1.1. Жазу сабақтарының мақсаты, қойылатын талаптар, олардың сипаты
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты- балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады.Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады.
Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады.Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең - идеографикалық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген.
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.Жазудың құралына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика -дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы.Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға (1.Рахметова С Қазақ тілін оқыту методикасы. А. 1991) келтірілген ережесін сақтап жазу.
Алфавит пен графиканы меңгеру- оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасу мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таныммүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежегекөтере береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңайюы, қуанышы, реніші т.б.с.с. бәрі сол арқылы жеткізіледі; жазутілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді т.с.с.
Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.
Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал кейін әріп бөліктерін ас күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жаз қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде-ақ дағдыланады деудің жөні жоқ.Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет- сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.), оны дұрыс қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді.
Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі.Осылайша, орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі- морфологиялық принцип1, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас – шы, башшы емес), сөз шекарасында (боз құнан, бозғұнан емес) біреккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай емес) сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс-әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Лелинград, клуб, педагог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.
Қазақ тілінде фонетикалық принципке сүйеніп,естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген, біріккен 1. Рахметова С Қазақ тілін оқыту методикасы, А, 1991 сөздер дәстүрлі принциппен, естілуінше жазылады:қыстыгүні, ашудас т.б. Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бірсаласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді1.
Бұл жұмыстардың мақсаты - балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:
1.Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болуы.
2.Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы.
3.Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элеметтерінің, сондай-ақ қисы түзу сызықтан құралатын әріп элементтерінің бір- біріменкілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырапбарып, жіңішкеріпжалғастырылуы.
4.Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы.
5. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету.Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады.
Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бырыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың көргішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3см қашық ұстап түзу отыру керек.
Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дәптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, бірте-бірте сәл алыстағыны көре алмайтын болады. Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін
- 1. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері А, 1997.
болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түскен сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын.Әйтпесе басты оңға я солға қисату немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді.
Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтандыру керек. Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйретеді1.
Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс. Материалдың тәртіппен өтіліп азуға берілетінін алдын ала таңдылады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі.
Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі:
1.Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады.
2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, әріп элементтерін, сөзді, фразаны тақтаға жазады,
1. Әуелбеков Ш. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы, А 1997.
оқушылар мұғалімнің олының қалай қимылдау жайын қарап, бақылап отырады.
3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан-ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кіріседі.
4. Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процессін бақылайды.
5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфографиялық танымның әсіресе алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады. Олар сан алуан сөздер мен олардың формаларыныңәсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесінежетеді. Бірақ неге олай жазғанын әлі айтып бере алмайды. Мұндайқұбылысты орфографиялық сезім деп те атап жүр.Кейінірек грамматикалық білімалғанда мұндай орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады.
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізу, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды танытады, сөздердің мағыналарын түсініп, ережелердіүйрену басым болады. Ал орыс тілінен енген (армия, октябрят, монтер, шофер, т.б.сөздердің (карындаш, картоп, шәйнек т.б.) жазылуын оқушылар есте ұстап, ол сөздерді сөздіктен қарап, тауып жазуға үйренеді немесе жаттығу арқылы бірте-бірте дұрыс жаза алатын болады.
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары
1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің,
1. Жинкин Н.И. Развитие письменной речи учащихся 3-4 сыныпов. М, 1995.
сөйлемінің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.
2. Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдайжасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін аудар, т.б.
Жіберілген қателермен жұмыс жасау: жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз осыған ұқсас мысал ойлан, т.б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулау.
3. Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, "неге?" сұрағын көбірек қою.
4. Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.
5.Грамматикалық жаттығуларды сөздік- орфографиялық жаттығулармен кезектестіру.
Орфографиялық дағдығатөселуіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді. Мысалы, алғашқы кезде бала ережеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды. Оқушы жазуға дағдыланға кезде оған ереженің мүлде қажетбола қоймайды.
Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.
Достарыңызбен бөлісу: |