Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы



Pdf көрінісі
бет2/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован

Тараулар, бөлімдер 

атауы №  

Ғылыми 

жетекші, 

кеңесші  

Тапсырман

ы алған 

мерзімі 

Тапсыр

ма 

берілді  

(қолы) 

Тапсыр

ма 

қабылд

анды 

(қолы)  

Кіріспе 


п.ғ.к., 

Елекеева А.Б 

8.11.2019ж. 

 

 



1. Отбасындағы 

балалардың сөйлеу 

мәдениетін 

қалыптастыруда қарым-

қатынастың 

психологиялық-

педагогикалық 

негіздері  

п.ғ.к., 

Елекеева А.Б 

19.11.2019ж

 



 

1.1 Мектеп жасына 

дейінгі баланың 

отбасындағы сөйлеу 

мәдениетін 

қалыптастыруда қарым-

қатынастың 

ерекшеліктері  

п.ғ.к., 

Елекеева А.Б 

10.12.2019ж

 



 

1.2 Отбасындағы 

мектеп жасына дейінгі 

баланың қарым-

қатынас ерекшеліктері 

негізінде сөйлеу 

мәдениетін 

қалыптастыру жолдары 

п.ғ.к., 

Елекеева А.Б 

28.12.2019ж

 



 

2. Баладағы сөйлеу 

мәдениетін 

қалыптастырудың 

әдістемесі 

п.ғ.к., 


Елекеева А.Б 

13.03.2020ж

 

 



2.1 Ата-ана мен бала 

арасындағы карым-

қатынас негізінде 

сөйлеу мәдениетін 

қалыптастырудың  

бағыттары 

п.ғ.к., 

Елекеева А.Б 

10.04.2020 

 

 



2.2 Мектеп жасына 

дейінгі баладағы мінез-

п.ғ.к., 

Елекеева А.Б 

18.04.2020 

 

 




 

құлық түрлерін 



түзетудің  әдістер

 

Қорытынды 



п.ғ.к., 

Елекеева А.Б 

28.04.2020 

 

 



Пайдаланылған 

әдебиеттер тізімі 

п.ғ.к., 

Елекеева А.Б 

28.04.2020 

 

 



 

 

8.Диплом жұмысын (жоба) орындау кестесі 





   

Жұмыс кезеңдері  

Жұмыс кезеңдерінің 

орындалу мерзімі 

Ескерту  

1  Диплом жұмысының 

тақырыбын бекіту  

Қараша, 2019 

 

2  Диплом жұмысын дайындау 



үшін материалдар жинақтау 

Қараша, 2019 

 

3  Диплом жұмысының 



теориялық бөлімін 

дайындау (тарау 1) 

Желтоқсан,  2019 

Практика кеткенше  

4  Диплом жұмысының 

аналитикалық  бөлімін 

дайындау (тарау 2) 

Қаңтар, 2020 

Практика кезінде 

5  Диплом жұмысының толық 

мәтінінің қолжазба 

нұсқасын аяқтау   

Ақпан, 2020 

Практика аяқталған 

сон бірінші аптада  

6  Диплом жұмысын алдын ала 

қорғауға ұсыну  

Наурыз, 2020

 

Шолу лекциялары 



(кеңес) кезінде 

7  Диплом жұмысын сын 

пікірге ұсыну  

Сәуір,  2020

 

 

8  Диплом жұмысының 



аяқталған нұсқасын ғылыми 

жетекшінің пікірі және сын 

пікірімен бірге ұсыну  

Сәуір,  2020

 

 

9  Диплом жұмысын қорғау  



Мамыр,  2020 

МАК кестесіне 

сәйкес  

 

 



Тапсырманың берілген күні «        » _____2020ж. 

 

Ғылыми жетекшісі:                                            п.ғ.к., Елекеева А.Б 



 

Тапсырманы орындаған  студент:                     Ашықбаева М.Б. 



 

 

 



 

 



МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ........................................................................................................ 

 

1 ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН 



ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ................. 

 

 

 



1.1  Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  отбасындағы  сөйлеу  мәдениетін 

қалыптастыруда қарым-қатынастың ерекшеліктері ............................... 

 

1.2  Отбасындағы  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  қарым-қатынас 



ерекшеліктері 

негізінде 

сөйлеу 

мәдениетін 

қалыптастыру 

жолдары........................................................................................................... 

 

2 БАЛАДАҒЫ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 



ӘДІСТЕМЕСІ................................................................................................ 

 

2.1  Ата-ана  мен  бала  арасындағы  карым-қатынас  негізінде  сөйлеу 



мәдениетін қалыптастырудың  бағыттары ................................................ 

 

2.2  Мектеп  жасына  дейінгі  баладағы  мінез-құлық  түрлерін  түзетудің  



әдістері ............................................................................................................ 

 

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 

 

 

 




 

КІРІСПЕ 

 

Зерттеудің  көкейтестілігі:  Бүгінгі  таңдағы  елдегі  экономикалық-

әлеуметтік  жағдайлардың  қиындығы,  жұмыссыздық,  материалды,  рухани 

қажеттіліктердің  тапшылығы,  осының  бәрі  отбасындағы  ата-ана  мен  бала 

арасындағы  қарым-қатынасты  күрделендіріп  отырғаны  бәрімізге  белгілі.  Бала 

тәрбиесінің  негізі  -  отбасы.  Отбасы  -  бұл  мәдени,  тарихи,  әлеуметтік, 

психологиялық, педагогикалық құбылыс. Бұл шағын әлеуметтік топ - бала үшін 

өмір мектебі болып табылады. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы 

және тәрбиешісі.  

Баланың  болашағы,  білімі,  мәдениеті,  өмірге  деген  көзқарасы 

отбасындағы  ата-ананың  сіңірген  еңбегіне,  тәлім-тәрбиесіне,  үлгі-өнегесіне 

байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-

жақты етіп тәрбиелеуі қажет. Мектеп жасына дейінгі төрт-алты жас аралығы - 

баланың  жеке  тұлға  болып  қалыптаса  бастайтын,  оның  барлық  таным 

үрдістерінің  қарқынды  дамып,  мінез-құлық  нормаларын  игеретін  кезең 

болғандықтан,  отбасының  жалпы  психологиялық  және  әлеуметтік 

жағдайы  бала  тәрбиесіне  міндетті  түрде  өзінің  әсерін  тигізбей  қоймайды. 

Жалпы,  отбасы  тәрбиесі  қоғамдық,  әлемдік  деңгейде  қарастырылып  келген 

және оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995),  

Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Балабақшадағы 5-

7  жастағы  балаларды  мектепалды  даярлау  бағдарламасы  (1999),  Қазақстан 

Республикасының  «Балалардың  құқығы  туралы  заңы»  (2002),  Қазақстан 

Республикасынын  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы» 

(2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен 

қолдау тапқан.  

Білім  тұжырымдамасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  сатысы 

балабақшадам  бастап,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту-тәрбиелеу 

мәселесін  жоспарлы  түрде  шешіп,  отбасына  педагогикалық  көмек  беруді 

мақсат  етеді  [1].  Ал,  ата-ананың  педагогикалық  білімінің  неғұрлым  жоғары 

болуы  -  олардың  қоғам  алдында  өз  балаларының  тәлім-тәрбиесі  үшін 

жауапкершілігін  арттыруы  деген  сөз.  Сондықтан  да,  балаларды  жағымды 

ортада тербиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып 

отыр. 


Мектеп  жасына  дейінгі  тәрбие  туралы  мәселені  ең  алғаш 

қарастырғандардың бірі - чех ғалымы Ян Амос Коменский болды (1592-1670). 

Ол  туғаннан  алты  жасқа  дейінгі  балалар  тәрбиесін  арнайы  қоғамдық 

мекемелерге  емес,  отбасына  -  "аналар  мектебіне"  жүктеді.  Я.А.Коменский 

аналар мектебінде балалардың дене, адамгершілік, ақыл-ой дамулары жүзеге 

асады  дей  келе,  сол  кездің  өзінде  баланың  сөйлеуінің,  тілінің  дұрыс  шығуы 

анаға  байланысты  деп,  аналарға  үш  жастан  бастап  балаға  дауыстарды  дұрыс, 

таза  айтуды үйрету  керектігін  айтты  және  отбасындағы  бұл  тәрбие  шаралары 

ойын түрінде жүзеге асырылуы дұрыс деп, - көрсетті [2]. 

Қазақ халқының бала тәрбиесіне деген қөзқарасының өзіндік ерекшеліктері 




 

қандай болған? Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мөн беріп, балаларды ата-баба 



дәстүрінде  тәрбиелеуді  мақсат  тұтқан  қазақ  отбасылары  баласын 

мөдениеттілікке,  зерделілікке  баулып,  халқының  мәдениеті  мен  әдет-ғұрпын 

тәрбиенің  бұлжымас  құралы  ретінде  ұстаған.  Бұл  ретте  қазақ  ауылындағы 

отбасы  тәрбиесі,  мектепке  дейінгі  тәрбие  туралы  ең  алғаш  еңбек  жазған 

Н.Құлжанованы (1887-1939) алуға болады. 

Н.Құлжанованың 

тәлім-тәрбиелік 

пікірлері 

медицина 

ғылымымен 

сабақтасады.  Бұл  жәйт  автордың  «  Бала  күтімі  -  баланың  өміріне  күн  сәулесі 

мен  таза  ауадай  аса  қажет»,  «Баланың  аурулары»  т.б,  еңбектерінен  жақсы 

байқалады.  Автор  тәрбиені  бала  жөргегінен  бастауды  ұсына  келіп,  өзі 

түйіндеген  тұжырымның  негізі  етіп:  «Тәні  саудың  -  жаны  сау»  деген  халық 

даналығын алады. 

Н.Құлжанова  мектепке  дейінгі  тәрбие  мазмұны,  мақсатын  баяндап, 

баланың қимыл-қозғалысына, сезім мүшелеріне, сөйлеуін жетілдіру жолдарына 

тоқталады. Ол сондай-ақ балалардың қарым-қатынас ерекшелігіне де аса көңіл 

бөледі.  «Балаға  сусындай  керегінің  бірі  -  сөйлеу»,  баланың  сөйлеуге,  білуғе 

құмарлығын  құптап  «мазамды  алма!»  -  деп  оның  бетін  қайтару  дұрыс  емес 

екендігін  айта  келіп,  автор  баланың  ойлауының  -  оның  танып-білу 

құмарлығымен ұштасып жатқандығын ескертеді [3]. 

Қай  қоғамда  болса  да  тәрбие  мәселесі  ең  басты  міндеттердің  бірі  ретінде 

қарастырылып  келген.  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  кезеңде  мектеп  жасына 

дейінгі балаларды тәрбиелеу - жалпыға бірдей білім берудің бір белгісі ретінде 

қарастырылды. 

Кеңес  жылдарындағы  мектепке  дейінгі  педагогика  мәселесі 

Е.А.Аркин [4], А.П.Усова [5], Е.И.Тихеева [6] т.б. ғалымдардың зерттеулерінІң 

нәтижесінде қордаланды. 

Республика  көлемінде  мектепке  дейінгі  тәрбие  жұмысын 

үйымдастыру 

мәселесіне 

А.К.Меңжанова 

[7], 


М.С.Сәтімбекова, 

Ф.Н.Жұмабекова  [8],  Д.Р.Муталиева  [9]  т.б.,  ал  балалардың  даму 

ерекшеліктеріне  Қ.Т.Шериазданова  [10],  Г.М.Қасымова  [11],  Ү.И.Ауталипова 

[12]  т.б.  ғылыми  жұмыстары  арналды.  Мәселен,  педагогтар  А.К.Меңжанова 

мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік  тәрбиесін, Ә.С.Әмірова көркем 

әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, Ф.Жұмабекова бейнелеу өнері және 

эстетикалық  тәрбие  беру,  М.С.Сәтімбекова  балалардың  математикалық 

білімдерін  дамыту  тұрғысында, Д.Р.Муталиева мектепке дейінгі балаларды 

адамгершілікке  тәрбиелеуде  отбасының  ықпалын  қарастырса,  психологтар 

Қ.Т.Шериазданова қарым-қатынас мәселелерін, Г.М.Қасымова мектеп жасына 

дейінгі балаларды оқытуда дамытушы ойындар рөлін  қарастырған. 

Аталған еңбектерді зерттеуде, қазіргі кезде қазақ отбасындағы ата-ана мен 

бала  арасындағы  қарым-қатынасты,  оның  өзіндік  ерекшеліктерін  қарастырған 

еңбектің жоқтың қасы екені анықталды. 

Сонымен,  қазақ  отбасында  және  ұлттық  балабақшаларда  қарым-қатынас 

негізінде  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру,  оны  тәрбие  үрдісіне  ендіру 

деңгейінің төмендігі мен балалардың сөйлеу мәдениетін бүгінгі өмір талабына 



 

сай,  ұлттық  сипатта  қалыптастыруды  жүзеге  асыру  қажеттілігі  мен  оны 



ұйымдастырудың 

ғылыми-әдістемелік 

бағыттарының 

жеткіліксіздігі 

аралығында қарама-қайшылықтар туып отырғаны анықталды. Біз төрт-алты 

жас  аралығындағы  баланың  сөйлеу  мәдениеті,  айналасындағы  үлкендер, 

құрбыларымен  жасаған  қарым-қатынас  ерекшеліктерін  қарастыру  барысында, 

зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Қазақ отбасында мектеп жасына дейінгі 

балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері" деп 

нақтыладық. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет