Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы



бет4/7
Дата07.09.2022
өлшемі31,86 Kb.
#148954
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы
ист каз 5 сынып, алфавит музыка (1), 2019-2020-zhyldy-zhospar, Бастауыш бірлестік жетекшілеріне жоспардың жасалу үлгісі, Ресми стиль — Уикипедия, көлдер тізімі ауданымен суретимен
Тапсырма:

  1. Біздің сөзіне сұрақ қой.

  2. Сан есімді тап.

  3. Шекара сөзін септеп жаз.



Ақсақ торғай (тақырыптық )
Ақсақ торғай баланың сөзін түсінгендей аспандай ұшып барып, бір топ торғайларға қосылды да, көзден ғайып болды. Бірақ күнде түс мезгілінде торғайларынан бөлініп, терезенің алдына ұшып келіп, өзіне арнап шашқан жемдерін жеп кетіп жүрді.
Күз болып, суық түсті. Қыс ызғары байқалды. Қара торғайлар жылдағы әдетінше жылы жаққа кетіп жатты. Бір күні таңертең ақсақ торғай күндегі дағдысынша терезе алдына ұщып келді де, тамағын жеді. Айналсоқтап кетпей, көп отырды. Терезені тұмсығымен тырсылдатып, мұңайғандай болып, ұша жөнелді. (71 сөз)


Тапсырма:

  1. Торғай сөзіне фонетикалық талдау жаса.

  2. Екінші сөйлемнен есімдіктің астын сыз.

  3. Соңғы сөйлемдегі күрделі етістіктің астын сыз.

Көкпар (тақырыптық )
Біздің ауылдың жайлауы таудың үстінде. Тау жоталары түйе көшіне ұқсайды. Мұнда биік шатқалдар мен жартастар көп. Малшылар бір-біріне таяу орналасады. Ауылда той да болып тұрады. Сондай тойлардың бірінде көкпар тартылды.
Атқа мінген жігіттер лезде дайын болды. Көкпар қызығын көру үшін ел түгел жиналды.
Жайлау жазық емес, сондықтан аттап басқан сайын өрге шығу керек. Көкпаршылар ат үстінде күш сынасып, көкпарға берілген серкені тартысып жүр. Серкені біреуі жұлып алып, өңгере қашты. Басқалары оны қуып, қайтадан тартыс басталды.


Тапсырма:

  1. Шылауларды теріп жаз.

  2. Үстеулердің астын сыз.

  3. Соңғы сөйлемдегі сөздерді сөз табына талда.


«Құралайдың салқыны» (бақылау диктанты)
Мамыражай жайнаған мамыр айы болатын. Күннің көзін табан астында бұлт шала бастады. Көп ұзамай күн күркіреп, найзағай ойнады. Бұл «Құралайдың салқыны» еді. Осы ұғымның терең сыры бар екен. Киіктер жаңадан төлдеген кезде лақтары ұйықтап қалатын көрінеді. Енді сол лақтарды шошытып оятатын, өз аяқтарымен тұрып, жедел тіршілікке ілесіп кетуі үшін Алла – Тағала үркітетіндей табиғат құбылысын болдырған. Мұндай құбылыс, әрине лезде тоқтамайды. Ол кемінде бір аптаға дейін созылатын көрінеді.
Табиғатта әлі де жұмбақ, әлі де құпия қаншама сыр жатыр? (76 сөз)


Тапсырма:

  1. Құралай сөзіне фонетикалық талдау жаса.

  2. Шылаулардың астын сыз.

  3. Барыс септігінде тұрған зат есімдерді теріп жаз





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет