Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет38/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

3.4 Жұмысты редакциялаудың қажеттігі
Зерттеу жұмысын жазуға қаншама мықты дайындықпен келсеңіз де, еңбекті аса үлкен шабытпен жазсаңыз да, бірден ойдағыдай мәтін шыға салмайды. Ешкім де бір жазғанда бірден мүлтіксіз


——о мәтін құрастыра алмайды. Зерттеушілердің барлығы да мәтінді бірнеше рет редакциялаудан қашып құтылмайды. Дайын мәтінді редакциялауға қанша уақыт жұмсау керек, мәтінді басынан аяғына дейін
неше қайталап қарау керек? Бұл сұраққа белгілі жауап жоқ, дегенмен неғұрлым көбірек болса, соғұрлым жақсы. Сіздің мәтініңіз мазмұндық жағынан тамаша құрылғанымен, формасы жағынан кемшіліктер міндетті түрде болады. Есіңізде сақтаңыз: бірнеше рет редакциялаудан өткізу (авторлық та, кәсіби мамандардың да) дайын мәтінмен жұмыстың басты қағидаты болып табылады.

Алдымен, мәтіннің мазмұндық жағына аса мән беріңіз, кейін әдеби формаларды дұрыстаңыз, соңынан жазу стилін әсемдеңіз. Редакциялау жұмысында ұсақ-түйек деген ұғым болмауы тиіс. Кез келген грамматикалық, стильдік, ресімдеу ісіндегі қателік көзге ұрып, көрініп тұрады. Редакциялау кезінде артық сөзді, сөйлемді, абзацты, тұтастай тараушаларды алып тастауға, орындарын ауыстыруға тура келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет