1 Жолын кеспе.
Асығыспыз десек те, ал мынаны есепке: «Ақсақалды атаның алдынан сен кесе
өтпе». Біл мынаны, жігітім, емес бірақ үгітім. Жолын кессең қарттардың -
кесіледі үмітің.
2 Жеті түнде.
Түнде шашты тарама, біреу қуып бара ма? Иесіз қалған пәтердің, есігінен
қарама. Түсі игіден түңілме, түс қашқанға жүгінбе. Ашық қалған құдыққа, жеті
түнде үңілме.
3 Ала жіптен аттама.
Сұғанақты ақтама, сұмақайды жақтама. Жерде жатқан біреудің ала жібін
аттама. Олжа ғой деп жүгірме, қиын болар түбінде. Бүлінгеннің жұртынан
бүлдіргі алып бүлінбе.
4 Нанды баспа.
Нанды баспа, қорлама, аяғыңа он қара. Жерде жатса көтеріп, сал кебеже,
дорбаға. Болсаң аз-кем бөгелер, еңбегің де еленер.
Нан көтерген кісінің көсегесі көгерер - деген ережелердің,
тыйымдардың өзіндік бала тәрбиесіне берер ықпалы өте зор.
Осындай тыйымдар негізінде қазақ халқының бала тәрбиесіндегі
философиялық көрегенділігін аңғарамыз.
Жалпы, тыйым бала тәртібінде белгілі шектеу орнататын сияқты. Бұл құбылыс
біздің зерттеулерімізге қатысқан қала мен ауылдық жерлердегі ата-ана, бала
тәртібінде байқалады. Зерттеуге қатысқан ауыл балаларында (28 бала) өздеріне
тән әдет-ғұрып, сезім, мінез ерекшеліктері болып табылатын ұлттық
психикалық тұрпат ерекше байқалды. Бұл да қазіргі ата-аналардың бала
тәрбиесіне деген қатынасының көрінісі болып табылады.
Келесі ретте, анықтаушы эксперименті барысында алынған ауылдық және
қалалық жердегі ата-аналар бойындағы селқостық, бір шаңырақта жәй тіршілік
ету сияқты белгілерді түзету мақсатында қалыптастыру экспериментінде ондай
ата-аналарға арналған қарым-қатынас тәсілдері ұсынылып, сынақтан өткізілді.
Семинарда алдын ала әзірленген «Қарым-қатынас жүргізу тәсілдері» әр ата-
анаға таратылып, осы бойынша олардың көзқарастары тындалды.
Осылайша, қалыптастыру экперименті барысында ата-аналар жоғарыда
көрсетілген отбасындағы баламен қарым-қатынас орнату тәсілдерімен танысты.
Біз, эксперименттің нәтижесін байқау үшін анықтаушы экспериментіндегі
А.Я.Варга мен В.В.Столиннің ата-аналардың балаға қатынасы әдістемесін
қайталап жүргіздік.
Жалпы, мектепке дейінгі шақ - баланың қарым-қатынасқа деген
қажеттілігінің ерекше байқалатын кезі. Өту мерзімі шамалы болса да, дәл осы
кезде баланың коммуникативті әрекетінде айтарлықтай өзгерістер байқалады:
баланың қарым-қатынас шеңбері кеңейеді, құрбыларымен қатынас орнатуы
бала үшін маңызды бола бастайды. Осындай коммуникативті әрекеттер
барысында мектеп жасына дейінгі балалардың арасында қарым-қатынасты
47
ашық, тұйық, әділ, әділетсіз жүргізетін балалар сараланып шығады.
6 кесте. Қазақ отбасындағы ата-аналарға арналған қарым-қатынас тәсілдері
Достарыңызбен бөлісу: |