Заманауи техника материалдардың химиялық және физикалық қасиеттерін өзгертетін жоғарғы энергиялы корпускулалық және толқындық сәулеленуге ұшырайды. Сәулелендіру кезіндегі материалдардың физико-химиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, электрлік, механикалық және т.б. басқа қасиеттерін сақтап қалу дәрежесі радиациялық шыдамдылық деп аталады.
Сәулеленудің затпен әрекеттесу нәтижесі заттың және сәулеленудің табиғатына байланысты. Сәулелену энергиясының шашырауы иондалу нәтижесінде (ішкі фотоэффект), атомдардың қозуынан, комптон шашырауынан, өте жоғары энергия кезінде ядролық түрлену нәтижесінде пайда болады. Энергияның біраз бөлігі түйінаралық атомдарды жұлуға жұмсалады, яғни, материалдың беттік қабатында құрылымдық дефектілерді, вакансия және түйінаралық атомдарды туындату үшін. Бірақ бөлшектердің орын алмасуының ұзындығы үлкен сәулелену, мысалға нейтрондар болса онда мұндай сәулелену материалдың барлық көлемі бойынша құрылымның өзгеруіне әкеледі.
Сәулелену әсерінен химиялық өзгерулер болуы мүмкін, химиялық байланыстар бұзылуы немесе алмасады, бос радикалдар пайда болады. Осылайша органикалық полимерлерде газ бөліну, екі реттік байланыстың түзілуі және жойылуы, полимеризация, көлденең байланыстардың пайда болуы, вулканизация құбылыстары болады. Химиялық өзгерулер материалдардың физикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі.
Сәлеленуге төзімді материалдар келесі касиетке ие болуы кажет:
Энергияны өлшеусіз ионизациясыз жұту қасиетіне;
Байланыстарды үзбей көбінесе екілік байланыстарды түзе алатын касиетке.
Сәулеленуге ең шыдамды бейорганикалық диэлектриктерге: кварц, слюда, глинозем, цирконий оксиді,бериллий оксидіжәнеәйнектәріздес байланысқа ие слюдалық материалдар жатады. Сәулелену әсерінен салыстырмалы кедергісі мен электрлік беріктілігі кемиді. Сәулеленген бейорганикалық диэлектриктерді жоғарғы температурада күйдірсе олардың алғашқы касиеттерін қайта қалпына келтіру мүмкіншілігі бар.
Полиэтилен, полистирол, синтетикалық және табиғи каучуктергежәне т.б.органикалық поримерлерге радиоактивтілік сәулеленудің әсерін зерттеп келгенде ароматикалық байланыстардың[5]алифатикалық байланыстарға[6] қарағанда радиацияға төзімділігі жоғары болып табылады. Бензолдық сақиналар[7] ешбір деструкциясыз радиоактивті сәулені жұтады деп саналады. Соның нәтижесінде бензолдық сақиналы байланыстардың (полистирол) радиациялық төзімділігі алифатикалық бензолдық сақинасыз полимерлерге (полиэтилен, фторопласт) қарағанда жоғары болады. Радиацияға ең төзімсізі полидиметилсилоксандар[8] болып табылады. Фенилдық топтар[9] полимерлерде радиацияға төзімділікті арттырады.