Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы



бет3/4
Дата25.12.2021
өлшемі23,14 Kb.
#105471
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция 15-4

Бірізділік

  • Жүйелілік

  • Сабақтастық

  • Тұтастық

  • Шоғырлылық

    Аталған ұстанымдар тиімді жүзеге асырылуы үшін сабақта мынадай талаптарды

    орындаған дұрыс:



    1. Іріленген тапсырмаларды орындау барысында олардың барлық құрама бөліктері бірізділік негізінде жүзеге асырылуы шарт (бір сабақтың шеңберінде).

    2. «Бір мезгілде» оқытуда өзара байланысты мысалдар мен тапсырмаларды орындау кезінде аз уақыт арасында аяқтау қажет.

    3. Берілген тапсырманы орындау барысында студенттің ойы басқа нәрсеге бөлінбегені дұрыс.

    4. Бір мезгілде орындалатын тапсырма үйге немесе ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Тек осындай жағдайда ғана 15-20 минут аралығында операциялар белсенді фазада жүзеге асырылып, жұмыстың табысты болуына себебін тигізеді.

    Өзара бір-бірімен байланысты біртектес білімдерді бір мезгілде қарастыру: біріншіден, білімді бөлшектеп емес, тұтас қабылдауға мүмкіндік береді; екіншіден, терең және сапалы білім меңгеруге жол ашады.

    1.1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т.Қ.Оспановтың жетекшілігімен жазылған математика оқулығы «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» (ДБІ) – математикалық білім технологиясының теориясына негізделіп жасалды.

    2.Оқушының ақыл ойының дамуы, математикалық ой – өрісінің кезеңі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр. Оқушының білім санасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің рөлі зор. Ал оқулықтағы білімнің теориялық жағы бала санасында жетекші орын алып әр есепті өзі талдай білетін, математикалық ой – өрісін жаңа дамыған баланы тәрбиелеу әрбір ұстаздың өз қолында. Әр ұстаз оқушының білім сапалығына аса назар аудару қажет.

    3.Жаңа информациялық технология білім беру саласын дамытуға оқыту құрамы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу процесін даярлауға оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты-ақпараттық білімдік кеңістікті оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру.

    4.Педагогикалық жүйенің деңгейлік әдістері меңгерудің даралап оқытуын талап етуге негізделген. Деңгейлік даралап оқытуды меңгеру кезінде деңгейлік өзіндік және бақылау жұмыстарын, сол деңгейлік жұмыстарға сәйкесінше талаптарды (үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) жетілдіру көзделген.

    5.Үйренушілік деңгей міндетті минимум, ал қалған деңгейлер оқушының дербес талап-сұранысына байланысты лайықты білімді, дағдыны, шеберлікті шындауына мүмкіндік береді. Оқу процесін ұйымдастырудың деңгейлік даралаудың негізі әрбір үйренушіге өзінің динамикалық дамуын, сонымен бірге даму жолының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет