Дина5вд б. Б., Сапина с. М. Академиялық сауаттылықТЫҢ теориялық ЖӘне практикалық негіздері оқУ ҚҰралы



бет111/177
Дата08.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#118487
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   177
Байланысты:
Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері-оқу-құралы-Динаева.Б.Б-Сапина-С.М

Конспектілеу алгоритмі



  • Материалға көз жүгірте қарап, онда не жазылғандығын түсіну. Мысалы, кейбір оқулықтарда материалдың жоспары мен негізгі терминдері бар глоссарий, сызба т.б. болады. Бұл сіздің міндетіңізді айтарлықтай жеңілдетеді.

  • Негізгі мәселеден қосымша мәселені ажырата отырып, мәтінді оқу және оған талдау жасай алу керек. Ақпарат белгілі бір тәртіпте орналасқан бөліктерге бөлінеді.

  • Мәтінде (тезисте) жазылған негізгі ойды бөле білу.




  • Конспектілеу техникасын ескере отырып, конспектілеуді бастау. Материалды конспектілеу кезінде төмендегідей негізгі ережелерді

есте ұстаған жөн:


Конспектіде міндетті түрде жекелеген бөліктері бөлініп көрсетіледі. * Тақырыптарды, тақырыпшаларды, тұжырымдарды бөлу қажет, бір тақырыптан екінші тақырыпты жеке қою қажет. Бөлуді басқа түспен сызу арқылы көрсетуге болады (тек мәтінді алабажақ суретке айналдыруға болмайды). Абзацтар мен жоспардыңтармақтарын, бір ойдан екінші ойды бөлу үшін бос орын қалдыру, нөмірлеуді белгілеу үшін шегіністер (отступ)



104


жасау ұсынылады. Егер мәтіндегі анықтамаларды, формулаларды, ережелер мен заңдарды ерекшелеп көрсету үшін оларды қоршап қоюға болады.

Жазбаларды қабылданған шартты таңбаларды қолдану арқылы жүргізугеболады. Материалды конспектілепотырып, әртүрлітаңбаларды, қысқартуларды қолдану міндетті түрде қажет. Мұндай таңбалар көрсетуші немесе бағыттаушы белгілер, сұрақ белгісі мен леп белгісі, Р8 (постскриптум, кейін жазылатын сөздер немесе мәтін) белгісі және ЫВ (назар аударыңыз) белгісі болуы мүмкін. Мысалы, «демек, сондықтан» сөздерін => математикалық таңбасымен белгілей аласыз. Өзіңіздің жеке таңбалық қорыңыз қалыптасқан кезде материалды конспектілеу тіпті оңайға түседі, кейін оны оқу тез әрі жеңіл болады. Сөздерді жазғанда қысқарта беру кейін оны оқыған кезде сізге қиындық келтірмеуі тиіс екенін есіңізден шығармаңыз. Не жазғаныңызды түсінбей, таңбалардың мағынасын ашуға уақыт жоғалтпас үшін қалыптасқан қысқартуларды қолданыңыз. Дұрысы, жеке өзіңіздің қысқартулар жүйесін әзірлеңіз және ол қысқартуларды барлық жазбаларыңызда сол сөздерге қатысты бірдей қолданыңыз. Мысалы, үлкен әріппен






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет