Дидактика



бет23/40
Дата22.12.2023
өлшемі93,63 Kb.
#198509
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
дидактика билет жауаптары ертең

2 Дəстүрлі емес сабақ және оның түрлері
Дәстүрлі емес сабақтар - бұл ойдан шығарылған сабақтар. Оның негізгі құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданылатын конкурс, сайыс, көкпар, ойын, бәйге, аукцион, т.б. жеке тәсілдерді сабақтың элементтері деп қарау керек. Дәстүрлі емес сабақтардың, дәстүрлі сабақтар сияқты, мақсаты мен міндеттері, жоспары болады. Сабақтың мазмұны, барысы мұғалімнің шеберлігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда. Олар, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын жаңалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрлі емес түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына дәріс, конференция, пікірталас, компьютерлік сабақтарды жатқызуға болады. Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері – оның жаңа немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген. Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын: жарыс, сайыс, бәйге, аукцион, көкпар, ойын, саяхат – сабақтың құраушылары деп қарау керек.
Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды. Дегенмен де ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді. Дәстүрлі емес сабақтар – қалыптан тыс, күнделікті сабақтан өзгеше сабақтың жаңартылған түрлері.
3 «Ыстық орындық» әдісін сипаттаңыз
Бір оқушы алға шығып, өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты неғұрлым жеке емес қылу үшін немесе мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рольді немесе адамды сомдай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет