Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет3/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Академиялық жазылым - эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы,

магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы.




Академиялық жазылым - жеке ойлар мен идеяларды білдіру және

оны негіздей білу әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы.




Академиялық жазылым - бұл ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу

тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы.




Академиялық жазылым дағдысын білу - академиялық ортада табысты болудың негізі.


Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біріншіден, осы дағдылар кешенін қазақстандық мамандар әлі де терең меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық жазылым сауаттылығы сол мамандарда белгілі бір қиындықтар тудырады, айталық мемлекеттік қызметкерлер Қазтест бойынша жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген маманның немесе басшының кәсіби жетістігін анықтайды.

Гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, академиялық кәсіби оқылымды, академиялық жазылым мен ауызша таныстырылым дағдыларын меңгерту оқу құралының негізгі мақсаты болып табылады. Осы тұрғыда оқу құралының міндеттеріне академиялық жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту (ғылыми- кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу, ғылыми мәтіннің стилін меңгеру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, тақырып таңдау, жұмыстың құрылымын дұрыс құру); сілтеме мен дәйектемелерді дұрыс қолдану, теориялық әдебиетпен, анықтамалықпен жұмыс істеуді үйрету, зерттеу нысанын талдау мен әдісін таңдай білуге үйрету, студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен байыту; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру; өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға үйрету, студенттің танымы мен тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту жатады.


Академиялықжазылымныңмазмұндаустилі, академиялықлексиканы пайдалану, берілген тақырыпқа немесе мәселеге бағытталу сияқты өзіне тән сипаты бар екендігі белгілі. Академиялық тілдің басты ерекшелігі - оның лексикалық қорының мол болуында. Мәтінді сауатты құрастыра



7


алмау қазақ бөлімінде оқитын барлық студентке тән сипат болып келеді, осыған байланысты оқытушыныңалдында студентте кемшін түсіп жатқан дағдыны қалыптастырып, олардың академиялық контексте қолдана алуына көмектесу міндеті болуы керек. Академиялық жазылымды терең меңгеруге қажетті негізгі дағдылар



  1. зерттеу жүргізу дағдылары - ізенушінің ізденуге қабілеттілігі, белгілі ғылыми дереккөздерді тауып оқи білуі;

  2. конспектілеу дағдылары - тұтас мәтінді көшіре салмай, басты ақпаратгы бөліп алып көшіре білуі;




    • өз-өзіне бақылау жасау - мақала жазуға және оны редакциялауға қажетті уақытты тиімді бөле білу қабілеті;




    • болашақ мәтінінің жоспарын құрып, алғашқы нұсқасын жазу;




    • аяқталған мәтінге редакторлық түзетулер жасай алу. «Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық

негіздері» оқу құралының мазмұнын игеру нәтижесінде төмендегідей




құзыреттер қал ы птасады:

ғылыми-кәсіби мәтіндердіңқұрылымын, аңдатпаның, конспектінің, рефераттың, дербес ғылыми шығарманың мәтінін біледі;


курсты оқып біткеннен кейін зерттеуші аңдатпа, абстракт, пікір, ғылыми мақала тезисін жаза алады;


кәсіби бағдарланған қатысым салаларында жазылған ғылыми-кәсіби сипаттағы мәтіндерді талқылай алады;


өзі жазған ғылыми жоба нәтижелерін ауызша және жазбаша сауатты түрде таныстыра алады;


кәсіби оқылым мен академиялық жазылым дағдыларын қалыптастырады.



8


1-тақырып. ҒЫЛЫМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Ғылым» деп адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы қызметініңтүрін айтамыз. Білімніңбәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім кәдімгі қарапайым білімді теріске шығармайды, олардың екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет