Діни-ағартушы ақын-жазушылар Орындаған: Жағыбарова. М топ: фи-311 Тексерген: Қанапияқызы. А



Дата19.09.2024
өлшемі378,6 Kb.
#204682
Байланысты:
stud.kz-17978

Діни-ағартушы ақын-жазушылар

Орындаған: Жағыбарова.М

Топ:ФИ-311

Тексерген: Қанапияқызы.А.

Бағыттың басты сипаты


Бұл бағыттағы ақын-жазушылар негізінен діни бөлім алып, шығыстық өркениетті мұрат тұтөандықтан замана сыры, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сол көзқарас тұрғысынан қарайды.Шығармашылық тұрғыдан алғанда бұл бағыттағы ақындар өздері нәр алған шығыстың озық үлгілі әдебиетінен үйреніп қана қоймай,шығыс шайырларының көрнекті шығармаларының бірсыырасын қазақ тіліне аударды.
Діни-ағартушы бағытта шығармашылық мүмкіндіктері әртүрлі ақындар еңбек етті.Бірақшығармасының мазмұны,түрі әрқилы,идеялық көзқарастары сан алуан, шеберлік деңгейі түрліше болғанымен, бұл бағыттағы ақындарға тән бірнеше басты белгілер бар.
Бірінші белгісі- бұлар- діни мектептерде оқып мұсылманша білім алған ақын-жазушылар.
Екіншіден,бұлар-шығыс әдебиетін,оның түрлі әдеби мектептерін жетік біліп,көркемдік тәсілдерін өз бойына үйір етип,өз шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынғандар.
Үшінщіден,олар қаршайынан діни тақырыптағы шығармаларды,ертегі- аңыздарды, қисса-дастандарды жаттап,ондағы кейіпкерлерге еліктеп, сондағы өсиет-өнегеге қанып өскендер.
Төртінщіден,бұлардың көпшілігі ірі медіреселерде білім алып, Ташкент,Бұқара,Қазан,Стамбул сияқты діни орталықтарда болып,ислами әдебиеттің классикалық үлгілерімен танысып діни ілімнің қыр-сырын жетікменгергендер.

Шәді Жәңгіров (1855-1933)

Шәді Жәңгіров (1855-1933)

. Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ өңірінде туып-өскен.Шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап,идеясы мен мазмұны тұрғысынан жаңа төл туынды жасаған ақын.Сол саладвңы шығармалары: “Қисса қырық уәзір”(1911), “Назым Шәһир дәуірім”(1913) т.бАқын неге екні белгісіз күнделікті өмірді қоғам жайын аз жырлап,өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікт,ізгілікті насихаттайтын шығармаларды басымдау жазған.Оның діни-ағартушы екендігі шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарының мол болуынан көрніс табады.Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақын төл өлеңдерінде ел билеген әкімдерді,кейбір байларға тін дүниеқоңыздықты,еркін сынап отырады.Оның: “Бөрбас байға”, “ Отыншы байға”, “Бір молдаға” т.б өлеңдерінде өмір шындығы реалистік түрде көрсетілген

Нұржан наушабаев (1859-1919)

Қостанай облысында туып өскен. Діни ағартушы ақын.Ол – діни мектепте оқыған,дінге деген өзіндік танымы бар ,бұл тақырыпты шығармашылығының негізгі өзегіне айналдырған жыр ақын.Әр заманның өзіне лайық,өзгеден ойы озық,өресі биік дара тұлғаларының болғаны тарихтан белгілі.Міне ,өзі өмір сүрген кезендегі теңсіздікке,әділетсіздікке қарсы ақындық үн көтеріп,өзіндік көркем туындыларына өзек еткенсондай ақындардын бірі.Нұржан – заманында ит жүгіртіп,құс салған,жүйрік баптап бәйгеге қосқан,термелетіп жыр төккен.Бір бойына осындай алуан өнерді тоғыстырған,өз заманның өнерпазы.Шығармашылығын алғаш зерттеп,ғылыми пікір айтқан С.Мұқанов,Е.Ысмайылов,Б.Кенжебаевтар болса, Ә.Дербесалин, Ш.Сәтбаева. Сынды ғалымдар оны кеңейтті.Б.Кенжебаев Нұржанның әдеби мұрасын басқа да ағартушы ақындармен салыстыра келип: “ Нұржанның бір өзгешелігі – олөлеңдернің көбін бұрынғы араб,парсы,шағатай ақындарның үлгі-стилінде жазады. Парсы,ескі кітаби сөздерді,діни арабша сөздерді көп қолданады.”,- деп оның бір ерекшелігін осы тұрғыдан айқындай түседі. Кезінде Нұржан ақынға әлеуметтік мәселелерді жырлауға бағыт, кеңес берген Ыбырай Алтынсарин.Ақын өз заманның көкейкесті мәселеріне белсене араласып,насихат өлеңдер жазып, әлеуметтік жағдайды сөз етіп, өзінше түсіндіреді.Ақын шығармашылығындағы ислам-ерекше әрі өзгеше дүние.Ол діннің барлық ізгі мұраттарын талдап,өзнің зерде сүзгісінен өткізіп, жалпы азаматтық құндылықтарды уағыздайды.


Назарларынызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет