37
мәдениетіне қатысты ақпараттар беріліп, ата-аналардың балаға деген қатынасы,
ұстанымы жаңа бейнеге көшеді. Ал,
психологиялық-педагогикалық
әдебиеттермен танысуда ата-аналарға арнайы дайындалған оқулықтардың
библиографиялық тізімі ұсынылады. Негізінен әдебиеттер отбасы тәрбиесіне,
отбасы өміріне, ол жердегі келіспеушілік жағдайлар төңіреғінде болады. Ата-
ана өзі тандап алған әдебиетті тауып алып, оқып шығып, талдау жасап, ол
бойынша өз ойын ортаға салады. Біз ұсынып отырған бұл шаралар - бала
тәрбиесі, соның ішінде ата-ана мен баланың қарым-қатынас мәдениетін
барынша жетілдіруге, оған шығармашылықпен келе білуге бағытталады.
Осы шаралар барысында әр ата-анаға баламен қарым-қатынас ұйымдастыруда
пайдалана алатын арнайы ережелер беріледі. Келесі 5 суретте ата-аналарға
арналған баламен дұрыс қарым-қатынас ұйымдастырудың ережелерін ұсынып
отырмыз.
5 – сурет. Балалармен қарым-қатынас ұйымдастырудағы ата-аналара
арналған ережелер
Теориялық зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, өзіміз қарым-қатынас
мәдениетіне берген анықтамамызбен оның компоненттеріне сәйкес ата-
аналардың балалармен сауатты қарым-қатынасын ұйымдастырудың кешенді
жолдарын, біз келесі 6 суретте сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың
құрылымдық үлгісін беріп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: