бірішіден, отбасының материалды жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру
10
дәстүрі арқылы, яғни, отбасы мүшелерінің материалдық және рухани
қажеттіліктері мен әлеуметтік құндылықтары арқылы;
екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекет арқылы
әсер етеді. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі
қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеологиялық, адамгершілік жөне эстетикалық
талаптарына қаншалықты сәйкес болуына байланысты жүзеге асырылады деп
көрсетеді [31], [32].
Қайсыбір тарихи кезеңде болмасын адамдардың жеке тұлға болу үрдісі
белгілі қоғамда, белгілі ортада, белгілі отбасында орындалған. А.С.Макаренко,
В.С.Сухомлинский, А.А.Аркин басқа да педагог-психологтар отбасы тәрбиесін
қарастыра келе, оны тұлғаның жан-жақты дамуының негізі деп көрсетті. Көп
жылдар бойы қараусыз қалған балалар тәрбиесімен айналысқан дарынды педагог
А.С.Макаренко, жеке тұлға қалыптасуындағы отбасының алатын орнын ерекше
екендігін тәжірибелік әрекетІнде көрсетті. Отбасындағы ата-ананың өзіндІк
тәртібі - тәрбиедегі ең басты нәрсе дей келе, ата-ана баласын арнайы жүргізілген
тәрбиелік ықпалдар барысында ғана емес, әр уақытта тәрбиелейді. Ата-ананың
бала алдында шынайы беделі болуы тиіс. Себебі, отбасы тәрбиесінің басты
шартына - ата-ананың шынайы беделі және дұрыс ұйымдастырылған күн
тәртібі жатады деді [33].
Бүкіл өмірін ауылдық мектеп ісІне арнаған ұстаз, педагогика ғылымындағы
теоретик және практик В.А.Сухомлинский баланың жан-жақты дамуына ортаның
тиғізер әсерін көрсетуге тырысты. Жеке тұлға бойындағы мейірім,
кішІпейілділік, бауырмалдық сияқты адамгершілік сапалар шынайы, адал қарым-
қатынастағы адамдар ортасында ғана пайда болады, ал, ондай ортаны бірін-
бірі жоғарғы сезіммен жақсы көрІп, қадірлейтін ата-ана ғана жасайды деген
[34].
Е.А.Аркин бала тәрбиесіндегі ата-ананың қарым-қатынасын қарастыра
келе, тәрбиеде баламен шынайы қатынаста болу керек. Дұрыс тәрбие ата-
анадан балаға деген махаббат сезімін ғана емес, сонымен қатар айтарлықтай
мөлшердегі білім-іскерлікті қажет етеді. Ең бастысы-отбасында баламен дұрыс
қарым-қатынас орната білу керек деп тұжырымдайды [4]. Ал А.Н.Леонтьев
бала тәрбиесіндегі отбасы рөлін көрсете келе, бала-сәби, метепке дейінгі шақта
"бөгде" адамдардың ақыл -кеңестері, ескертулерін қабылдамайтынын айтады.
4-6 жаста бала үшін "мамам айтты", "папам көрсетті" деген түсініктер аса
маңызды [35]. Бұл туралы А.С.Макаренко: бала алғашқы 5 жаста жағымды
және жағымсыз мінез бітістерінің 80% отбасындағы ата-ана, басқа да
адамдардан үйренеді, - деген [33]. Бұл тұрғыда Т.А.Маркова (1998) отбасы
тәрбиесінің мазмұны мен тұрақтылығын бейнелейтін бірнеше
факторларды көрсетеді:
1. Отбасы тәрбиесі эмоционалды терең өрі ашына (интимді) бейнемен
ерекшеленеді. Отбасындағы «жылылық» - бақытты балалық шақтың бірден-бір
шарты.
2. Отбасында ата-ана, ата-өже, басқа да мүшелерінің ұзақ уақытқа
созылатын тәрбиесін алуға толық мүмкіндік бар.
11
3. Отбасы баланы алғашқы жылдардан бастап-ақ әр түрлі іс-әрекетке
(тұрмыстық, еңбек, шығармашылық) итермелейдІ [35].
Соңғы кездері тіршілікке керек білімге баланы жастан даярлау керек
деген пікір күшейді. Отбасы тәрбиесінің адам өміріндегі маңызын бізге дейінгі,
көптеген ұлы ағартушылар, ғалымдар зерттеп, ол туралы құнды пікірлер
айтқан.
Кемеңгер ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950) ғылыми ой
толғаныстарына толы трактаттарында оның психологиялық-педағогикалық ой-
пікірлері баяндалған. Төрбие мен білім, педагогика мен психология Фарабидің
ғылыми-философиялық мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады. Сол
кездің өзінде әл-Фараби, әлемнің негізгі тұтқасы - адам, оның парасаты, ақыл-
ойы ойдағыдай дамыса, ол дұрыс өсіп - өркендей алады, - деген. Жаман мінез-
құлық бұл рухани дерт, жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой - адамның басты қадір-
қасиеті және ол қалыпты іс-әрекет үстінде қалыптасады - деген тұжырымды да
шығыстың ұлы ойшыл ғалымы айтқан. Ол өзінің шешендік өнер жайындағы
еңбегінде әңгіме айтатын адамның бет әлпетінің кейпі, денесінің тұрқы сол
адамның қылығы болып табылады дей келе, адамдар арасындағы қарым-
қатынас мәселесіне үлкен зейін қойған [36,37].
Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев та (1845 - 1904ж.ж.)
отбасындағы бала тәрбиесінде оның жас және психолоғиялық ерекшелігін
ескере отыру керектігін түсіндіре талап етеді. Абай баланың ең бірінші, әрі
ең негізгі тәрбиелеушісі - ата-анасы болуы тиіс дей келе, бала алдымен ата-ана,
екіншісі ұстазы, үшінші құрбыларына қарап өседі деген.
Абай педагогика, психология ғылымдарының өмірлік мәнін терең аңғарған,
оның ғылыми жағының қажеттілігін түсінген ғұлама. Адамдардың тұрмыстағы,
отбасындағы, қарым-қатынастардағы үйлесімін армандаған ақын жас ұрпақтың
ұлттық ерекшеліктеріне айрықша зейін қойып, тәрбие арқылы олардың бойына
жақсы қасиетгер дарытуға болатындығына шексіз сенді.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік
көзқараспен түсіндіре білді. Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды ақылсыз
болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек тұқымынан шыққандар
ақылды, батыр, алғыр болады деген нәсілдік көзқарасқа қарама-қарсы. Абай адам
мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдейді. Өзінің отыз
жетінші сөзінде:
«Мен, егер заң қуатын кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген
кісінің тілін кесер едім» - дейді [38].
Отбасындағы баланы әдепті де, өнегелі етіп төрбиелеу мәселелері
МЖұмабаевтың (1893-1938 ж) «Педагогика» деп аталатын еңбегінде де айқын
жазылған. М.Жұмабаев жан-жақты баланың жетістіктерінІң психологиялық
мәселелеріне кеңінен тоқтала отырып, ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың
ересектерден ерекшіліктерін біліп, ескере отырып тәрбиелеуін ұсынады. М.
Жұмабаев балалар үшІн «Бесік жыры», «Жұмбақ», «Туған жер» т. б.
шығармалар жазып, олардың сөйлеу тілдері мен ойлау үрдістерінің дұрыс
дамуына негіз салды. Мағжан шығармаларында баланың дене, ақыл, сұлулық
12
тәрбиесі туралы кеңінен сөз қөзғалып, аталған тәрбие бөлімдерІ, олардың
мақсат, міндеттері сияқты мәселелер қамтылады [39].
Жазушы М.Әуезовтың (1897-1961 ж.ж) шығармаларында да отбасындағы
тәрбие мәселелеріне көп көңіл бәлінген. Отбасындағы тәрбиеде ананың орнының
ерекше маңыздылығына назар аудара отырып, тәрбие түзелу үшін ең алдымен сол
тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының дұрыс болуын, аналардың
өздерінің сол тәрбиеге лайықты болуын көрсетеді [40].
Халқымыз баланың мәдениетіне, ойының ұшқыр болуына үлкен көңіл
бөлген. «Сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеуді
мақсат етіп алған халық, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы отбасы, ауыл- аймақ,
қауым, ұлт, мектеп, медресе сияқты тәрбие ортасында балаға мәдениетті мінез-
құлық дағдыларын қалыптастырды. Дегенмен де, әр ұлттың өзіне тән мінез-
құлық құрылымы уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Олай болса,
республикамыздағы өлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістер, жағымды-
жағымсыз ағымдар әрекетке түсіп, шыр айналып, салт-санамызға ықпалын тигізіп
жатқаны белгілі. (Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы 2000ж.),
(Балабақшадағы бес-жеті жастағы балаларды мектепалды даярлау
бағдарламасы 1999ж.) [41,42].
Қазақстан
Республикасының
этникалық-мәдени
білім
беру
тұжырымдамасы бұл тұрғыдан мынандай міндеттерді қояды:
- келешек ұрпақ өзінің төл мәдениетін терең білуге және де басқа да
мәдениеттерге қызығушылығының іргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысса,
ол рухани баю мен дамудың негізін алады;
- өз туған халқына деген махаббат сол жердегі елге, жерге деген
махаббатпен үйлесімін табуы тиіс.
Бесік жырымен басталған нәресте өміріне ата-ана ыстық ықылас бөлумен
қатар қоғамшыл болу, үлкенді сыйлау сияқты жайттардың қажеттілігін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |