидасы жатқызылған: өмір, практика – шындықтың өлшемі, танымдық іс-əрекеттің қайнар көзі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет