Жыныс хроматинін анықтаудың қарапайым әдісі бұл ауыздың ішкі қуысынан қалақша арқылы алынған ұрттың кілегейлі қабат қырындысын ацеторсеимен бояу.
Алынған қырынды материалын зат әйнегінің бетіне 2-3 минутқа қойып, бояуды қосады. Препаратты зат әйнегімен жауып, оны кішкене үстінен басады, артық бояуды сүзгі қағазбен алып тастайды.
Боялған препаратты иммерсионды объективпен, жарық микраскопы арқылы зерттейді. Жыныс хроматині жасуша ядро қабықшасының жиегінде түрлі пішіндегі, көбіне сопақша немесе үшбұрышты тығыз денешік түрінде анықталады.
Бұл әдіс Барр денешігін анықтауға мүмкіндік береді. Барр денешігі қалыпты әйел жасушаларында 5-60%, ер адам жасушаларында 2-5% анықталады.
Жұмыс жасау әдісі
Мұқият ұрттың кілегейлі қабатының ортаңғы бөлігіндегі жасушадан ағаш немесе метал шпательдің ұшымен қырынды алу (ауыздың оң және сол жақ бөліктерінен) .