Диэлектриктердің физико–механикалық және химиялық қасиеттері
Изоляциялық материалдар таңдау кезінде электрлік қасиеттерімен бірге дымқылдық, жылулық, химиялық, механикалық қасиеттерін, сонымен қатар, диэлектриктің химиялық тұрақтылығын және активтілгін, тропикотұрақтылығы мен радиациялық тұрақтылығын ескеру қажет.
Диэлектриктердің дымқылдық қасиеттері
Дымқылға тұрақтылық – қанығуға өте жақын су буының атмосферасында ораналасқандағы изоляциялық тұтынушылық сенімділігі. Дымқылға тұрақтылық дымқыл және суөткізгіштігімен; дымқыл және сужұтқыштығымен; жоғарғы және жоғарылатылған дымқыл атмосферасында орналасқан материалдың электрлік, механикалық және басқа физикалық қасиеттерінің өзгерісімен анықталады.
Дымқылөткізгіштігі – материалдың екі жағында екі түрлі салыстырмалы дымқыл буы болған жағдайда материалдың дымқыл бу өткізу қабілеттілігі.
Дымқылжұтқыштығы – қанығу күйіне жақын дымқыл атмосферасында ұзақ уақыт бойы болғандағы материалдың суды сіңіру қабілеттілігі.
Сужұтқыштығы – ұзақ уақыт суда болғандағы материалдың суды сіңіру қабілеттілігі.
Тропикотұрақтылығы және құрылғының тропикализациясы – электрлік құрылғыны дымқылдан, көгеруден және кеміргіштерден қорғау.