Дидактика


«Сиқырлы қорап» әдісін сипаттаңыз



бет22/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

3«Сиқырлы қорап» әдісін сипаттаңыз
Қораптың ішіндегі қима қағаздарға жазылған зат есімдерге сұрақ қойып, сөз құрамына талдатқызу.
Кезекшілер, оқушылар, орындық, дәрігерлер, қойшы, ғарышкер,кітапханада,білгіш.


17-билет
1 Қазіргі дидактикадағы оқыту жəне даму мəселелері
Оқыту-қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын , білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықгы қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
-білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
-тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегоғикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы - бұл оның денесінін физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет