Зерттеу нысаны: 5-7 жас аралығындағы балалар мен ата-аналардың
отбасындағы тілдік қарым-қатынас әрекеті.
Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінғі балаларда сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу
мәдениетінің теориялық негіздері мен оның қалыптастыру жолдарын нақтылау.
Зерттеу міндеттері:
1. Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениеті мәселесінің
психологиялық-педагогикалық негіздерін нақтылау;
2. Отбасылық қарам-қатынаста сөйлеу мәдениеті ерекшеліктерін анықтау
арқылы, оларды қалыптастыру жолдарын көрсету;
3. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін
қалыптастырудың кұрылымдық үлгісін жасау;
4. Қосымша бағдарлама түрінде отбасындағы сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруға арналған әдістемелік жұмыстар жүргізу.
Жетекші идея: Қазіргі өзгермелі нарықтық экономика жағдайында
отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын жақсарту негізінде мектеп
жасына дейінгі төрт-алты жас аралығындағы балада сөйлеу мәдениетінің басты
белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік мол.
Достарыңызбен бөлісу: |