Синтетикалық сұйық диэлектриктер Синтетикалық сұйық диэлектриктер кейбір қасиеттері бойынша мұнайлық электроизоляциялық майлардан артық болып табылады.
Хлорланған көмірсутектер
Совол – пентахлордифенил С6Н2Сl3 – С6Н3Сl2, дифенил С12Н10 ды хлорлау арқылы алынады.
С6Н5 – С6Н5 + 5Сl2 → С6Н2Сl3 – С6Н3Сl2 + 5НСl
Совол конденсаторға сіңіріледі және құйылады. Мұнайлық майларға қарағанда диэлектрлік өтімділігі жоғарырақ. Соволдың диэлектрлік өтімділігі шамамен 5,0, салыстырмалы электрлік кедергісі 1011 ¸ 1012Ом·м. Совол жоғары салыстырмалы сыйымдылыққа ие және төменгі кернеуде жұмыс істейтін мықты қағаздан жасалған ирадиоконденсаторларда қолданылады. .
Совтол –соволдың трихлорбензолмен қоспасы. Жарылудан қауіпті трансформаторларда пайдаланылады.