Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы



бет1/4
Дата25.12.2021
өлшемі23,14 Kb.
#105471
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 15-4


10.02.2021

15-тақырып: Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы

Жоспар


1.Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын маңыздылығы.

2.ДБІ технологиясы арқылы оқытудың ұтымдылығы 

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім. Олар: Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы. П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясының негізгі мақсаты, нақты жолдары 1) өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2) есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3) Тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру. «Деңгейлік саралап оқыту» технологиясы тұжырымының ерекшелігі: мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмалары орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.

Ғылыми ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде қарқынды меңгеруді қамтамасыз ететін ұтымды оқыту әдісін қолданудың жолдарын әдістемелік тұрғыда негіздеп, практикада пайдалану – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған мәселе. Мамандыққа бағыттап оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алу талапқа сай дұрыс таңдап алуды қажет етеді. ЖОО студенттерін мамандыққа бағыттап оқыту ауызекі тілді меңгертумен қатар кәсіби тілдесімді еркін жүзеге асырады.

Оқытудың дәстүрлі жүйесі бойынша мұғалім оқушыға дайын, тиісті оқу материалының белгілі бір мөлшерін беріп, одан соң оны пысықтап, дайын үлгі бойынша жаттығулар орындаумен шектелетін. Бұл жағдайда оқушылар императивтік-атқарушылық қызмет атқаратын. Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп, оңды нәтижелер беруде. Олар – модульдік, деңгейлік, жаңаша жаңғыртып оқыту, дамыта оқыту, даралап, саралап оқыту, ойын арқылы оқыту, оздыра оқыту, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиялары. Аталған технологиялардың ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне «Электромонтер» мамандығына қатысты дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) арқылы оқытудың маңызы ерекше.

ДБІ арқылы мамандыққа бағыттап оқыту барысында тіл үйренушілердің білімдік, танымдық қажеттіліктері толық қанағаттандырылып, оқу үрдісінде тілді игеру мүмкіндігі дамиды, өз мамандығына деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Мұнда сөйлесім әрекетінің – тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім түрлері бір-бірімен байланысып, қатысымдық бағытта мамандыққа баулып оқытуды қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін ДБІ технологиясы арқылы үйретудің тілдік қатынасты жүзеге асыруда тигізетін септігі мол. Бұл ретте тіл үйренушілердің тек кәсіби бағыттағы тақырыптармен шектелмей, әдебиет, баспасөз материалдарынан мамандықтары жайында қажетті ақпаратпен танысуларына көңіл бөлінеді. Мұнда баяндама, реферат, шағын мәліметтер даярлау, түрлі тақырыпта шығарма жұмыстарын жазу, мәтінмен жұмыс түрлері, мәтінді диалогке, керісінше, сұхбатты монологке айналдыру, берілген жағдаятқа қатысты тапсырмалар орындау, сөздікпен жұмыс, түрі өзгертілген тапсырмалармен жұмыс сияқты т.б. амал-тәсілдер кеңінен қамтылады.

ДБІ технологиясы арқылы ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін оқыту болашақ электриктердің өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, қарқынды түрде дамуына жол ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет