Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы


Мазмұндама Әдебиеттік оқу



бет6/7
Дата07.09.2022
өлшемі31,86 Kb.
#148954
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы

Мазмұндама
Әдебиеттік оқу
4-сынып


Ақ бидай
(ертегі)
Ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Бір жылы қуаңшылық болады. Судың тапшылығынан өсімдік біткен қатты торығады. Басқа өсімдіктер Ақ бидайды алқымға алады. Тамыры мықтылары бидай өсіп тұрған жердің суын тартып алады.
Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай түседі. Ақырында ол өлер халге жетеді. Ақ бидайға садақ асынған адам тап болады.Ол аңшыға мүшкіл халін баяндайды.
Адам білегін сыбанып жіберіп, іске кіріседі. Ақ бидайдың айналасындағы арам шөптерді отайды. Бұлақтан су әкеліп, суарады. Күзге дейін қамқорлығына алады. Күзде бидай піседі. Баданадай дәндерін Адамға тарту етеді. Адам дәнді қыс бойы әрі жылы, әрі құрғақ жерге сақтайды.Көктемде жер жыртып, дәнді егеді. Жаз бойы арам шөбін жұлып күтіп-баптайды.
Күзде бір дорба бидай алады. Келер жылы-бір қап. Бірнеше жылдан кейін-мың қап. Бара-бара адамзат әлденеше миллион қап етіп алатын болады.
Адам мен Ақ бидайдың достығы осылай басталған.


Тірек сөздер мен сөз тіркестері: қатты тарығады, алқымға алады, суын тартып алады, білегін сыбанып, шөпті отайды, дәнді егеді, күтіп баптайды, достығы осылай.


Жоспар:

  1. Қуаңшылық жылындағы бидайдың күйі

  2. Кім құтқарды?

  3. Адамның Ақ бидайды өсіруі

  4. Қорытынды



Жолда
Бұзауымды өріске айдап тастап ,үйге қайтып келе жаттым. Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп,тұра алмадым. Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті. Аяғымды дыбыссыз басып, барып қарасам, жапырақтың арасында бұғып, көзі жылт-жылт етіп, бүрісіп жатыр.Бұл менен жасырынған түрі. Шыбын жанын қоярға жер таба алмай дір-дір етіп, ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті. Таптап тастамақ болып көтере берген аяғымды тартып алдым да, бұрылып жүре бердім. Кетіп бара жатып,артыма қарасам, тышқанның баласы да жасырынған жерінен шығып, әрі қарай жорғалап барады екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет