2 Оқушылардың оқуға мотивациясын зерттеу жəне оны қалыптастыру жолдары
Оқушыларды сабаққа деген ынтасын арттыру үшін ең алдымен әр балаға жеке көңіл бөлу керек, яғни индивид деп қарау керек. Өйткені, әр баланың зейіні мен білім деңгейі әртүрлі. Сол үшін деңгейлеп оқыту керек. Сонымен қоса сабақты жаңа әдістермен оқыту керек.Мысалы, бұрынғылар сияқты келе салып үй тапсырмасын сұрап, одан соң жаттығулар жаздыртып өткенше, үй тапсырмасын ойын немесе жарыс түрінде сұраса балаларға әлдеқайда қызық болады. Бұл әдіс оқушыларға ұнайды. Сабаққа барлық балаларды тарту керек. Бұрын бізде жақсы оқитын оқушылардан ғана сабақ сұрап, қалғандарына бәрібір білмейсіндер деп сұрамайтын ды. Олардан сұрағанмен бәрібір білмейді, оданша жақсы оқитын оқушылардан сұрай берейік дейтін. Ал ол балалар да отыра береді “сен тимесең мен тимеймін” деп. Тағы бір әдіс – сабақты пікір талас ретінде өткізу. Әр оқушының пікірін тыңдау.Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту жатады. Қызығушылық деп – оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір заттар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.Сабақта интербелсенді тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады.
3 «Серпілген сауал» әдісін сипатаңыз
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы, “Егер автордың орнында болсаң оқиғаны қалай аяқтар едің?”,“Сен бұл пікірге қосыласың ба? Неліктен? Дәлелде!», “Кейіпкердің бұл әрекетін қазіргі өмірмен қалай байланыстыруға болады?”
16-билет
1 Жалпы білім беру мазмұнын таңдау принциптері мен критериилері. ҚР «Білім туралы» заңы (2007 ж)
Жалпы білім беретін оку багдарламалары жеке адамнын жалпы модениетін кальштастырудын, жеке адамды когамдагы омірге бейімдеудін міндеттерін шешуге, косінті, мамандыкты
саналы турде тандау мен менгеру ушін негіз жасауга багытталган.
Білім мазмұнының негізгі компоненттері
Қазіргі өзіміздің өмір сүріп отырған демократиялық қоғамда еркін, шығармашылық- танымдық тұрғыдан ойлай алатын адамдарды қалыптастыру міндетіне сай білім беру мазмұнында
қолданыста бар үш түрлі тұжырымдамалар бар. Мысалы, ғылымдар негізінде педагогикалық бейімделу мектептің оқутәрбие процесінде іске асырылады. Яғни, құндылық қасиеттердің жаңа түрлері қалыптастырылады, дамытылады. Білім мазмұны өндіріспен байланыстырылады, демек білім
адамға әсер ететін өндірістік фактор ретінде сипатталады. Оқыту, үйрету барысында білім алушылар міндетті түрде білім мазмұнының құрамы ретінде дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет, деп санайды. Әрине, мұнда адамзаттық мәдениеттің барлық құрамы
талданбаған, сондықтан да білім,білік, даңдының негізі сипатын ашпайды. Білім мазмұнының негізгі компоненттері, жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қалыптастыруға тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |