Діни сауаттылық қоғам дамуының негізі Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата25.12.2021
өлшемі18,59 Kb.
#105456
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Діни сауаттылық қоғам дамуының негізі


Діни сауаттылық қоғам дамуының негізі

Сабақтың мақсаты: Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу;
Көрнекілігі: компьютерлік
Жүргізуші:  Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырады.  Дін — аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді. Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ. Дүние жүзіндегі діндердің таралуы жайлы мына мәліметтерге сүйенсек, христиан дінінен соң келе жатқан ислам діні екенін көреміз (слайдтар арқылы) . Яғни бүгінгі әңгімеміздің негізгі тақырыбы осы ислам дінінің төңірегінде болмақ.
Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөлігіне таралған:д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Енді осы дін жайлы біздің оқушыларымыз не біледі екен, соны тыңдайық:
1. «Ислам » сөзі араб тілінде «бейбітшілік», «тыныштық» сөзімен түбірлес.
2. Аллаһ бұл дінді адамдарға ақиқат, тыныштық, игілік, жарылқану жолын көрсету үшін жіберген.
3. Ислам — бейбітшілік пен береке-бірлік діні.
4. Аллаһ қасиетті Құранда мұсылмандарға адамдарға жақсылық жасауға, әділ болуға әмір етеді.
Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір — азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса — адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі). Аїимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. “Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу — өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады” деді. Мұны “шуньявади” (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. — б.з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды[3].
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде ‘anointed’ — орыс тілі ‘помазанный’ — қазақша ‘басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу’) — Христиан дінінде Иисус Христос (Иисус помазанный) мессияға теңеліп (қара Иса), құдайға баланды. Христиан дінінің қалыптасуына Сенеканың ілімі де әсер етті. Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн); 2) апостолдардың арнаулы хаттары; 3) Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар; 4) ақыр заман туралы өсиет. Христиан дінінің 3 тармағы: проваславие, католицизм, протестанттық.
Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кей­піне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады. Қазіргі уақытта православиеде 15 автокефаль шіркеуі бар: Албан, Александрия, Америка, Антиохия, Болгар, Грузин, Иерусалим, Кипр, Константинополь, Польша, Румын, Орыс, Серб, Чехословак, Эллада және 4 автономдық: Крит, Синай, Фин­ляндия, Жапондық шіркеулер православиелік діндарларға қызмет етуде.

Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес. Соңғы 100 жыл ішінде католиктер саны 4 есе артты. Католицизмді шамамен 200 мың қауымға біріккен 1 миллиардтан астам сенушілер уағыздайды, оларда шамамен 560 мың священник жұмыс істейді.
Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды[4].
Исла́м (араб.: إسلام‎ [ʔɪsˈlæːm]) — монотеистік, ханиф — Ибраһим пайғамбардың діні. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһның заңдарына) «мойынсыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында ислам — толық мойынсыну, Аллаһның алдында парыздарды орындау, одан басқа Құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Құран Кәрім — классикалық араб тілінде жазылған. Исламдық көзқарас бойынша Аллаһның Діні және пайғамбарлардан жеткен Кітаптар өзгеріске түскен. Осы себепті әрдайым адамзат баласын тура жолға салу үшін Аллаһ әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим-Авраам, Мұса-Моисей, Иса-Иисуст.б. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар ол Мұхаммед (с.а.с.).
Исламдағы бөлімдер: Сунниттер яғни Аһл ас-Cунна (араб.: سنة‎ — “Сүннетті ұстанушылар”) — Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сунна — шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің (с.а.с) іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи, ибн Маджи) және төрт мазһабтың (ағымның) біріне тиістілігі (мәликашылар, ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде өмір сүреді. Қазақ халқы да Суннаны мойындаушыларға, яғни аһл ас-Суннаға жатады және ханифшылар ілімін ұстанады.
Суфизм (сопылық) — исламдағы «құпия» ағым, классикалық араб-мұсылмандық пәлсапасының негізгі жолдарының бірі. Бұл жол рухты бөгде кері әсерлерден (нәпсі) алшақ болуды және өзіне жақсы жақтарды тарта білуді үйретеді.
Шиизм — Ұстанушылары тек қана Құранды мойындап, сүннет амалдарының көп ережелерін терістейтін, мұсылмандардың заңды басшылары имамдар деп есептеп, сүннеттік халифтерді мойындамайтын Исламдағы екі негізгі бағыттың бірі. Шииттер әлемдегі бүкіл мұсылман қауымының он пайызға жуығын құрайды. Исламның бұл бағытын Иранның түгеліне жуығы,Ирактың жартысынан көбісі, Әзірбайжан, Ливан, Йемен және Бахрейн мұсылмандарының елеулі бөлігі ұстанады. Қазақстанда шииттікті әзірбайжан ұлт өкілдерінің өте аз бөлігі ұстайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет