Негізгі тамыр ұшындағы оймақшасының ішкі жағында жатқан клеткаларында крахмал дәндері клетканың астыңғы жағына жиналады. Егер тік өсіп тұрған негізгі жас тамырды қисайтып, жер бетімен жарыстыра қоятын болса, клетканың астыңғы жағында жиналған крахмал дәндері, көлбеп жатқан оймақша клеткаларының астына, төселе жатқан бүйіріне жиналады, яғни тамырдың үш жағынан бүйір жағындағы қабырғасына ауысады. Орын ауыстырған крахмал дәндері протоплазманы тітіркендіре бастайды. Бұл тітіркеніс жас тамырдың мөлдір аймағына орналасқан өсу бөліміне әсер етеді. Соның салдарынан өсіп келе жатқан тамыр ұшы крахмал дәндері жиналған бүйіріне қарай майысады.