2 Ойын технологиясы Ойын технологиясы дегеніміз –педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны.
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория.
Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін ойын түрлері арқылы дамытудың негізігі мақсаттары төмендегідей:
оқытушылық – оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету,өтілген материалды қорыту және бекіту;
тәрбиелік – ойын барысында дүниеге эмоциялық – құндылықтық қарым – қатынасын қалыптастыру;
дамытушылық – бітірушінің барабар әлеуметтік өзін –өзі бағалауын қалыптастыру үшін жалпы адамзаттық қабілеттерін дамыту.
3 «Аяқталмаған сөйлем» әдісін сипаттаңыз Аяқталмаған сөйлем техникасы сөздік ассоциация техникасының вариациясы болып табылады. Сакс бір сөзден туындайтын ассоциациялардың санын азайтып, контекстті жақсырақ анықтауға, көзқарастардың реңкіне, сапасына және нақты объектілерге немесе назар аударатын аймақтарға енуге мүмкіндік беретініне қол жеткізді, ол жеке адамға үлкен еркіндік пен жауаптардың әр түрлі болуын қамтамасыз етеді және респонденттің мінез-құлық әлемінің кең ауқымын көрсетеді.
6 билет 1 Оқу мотивтері Мотивтер /франц. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-əрекеттің түрткісі, олар субъектінің өмір сүру жағдайының əсерімен құрылады жəне оның белсенділігінің бағытталғандығын анықтайды. Мотив ролінде сұраныстары, қызығушылықтары, талпыныстары, эмоциялары, бағытталғандығы жəне мұраттары болып табылады. Бала мектепке келгенде мектепте болуға деген қызығушылықпен байланысты жəне қоғамдық өмірге белсенді қатыстырылу мотивтері онда басым болады. Өсе келе бұл мотивтер өзгеріске түседі: бір жағдайларда жақсы баға алуға деген қызығушылық пайда болады, екіншілерде білімнің өзіндік мазмұнына қызығушылық туады.
Себептендіру /мотив/ - баланы оқуға ұмтылдыратын күш. Оқушының оқу мотивтері – борыш сезімі, мұғалімнен мақтау алу ниеті, жазалаудан қорқуы, ересектердің талабын орындау əдеті, танымдық қызығушылық, сыныпта өз орнын табуға деген ұмтылысы, ата-аналарды қуантуға ниеті, «бестік» бағасын алуға талпынысы, сыйлық алуға деген ұмтылысы.
Оқу іс-əрекетіне барынша сəйкес мотивтер – оқу-танымдық мотивтері. Оқушының оқу мотивтері оның тұлғасының бағытталғандығын, жетістіктері мен сəтсіздіктерін көбіне-көп анықтайды. Оқудың мотивтері оң болуы мүмкін /білімге деген ұмтылысы, жақсы баға алуға деген ниеті, ата-аналардың жəне мұғалімдердің ризашылығына ие болу, құрдастарының арасында сыйлы болу, мамандық алуға ұмтылысы, еңбекке талпынысы, Отанына пайдалы болу, сүйікті адамдарға ұқсас болу т.б./ бейтарап оқыту процесіне мəнді əсер етпейтін оқушының жеке өмірінің мотивтері/ теріс оқуға кедергі келтіретін, білімді меңгеру процесіне, мектепке оқу қызығушылығына зиянды əсер ететін мотивтер: оқуға деген ниеттің болмауы, оқу білімі, өзінің оқу еңбегін ұйымдастыра білмеуі, оқуда қалып қоюы, тəртіпсіздік, жолдастарының жəне ата- аналарының теріс əсері/ немесе осы үш түрі ұштасуы мүмкін.