Диктанттар (2 сынып)
І. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
1.Күз, күн, тәтті үлкен, бір, үш, төрт, қыз, бөлме, ата, әже, алмұрт, қоңырау, сабақ.
(15 сөз)
2. Білім, мектеп, сынып, оқушы, баға, шулама, дұрыс, жақсы, сұра, кел, ал, екі, үш, тіл, гүл.
(15 сөз)
3. Бүгін – білім күні. Қазір қазақ тілі. Болат тақтаға шықты. Мен дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым.
(19 сөз)
ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
1. Бағдаршам, қара, алма, жер, тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем.
(15 сөз)
2. Қағаз, жаңбыр, бағдаршам, дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс.
(15 сөз)
3. Метепке келдік. Сыныпта отырмыз. Сабақ басталды. Өте жақсы баға алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін.
(16 сөз)
ІІІ. Буынға бөліп жазыңдар.
1. Алма, қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін, жаңбыр, ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын.
(15 сөз)
2. Оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам, қарындаш, қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп.
(15 сөз)
IV. Кім? Не? Деген сұрақтарды сөздің үстіне жазыңдар.
1. Тамақ, нан, қыз, сусын, мұғалім, тұз, май, әже, кесе, шырын, ана, торғай, табақша, дәрігер, құс.
(15 сөз)
2. Тақта, бор, қаз, оқушы, көбелек, кітап, дәптер, іні, әпке, гүл, Айгүл, есік, еден, Айдос, алмұрт.
(15 сөз)
3. Әлия нан сатып алды. Әжем тұшпара пісірді. Атам газет оқыды.Атам мен әжем үшеумiз сусын iштiк. (16 сөз)
V. Жуан, жiңiшке, сөздердi бөлiп жазыңдар.
1.Тыныш, дұрыс, сәлем, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс, же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға.
(15 сөз)
2.Салқын, дәмдi, қызыл, тәттi, сөздiк, әже, қарбыз, сары, ұшты, күз, қыс, жылы, қазақ, солға.
(15 сөз)
3.Оңға, дейiн, керек, сана, сөз, көл, әкел, ұл, әрiп, қорап, қанша, үлкен, орташа, шеше, жаттығу.
(15 сөз)
VI.
1. Мен ерте ояндым. Бетi-қолымды сабынмен жудым. Киiм ауыстырдым. Анама көмектестiм. Атам маған балмұздақ сатып әпердi.
(16 сөз)
2. Кеш болды. Апам кешкi ас дайындады. Ол бауырсақ пiсiрдi. Бiз ас iштiк. Менiң ұйықтағым келдi.
(15 сөз)
Қыс.
Қыс келдi. Кеше суық қар жауды. Мен қармен ойнадым. Шанамен сырғанадым. Менiң досым Еркiн шаңғы тептi.
(16 сөз)
Жаңа жыл.
Жаңа жыл – үлкен мереке. Мерекеге Аяз ата келдi. Мен Жаңа жылға қоян киiмiн киемiн. Жаңа жыл тамаша.
(17 сөз)
1. Бүгiн бiрiншi сабақ – есеп. Мен тақтаға шықтым. Есеп шығардым. Мен есепте қосу мен көбейтудi жаксы бiлемiн.
(16 сөз)
2. Есепте.
Сен тақтада есепте. Екiге екi қосқанда неше болады? Дұрыс. Төрт болады. Жетi алу бiр. Қанша болады? Дұрыс, өте жақсы.
(19 сөз)
3. Қол еңбегi.
Бiз сабақта матадан дөңгелек қидық. Мата қызыл. Мен матаны қайшымен қидым. Қызыл жiппен тiктiм.
(14 сөз)
Сурет.
Сурет сабағы өте қызық өтедi. Бұл сабаққа дәптер, бояу, қылқалам, өшiргiш, қарындаш керек. Мен сабақта түлкiнi салдым.
(17 сөз)
Көктем.
Көктем келдi. Бiз далада қуаласпақ ойнадық. Дене шынықтыруда доп лақтырып та ойнадық. Ауа райы жақсы.
(15 сөз)
Наурыз.
Наурыз жыл басы. Мектепте Наурызға дайындалып жатыр. Наурызда үйлердi, көшелердi тазартады. Қош келдiң, Наурыз мерекесi
(15 сөз)
Жуан, жiңiшке жалғаулар.
1. Ойындар.
Күндер жылы. Ауа таза. Балалар аулада ойнап жүр. Менiң достарым дойбы ойнап отыр. Ойындар бәрi қызық.
(16 сөз)
2. Жаз.
Жаз келдi. Құстар ұшып келдi. Гүлдер, жидектер өсiп тұр. Мен терезелердi аштым, жудым. Жаз айлары өте сұлу.
(17 сөз)
Әншi.
Маржан домбырамен ән айтты. Оның әнi балаларға ұнады. Балалар қол шапалақтады. Маржан иiлiп сәлем жасады.
(15 сөз)
Жазғы каникул.
Оқу жылы аяқталды. Мен үшiншi сыныпқа өттiм. Каникулда мен ауылға барамын. Аулдың қасында теңiз бар. Мен теңiзде шомыламын.
(18 сөз)
Диктантар (3 сынып).
Менiң сыныбым таза, жылы. Бiз сабақта тыныш отырамыз. Қазiр қазақ тiлi сабағы. Мен жолкөз дәптерге жаттығу жазып отырмын. Екiншi сабақ – дүниетану. Сабақ кестесi бойынша қазақ тiлi бiрiншi болады. Бiздiң сыныпта тақта жаңа. Оқушылар қазақ тiлiн ұнатады. Мұғалiм сабақты жақсы түсiндiредi.
(40 сөз)
Тапсырма: *дәптер*, *күнделiкке* сөздердi буынға бөлiңдер.
Күз.
Күз келдi. Күн суыта бастады. Бүгiн үшiншi сыныпта бес сабақ. Мен өзiм қазақ тiлi сабағын ұнатамын. Ал менiң досым Айнұр сурет сабағын ұнатады. Ол күзгi табиғатты жақсы салады. Мен қазақ тiлiнде күз туралы өлең жаттадым. Алтын күздi барлық адамдар сүйедi.
(40 сөз)
Тапсырма: жiңiшке дыбыстардың астын сызыңдар.
Көйлек жуу.
Менiң қуыршағым бар. Оның аты – Айсұлу. Айсұлудың көйлектерi көп. Көйлектерi бәрi әдемi. Бiрақ тез кiрлейдi. Оны жиi жуу керек. Мен кiр жууды анамнан үйрендiм. Айсұлудың ұлттық киiмi де бар. Қуыршағымның шашы ұзын. Мен шашын тараймын, жуамын.
(41 сөз)
Емен.
Емен – мәңгi көгерiп тұратын жасыл ағаш. Оның жапырақтары әдемi. Емен ағашы өте мықты, қатты. Еменнен кеме, вагон, үй жиһаздары жасалады. Емен қабағының дәрiлiк қасиетi бар. Еменнiң жаңғағын шошқа жейдi. Алматы көшелерiнде емен көп өседi.
(34 сөз)
Қазақстанның рәмiздерi.
Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше.Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Жиырма бесiншi қазан – мемлекеттiк мереке.
(32 сөз)
Күз айлары.
Күз тамаша уақыт. Күз айлары – қыркүйек. қазан, қараша. Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды. Жапырақтар сарғайды. Гүлдер солды. Адамдар жылы киiм кидi. Жиi-жиi жаңбыр жауды. Менiң қолшатарым бар. Мен күздi жақсы көремiн.
Тапсырма: қыркүйек, қазан сөздерiне дыбыстық талдау жасаңдар.
(32 сөз)
Кiтап дүкенi.
Алтынсарин көшесiнде кiтап дүкенi бар. Дүкен тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында. Онда оқу құралдары көп. Мен кеше дүкенге бардым. Дүкеннен оқулық, сөздiк сатып алдым.
Сөздiк он бес теңге тұрады. Дәптер алпыс тиын тұрады.
(32 сөз)
Санау.
Адамдар санауды өте ертеде үйренген. Алғашында саусақтарын санайтын. Кейiн он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшiн ұсақ тастар қолданылды. Бiршама уақыт өттi. Адамдар тастарды жiптерге тiзiп қоятын. Кейiн жiптiң орнына таяқша қолданылды. Бұл қазiргi есеп шоттың бiр түрi едi. Техника өстi. Есептер қиындай түстi. Оларды шешу үшiн машина керек. Электронды есептеу машиналар осылай шықты.
(64 сөз)
Сабақта.
Балалар мектепте жиналды. Қоңырау соғылды. Оқушылар сыныпқа кiрдi. Есiк ашылды. Сынып кең, жарық. Оқытушы келдi, сәлемдестi. Үйге берiлген тапсырманы тексердiк. Зарина жауап бердi. Мен да бүгiн баға алдым. Тапсырманы дұрыс орындадым.
(31 сөз)
Петровичтiн еменi.
Қырқыншы жылдың аяғы. Мен оқушымын. Қыс қатты едi. Сол жылғы қыста мектебiмiзге бiр мұғалiм келдi. Ол оқушылармен бiрге ағаш отырғызды. Келесi жылы соғыс басталды. Мұғалiм соғысқа кеттi. Сол отырғызған ағаштардан қалЈғаны – жалғыз емен. Қазiр оны Сергей Петровичтiң еменi деп атайды.
(С.Сарғасовтан)
(40 сөз)
Iшiк.
Iшiк – жылы киiм. Iшiктi аң терiсiнен жасайды. Оның сырты қымбат матамен қапталады. Iшiктi қыстыгүнi күн суытқанда киедi. Ол әрi жеңiл, әрi жылы. Iшiк киген адам суықта тоңбайды. Менiң атамда қасқыр iшiк бар.
Тапсырма: *жасайды*, *тоңбайды* сөздердi буынға бөлiңдер.
(32 сөз)
Менiң Отаным.
Он алтыншы желтоқсан – мереке. Бұл Қазақстанның тәуелсiздiк күнi. Менiң елiм – Қазақстан. Астана – жаңа қала. Алматы – мәдени астанамыз. Мен Астананы да, Алматыны да көрдiм. Астанада Қазақстанның рәмiздерi өте сұлу.
(31 сөз)
Жаңа жыл.
Жаңа жыл өте көңiлдi мереке. Бiздiң мектепте жаңа жылға дайындалып жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша iлдiк. Аяз ата баларға сыйлық әкелдi. Балалар биледi. Қызық ойындар ойнады. Ақшақар маған өте ұнады.
(31 сөз)
Тапсырма: *шырша*, *сыйлық* сөздерiне дыбыстық талдау жасандар.
Сурет.
Қанат сурет салуды жақсы көредi. Оның
альбомында неше түрлi суреттер бар. Әрбiр сурет түстi қарындаштармен, бояумен боялған.Қылқаламы жаңа. Қанат күннiң суретiн салды.Оның астына: “Әрқашан күн сөнбесiн” деп жазды.
(30 сөз)
Әншi.
Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты.Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi.Балалар: “Бұл кiм?” деп таң қалды.Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады. (30 сөз).
Әже.
Менiң әжем бар.Әжемдi өте жақсы көремiн.Ол саған ертегi айтып бередi.Қобыланды, Алпамыс батырлар туралы жырлар айтады.Бүгiн аналар мейрамы.Мен әжеме гүл сыйлаймын
(30 сөз)
Тапсырма: «мейрам» сөзiнiң схемасын жасаңдар.
Ана.
Ана отбасының тiрегi. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анасы бар үй – береке.
Барлық ана бейбiтшiлiктi қалайды. Баласының
бақытты болуын қалайды. Бiз ананы сыйлаймыз,
құрметтеймiз. Аналар бақытты болсын
(27 сөз)
Тапсырма: «аналар» «береке» сөздердi буынға бөлiңдер.
Ауа.
Адам ауамен дем алады. Ауасыз өмiр жоқ. Ауа таза болу керек. Сынып, бөлме ауасын тазартып тґру пайдалы. Ауа таза болса, адамның денсаулығы жақсы болады. Бiз ауа туралы валеология сабағында оқыдық.
(30 сөз) Тапсырма: «ауа» «бiз» сөздерiне фонетикалық талдау жасаңдар.
Ауа райы.
Бүгiн ауа райы суық болды. Серiк ерте
тұрады. Дене шынықтырады. Суық сумен жуынады. Суық сумен жуыну денсаулыққа өте пайдалы. Серiк жеңiл киiм киедi. Күндiз жаңбыр жауған жоқ. Ол қолшатырын үйде қалдырды.
(31 сөз)
Ұя.
Қарлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды. Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды. Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рахмет айтты. Достық – үлкен күш.
(32 сөз)
Наурыз.
Наурыз-жыл басы.Наурызда күн мен түн теңеледi.Қазақ күнпарағы бойынша наурыз-жаңа жыл. Жиырма екiншi наурызда наурызкөже пiсiредi. Қаламызда наурыз тойы жақсы өтедi. Наурыз күнi ауа райы да жақсы болады.
(30 сөз)
Волейбол.
Бүгiн дене шынықтыру сабағы бесiншi сабақ. Мектеп алдындағы кiшкене алаң.Екi бағанға керiлген волейбол торы. Ол биiктеу.Бәрiнiң секiргiсi келедi.Бiрақ доп тордан аспай қалады.Данияр мен Жанар шапшаң қимылдайды.Дене шынықтыру сабағы өте қызықты.
(34 сөз.)
Айна.
Адам өз түрiн айнаға қарап көредi. Айна жүзiң
қандай болса,сондай етiп көрсетедi. Жағаңды айнаға қарап түзесең,шашыңды айнаға қарап тарайсың.Айна шыныдан жасалады. Айна да адамның жақсы көмекшiсi.
(29 сөз)
Көкек.
Көкек шағын құс.Ол «көкек, көкек» деп дыбыстайды.Сондықтан оны көкек дейдi.Ол бiрден артық жұмыртқаламайды. Көкек ұя салмайды. Көкек балапан баспайды. Жұмыртқасын кез келген торғайдың ұясына тастайды.Оны торғай басып шығарады.
(32 сөз.)
Тапсырма: Көкек балапан баспайды.- сөйлемнiң схемасын жасаңдар. Бүркiт.
Бұркiт-қыран құс. Ол қоян, қарсақ және тышқандарды жейдi. Бүркiт кейде ақбөкен мен тауешкiнiң төлдерiн ұстайды. Бұрын қазақтар бүркiтпен аң аулаған.Үйретiлген бүркiт түлкi мен елiктi,қасқыр мен қоянды ұстаған. (31 сөз.)
Жазда.
Жазда бiз түйе фермасында болдық. Фермада түйелердi, олардың боталарын көрдiк. Бiзге әсiресе ақ бота ұнады. Ақ бота өте сүйкiмдi. Ақ ботаға бiз жем, су бердiк.
(28 сөз.)
Достық.
Шоқан әкесiмен Потаниннiң үйiне келдi. Оның Шоқанмен құрдас ұлы бар. Аты -Григорий. Ол Шоқанмен достасып кеттi. Григорий Шоқанға орысша үйреттi. Шоқан арабша сауатты болатын. Шоқанның зеректiгiне Григорий таң қалды.
(29 сөз.)
Диктанттар. (4 сынып.)
Қазақ тiлi сабағы.
Мұғалiм сыныпқа келдi. «Сәлеметсiздер ме, балалар» - дедi. Оқушылар орнынан тұрды, сәлемдестi. Әлия тақтаға шықты.Тақтаға қатесiз жазды. Сөйлемнiң соңында нүкте қойды. Арман мәтiндi оқып, аударды.
Саша оған көмектестi. Бәрiмiз тақтаға назар аудардық.Қазақ тiлi сабағы көңiлдi, қызықты өттi. Әрбiр сөздi бәрiмiз хормен қайталадық.
(43 сөз.)Тапсырма: Кiмдер? деген сұраққа жауап беретiн сөздердiң астын сызыңдар.
Қала.
Бiз қалада тұрамыз.Бiздiң қаламыз сәндi де сәулеттi.Қаланың үйлерi биiк, көшелерi кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Жүрiп жатқан әр түрлi машиналар. Қаламыз өте таза. Мектептiң қасында қаладағы ең үлкен кiтапхана бар. Мен өз қаламды жақсы көремiн. Қаланың тұрғындары өте қонақжай.
(42 сөз.)
Тапсырма; «көшелерi», «үйлерi» «тұрғындары» сөздерiнiң түбiрiн ажыратыңдар.
Кезекшi.
Бүгiн Жанар мен Айнґр сыныпта кезекшi. Олар мектепке басқа балалардан бұрын келдi. Алдымен парталарды реттеп қойды. Жанар терезелердi ашты. Айнұр партаның үстiн, тақтаны дымқыл шүберекпен сүрттi. Бiрiншi сабақ қазақ тiлi. Кезекшiлер әр партаға сөздiктердi дайындады. Сөздiктер сөреде тґрған. Қыздар өз мiндеттерiн ұқыпты орындады.
(43 сөз)
Көбелек.
Күз.Шалғында түрлi гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Мұның мәнi бар. Қарлығаш ұшып келдi. Ол көбелектердi таба алмай қалды. Көбелектер өзiн жаудан осылай қорғайды.
(50 сөз.)
Мектеп бағы.
Биыл бiз жаңа мектепке барамыз. Мектеп ауласы үлкен. Сынып бөлмелерi әрi кең, әрi жарық. Мектебiмiз екi қабатты.Терезелерi биiк. Мектеп баЈына көптеген ағаштар отырғыздық. Гүл алаңын жасадық. Гүл алаңында менiң сүйiктi гүлдерiм өсiп тұр. Бiз әр Үзiлiсте мектеп бағына барып демаламыз.
(40 сөз.)
Астана.
Астана солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. Бiздiң қаладан Астанаға поезд барады. Менiң көкем Астанада оқиды.
(38 сөз.)
Қостанай.
Мен күндидарлы Қостанайда туып-өстiм. Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл толды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және мґражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз.
(38 сөз.)
Тапсырма: «айтты», «көрсеттi» сөздерiн келер шаққа қойып, жазыңдар.
Ақылбек Шаяхмет.
Ақылбек Шаяхметов-Қостанайлық ақын. Бiз мектепте ақынның өлеңдерiн оқимыз. жаттаймыз,аударамыз. Биыл ақынмен кездесу кешiн өткiземiз. Ақылбек Шаяхмет - дарынды ақын. Оқушылар ақынның өлеңдерiн өте жақсы көредi. Мерекелерде ақынның өлеңдерiн жатқа айтамыз.
(39 сөз.)
Менiң атам екеу.
Мен он жастамын. Төртiншi сыныпта оқимын. үздiк оқуға менiң аталарым көмектеседi. Менiң екi атам бар. Бiреуi- әкемнiң әкесi. Екiншiсi-анамның әкесi. Үлкен атам ұзын бойлы, шашы көзi-қап-қара.
Кiшi атам әлi жас, қайратты. Ол орта бойлы,өте сабырлы адам. Мен аталарымның ең жақсы қасиеттерiн алдым.
(46 сөз).
Тапсырма: «шаш», «қара» сөздерiнiң омонимдерiн жазыңдар.
Аға.
Менiң ағамның аты –Жандос. Ағам- жүргiзушi. Жақында Жандос жаңа машина алды. Ағам жиырма жетi жаста.Ол әлi жас. Жандостың достары көп.
» Ағасы бардың жағасы бар»дейдi қазақ мақалы. Мен ағамды жақсы көремiн. Бiз ағалардан үлгi алып өсемiз. Мен де өскенде ағам сияқты боламын.
(42 сөз.)
Менiң бөлмем.
Бiздiң пәтер үш бөлмелi. Ең кiшкентай, жылы бөлме-менiкi. Бөлмемде екi кiлем бар. Бiр кiлем қабырғада iлулi тұр. Оң жақта керует тұр. Сол жақта –шкаф. Бөлменiң ортасында дөңгелек үстел тұр. Бұрышта, шкафтың үстiнде гүлдер тұр. Мен бөлмемдi өзiм жинаймын.
(39 сөз.)
Ине.
Әжемнiң көзi жақсы көрмейдi. Ол инеге жiптi сабақтай алмайды. Инеге жiптi мен сабақтап беремiн. Журнал,газеттердi оқып беремiн. Әжем маған қолғап тоқып бередi. Әжем менi «Сен менiң жарығымсың,көзiмсiң» деп жақсы көредi. Қазiр менiң әжем зейнеткер. Әжем менiң ең бiрiншi ақылшым.
(41сөз.)
Боран.
Айнала тып-тыныш. Жер бетiн тегiс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсiп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.
Екеуi бiрiн-бiрi қуалап, қар лақтырысып келедi. Кенет долы боран басталды. Екеуi мектепке қарай жүгiре жөнелдi. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естiлдi. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгiрдi. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйiне әкелдi.
(59 сөз.)
Қыста.
Қыс келдi. Түн ұзара бастады. Қар қалың жауады.Аяз қатты болды. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар далада қармен ойнады.Қардан ойыншықтар жасады. Бiр топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр. Бәрi жылы киiм киген. Мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.
(40 сөз.)
Мемлекеттiк мереке.
Қазақстан-тәуелсiз мемлекет. Он алтыншы желтоқсан-мереке. Бұл күнi бiз оқымаймыз -демалыс. Мерекелерде жиналыс. Концерттер болады. Мен де концертке қатыстым.Отаным туралы қазақша ән айттым. Маған өз елiмнiң елтаңбасы, жалауы өте ұнайды. Мен Қазақстанның азаматымын. Менiң арманым - 2030 жылы президент болу.
(41 сөз.)
Жамбыл Жабаев.
Жамбыл Жабаев-қазақ халқының ұлы ақыны. Ол жүз жасаған адам. Соның сексен бес жылы ақындықпен өттi. Жамбыл ақынның шығарған өлеңдерi өте көп. Олар дүние жүзiндегi көптеген халықтардың тiлiне аударылды. Сүйiктi ақынның еңбегi өте жоғары бағаланды. Жамбыл өз өлеңдерiн еңбек адамдарына арнаған.
(41 сөз.)
Құрманғазы Сағырбаев.
Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Бiз бастауыш мектептен бастап, сазгердiң күйлерiн тыңдап, тамашалаймыз. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. ұлы сазгер өмiрдi сүйген.
(41 сөз.)
Бiлiп ал.
Бiр жылда он екi ай бар. Жыл төрт мезгiлге бөлiнедi. Әр мезгiл үш айдан құралады. Бiр айда төрт апта,отыз күн болады. Көктемнiң бiрiншi айы-наурыз. Екiншi айы –сәуiр,үшiншi айы-мамыр.Көктемде үлкен мейрамдар бар. Олардың бiрiншiсi-8 наурыз-аналар мейрамы. Екiншiсi –наурыз. Аптада жетi күн бар. Әр күннiң атын бiлiп алыңдар.
(53 сөз.)
Тапсырма; мейрам - сөзiне фонетикалық талдау жасаңдар.
Қазақ тiлi апталығы.
Бiздiң мектепте қазақ тiлi апталығы басталды. Таңертең сынып сағаты болды. Түсте, сағат он екiде бiлiм сайыстары болады. Ертең суреттер көрмесi ұйымдастырылады. Бүгiн сабақтар аз. Мен үйге ерте барамын, суреттерiмдi дайындаймын. Қазақ тiлi апталығы жылда көңiлдi де қызықты өтедi. Мен қазақ тiлiн бiлгiм келедi.
(41 сөз.)
Қойдың пайдасы.
Қой- өте пайдалы мал.Қазiр оның биязы түрi көп өсiрiледi. Жүннен фабрикада түрлi маталар тоқылады. Терiсiнен былғары илейдi. Одан аяқ киiм, тон тiгедi. Қой етiнен көптеген тамақтар даярлайды. Сүтiнен iрiмшiк, май өндiредi. Қазақстанда койды көп өсiредi.
(36 сөз.)
Қияр.
Қияр-көкiнiс. Ол бақшада өсiрiледi. Қияр денсаулыққа пайдалы. Одан салат жасайды. Қиярда ақ ауыз көп. Қиярды тұздап, қысқа сақтауға да болады. Бiздiң бақшада қияр көп өстi. Бiздiң отбасымызда қиярдан жасалған салаттарды өте жақсы көредi. Мен бақша жұмысына көмектесемiн.
(41 сөз.)
Қараторғайлар.
Жер тез кептi. Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт, қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.
(46 сөз.)
Наурыз.
Наурыз Шығыс күнпарағы бойынша -Жаңа жыл. Наурыз-көктемнiң бiрiншi айы. Адамдар наурызды асыға күтедi. Бұл күндерi барлық адамдар сәндi киiмдi киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Жетi тағамнан наурыз көже пiсiредi. үлкен кiсiлер ақ тiлек бередi. Наурыз-менiң ең сүйiктi мерекемнiң бiрi.
(40 сөз.)
Тапсырма:сын есiмнiң астын сызыңдар.
Аққу.
Бұл көлдi «Аққу көлi» деп атапты. Бiз
«Аққу көлiне» жақын келiп тұрдық. Онда аққулар қос-қостан жүзiп жүр. Аққу мойыны ұзын, тiсi аппақ,өте көрiктi, сұлу құс екен. Әне, екi аққу көл бетiнде баяу қалғып жүзiп барады. Аққу-көлдiң көркi.
(47 сөз.)
Тапсырма: «аққу», «көркi» сөздерiне фонетикалық талдау жасаңдар.
Көктем.
Көктем келдi. Құстар туған жерге орала бастады. Кеше бiрiншi рет күн күркiредi. Мен найзағай жарқылдағанын көрмедiм. Далада жер жыртып жатыр. Күн жылынды, көк шықты. Жәндiктерге жан бiтедi. Көктемгi демалыста бiз Астанаға бардық. Қорғалжын қорығында қызыл кiтапқа жазылған құстарды көрдiк. Астанаға да тамаша көктем келiптi.
(44 сөз.)
Орман.
Әсеттiң әкесi-орманшы. Бiз Әсеттiң үйiне бардық. Орманды әкесiмен бiрге араладық. Онда неше түрлi ағаштар өседi екен. Орман ағаштарының басында әдемi құстар ұшып-қонып жүр. Әншi құстар да көп. Неше түрлi зиянды жәндiктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндiктерден қорғау керек.
(41 сөз.)
Табиғатты қорғаңдар.
Табиғат-халық қазынасы. Сондықтан, байлығын пайдаланып, қорғай да бiлуiмiз қажет. Саны сиреп,құрып бара жатқан аң, құстарды,өсiмдiктердi де арнайы кiтапқа тiркеу керек. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» деп айтады. Оның қызыл және сары парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аз аң-құстар, өсiмдiктер жазылады.
(46 сөз.)
Сауысқан.
Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны, қағаздарды, жылтыр шыныларды,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. Сауысқан тоты секiлдi, адамның айтқан сөзiн жаттап алады.
(48 сөз.)
Мәншүк Маметова.
Мәншүк Маметова менiң шәкiртiм едi. Оны екiншi сыныптан бастап оқыттым. Бастапқы кезде Мәншүк орыс тiлiн бiлмейтiн. Бiрақ Мәншүк үйренуден,бiлуден жалықпады. Оның бойында қайтпас талап бар едi. Бұл қасиет оған орыс тiлiн тез үйренуге көмектеседi. Мәншүктiң тағы бiр қасиетi-ұстамдылығы. Алдына қойған мақсатын ол табандылықпен орындайтын.
(З.Байкуловадан.)
(47 сөз.)
Мамыр.
Мамыр-үшiншi ай. Көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады,төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. Мектептерде де мамыр айында соңғы қоңырау соғылады. (46 сөз)