Тақырыптық конспект. Ақпаратты бұлайша жазу тәсілінің басқа онспект түрлерінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Оның мәнісі қандай да бір мәселені жазғанда бір ғана дереккөз емес, бірнеше дереккөз қолданылатындығында болып отыр. Конспект тақырыпты ашатын болғандықтан, бірнеше дереккөз негізінде құрылады. Мұндай конспектіні жасау біраз еңбектенуді талап етеді. Тақырыптық конспект берілген тақырыпты талдауға, қойылған мәселені ашуға және сол мәселені жан-жақты оқуға басқаларынан гөрі жақсы көмектеседі. Дегенмен толыққанды конспект жазу үшін қаншама әдебиет қарауға тура келетініне дайын болыңыз, тек сонда ғана сіздің баяндауыңыз тыңдаушының құлағына жетеді.
юз
Еркін конспект. Мұнда конспектінің бірнеше түрі аралас болады. Еркін конспект материалдармен жұмыс істеудің бірден бірнеше тәсілін пайдаланатындарға арналған. Онда үзінділер, дәйексөздер, жоспар, көптеген тезис түрлері жазылуы мүмкін. Сіздің өз ойыңызды қысқа әрі нұсқа бере білу, жоспармен, автордың дәйексөздерімен жұмыс істеу дағдыларыңыз қажет болады. Ақпараттарды осылайша жазу жан-жақгы әрі толық қамтылған мәлімет беру деп есептеледі.