Жыбыр аритмиясының ұстамасы, оның тұрақты даму түрінде жүрек жетіспеушілігі дамиды. Жүрек тондарының дыбысы қатты шығады. Жүрек ұшында систолалық шу естіледі, тері асты тамырлары кеңейген, терісі жылы және ылғалды. Кейбір науқастардың терісінде витилиго, тері қыртыстарының гиперпигментациясы, есекжем дамиды, ал бас терісінде – аллопеция болады. Тиреоидты гормонның көп бөліну әсерінен жүрек тамырларда өзгерістер болады. Жүрек бұлшық етінде әсері ол көптеген клетка ішілік процестерді бұзады. Тиротоксикалық жүрек синдромы дамиды. ЭКГ-де синусты тахикардия, синусты аритмия, тісшелер вольтажы жоғары, жүрекше-қарынша өткізгіштігінің тез немесе жәй болуы. Т-тісшесінің қосфазалы немесе жоқ болуы, жыбыр аритмиясы болады.