АхметБайтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" — деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін "Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында "бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек", - дейді.