Дидактиканың пайда болып дамуының хронологиялық кестесі.
1592-1670жж
Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады.