көпшілігі (50%) тәрбие нәтижесі - отбасындағы қатал тәртіп деп көрсетті, тек
45
жердегі ата-аналардың көпшілігІ (40%) бір ата-анадан туып, бір отбасында
тәрбие алып, өскен балалардың мінез-құлқьшда, қарым-қатынас жүрғізуінде
түрлі ерекшіліктердің болу себептері туралы да түрлі ой қозғады. Бұл мәселе, XIX
ғасырда Ф.Гальтон (1874) жүргізген бақылауларда қаралған болатын. Ол
жерлерде отбасындағы тұңғыш балалардың өмірде үлкен табыстар мен
нөтижелерге жеткендері туралы айтылады. Сол сияқты А.Адлер тұлға
қалыптасуының басты факторына - баланың өмірге келу, отбасындағы туу
тәртібі жатады деп көрсетеді. Себебі, балалар бір ата-ана, бір отбасында өссе
де, оларда бірдей әлеуметтік орта, көңіл-күй болмайды. Ата-ананың балаға
деген қатынасы, отбасында келесі бала туғанда өзгеріп отырады .
А.Адлер тұжырымдамасы бойынша, отбасындағы тұңғыш баланың ұстанымы
ерекше. Ол ата-ана махаббаты мен қамқорлығын шексіз мөлшерде алады.
Тұңғыш балаға деген бұл қатынас отбасына келесі бала келгенде өзғеруі
мүмкін. Ал, екінші немесе ортаншы баланың жеке тұлға болып қалыптасуына
тұңғыш бала үнемі итермелеуші түрткі болып отырады. ӨзІнен үлкен аға-
әпкесін басып озу мақсатында, ортаншы бала бақталастық күйде болады. Көп
жағдайда ортаншы бала интеллектуалды, когнитивті даму жағынан өзінен үлкен
ағайын басып озуы да мүмкін.
Ал, отбасындағы кенже бала өзін қоршаған жандар назарынан тапшылық
көрмейді. Дегенмен де, кенже бала ата-ана, басқа да жандардың қамкорлығын,
зейінін айтарлықтай мөлшерде қабылдаса да, ол өзін толыққанды сезіне
алмайды. Кенже бала отбасы қарым-қатынасында психологиялық қысым көріп
өсуі де әбден мүмкін. Бұл А.Адлердің тұжырымдамасы. Ал қазақ халқы
баланың туу ретіне қарай өзіндік сипаттамасын берген.
Қазақ отбасындағы әр балаға жеке дара келе отырып, олардың жыныстық
ерекшеліктерін ("қыз бала - қонақ", "ұл бала - отбасының иесі" т.с.с), туу
тәртібін қатаң есепке ала білген. Кенже балаға ерекше назар аударьш, оған
"қара шаңырақ иесі" болуды жүктегені туралы жоғарыда айтылды. Міне,
осылайша семинар барысында ата-аналарда туьшдаған бала тәртібінде
байқалатын тұлғалық ерекшеліктерді А.Адлердің баланың туу тәртібі
тұжырымдамаларын ескере отырып, ұлттық көзқараста түсіндіруге тырыстық.
«Тыйым
сөздердің
тәрбиелік
ықпалы»
тақырыбы
бойынша
ұйымдастырылған семинарда ауылдық жердегі ата-аналар ерекше белсенділік
танытты. Бұл құбылысты, біз, ауылдық жердің менталитеті, психикалық
тұрпаты деп түсіндік. Ал қалалық жердегі ата-аналар жағдайы басқаша болды.
Олардың тәртібінде (11 ата-ана) ұлттық пессимизм - ата-баба дәстүрін аяққа
басу, өз ұлтынан жирену сияқты құбылыстың бастамасы байкдлды. Семинар
барысында біз, ондай ата-аналарға балаға үлгі-өнеге берудегі тәрбие құралы -
тыйым сөздер жайында барынша тереңірек ақпарат беруге тырыстық.
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер
балаларға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден
сақтандырып отырған. Тыйымсыз ешбір қоғамда тәртіп болмайды, ал тәртіп
болмаған жерде ішбір нәрсе өз нәтижесіне жетпейді.
Сондықтан, біз де зерттеу жұмысымызда ғылыми педагогика мен халықтық