Диктанттар жинағы.4 сынып сынып. Әліппе кезеңі



бет20/21
Дата20.09.2023
өлшемі64,76 Kb.
#181728
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
диктанттар жинағы 1-4 сынып-1

(71 сөз)
Тапсырма:
1) 1-ші сөйлемдегі етістіктерін өткен шаққа ауыстыр
2) соңғы сөйлемнің етістіктерін келер шаққа ауыстыр
Сын есім.
Диктант.
Шахтада.
Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Көкем сыйлаған фонарымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан.
Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Ерсілі – қарсылы ағылып жатыр. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті. Залда мұртты ағай екеуміз қалдық. (94 сөз)
Тапсырма:
1)дара сын есімдерді тауып, астын сыз.
2) соңғы сөйлемді күрделі сын есімі бар сөйлемге айналдыр.
3) мәндес және қарама-қарсы сын есімдердге мысал келтір.
Сан есім
Бақылау диктанты.
Балапандар.
Майтан ағам бізге шұбар тауық, оның артынан ерген үш қара, бір қызыл сары, екі шұбар кішкентай балапандарды берді. Олар бізге бір күннен кейін үйреніп кетті. Шешесі оларды жақсы бақты. Біз балапандарға үлкен нан беріп қойсақ, шешесі оны балапандарына майдалап бөліп береді. Өзі арасында жеп жүреді. Көп күннен кейін шешесі балапандарын тастап кетті. Өйткені балапандары үлкейіп қалған еді. Алтауы бір-бірінен айрылмайды. Егер біреуі адасып қалса, бәрі шырылдай бастайды. Сонда олар бір балапанды қалдырып кеткендерін біліп, әлгі барған жақтарына қарай қанаттарын жайып жүгіре жөнелді.
(83 сөз)
Тапсырма:
1) мәтіннен сан есім және сын есімдерді тауып астын сыз.
2) Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.
Көшіру диктанты.
Үйректі қорыған тауық.
Жадыра жаңадан сатып алған төрт үйректі тауық қораға қамап қойған болатын. Үйректер тауықтармен бірге ұядан сыртқа шығып, үйірден ұзамай, жайылып жүрді. Осы төрт үйректі аяқ астынан қайырып, қоритын қорғаушы табыла кетті. Ол шұбар тауық еді. Қанатын қомдап қойып, үйректердің қасынан бір шықпайды. Ұзап кетсе, үйректерді шоқып – шоқып алдына салып қуып келеді. Ұясынан кіргізіп алып, аузында қанатын қомдап кәдімгідей қоқиланып тұрады. Осы көріністі бірнеше рет тамашалаған Жадыра үйректерді қорыған шұбар тауыққа іштей риза болып жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет