Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы



Pdf көрінісі
бет43/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован

Агрессия 

Мазмұны:  Алдыға  қойған  мақсатқа  жетудегі  кедергілерді  жоюға  және  де 

айналасын-дағыларға  дене,  психикалық  зиян  келтіруге  бағытталған  әрекет. 




56 

 

Озбырлық әрекет индивидтің өзіне де бағытталуы ықтимал (суицидті әрекеттер 



т.б.).  Ол  бала  тәртібІнде  тұйық  мінезділік,  өшпенділік,  төзімділік  немесе 

еріксіздікті қалыптастырады. 

Бала  тәртібіндегі  кез  келген  ауытқу  нақты  бір  жағдайдан  негіз  алады.  Ал 

озбырлықтың пайда болу себептеріне: 

- Ата-ана  тәртібіндегі  күнделІкті  озбырлық  әрекеттеріне  бала  еліктеу 

арқылы өзіне «жұқтырады»; 

- отбасындағы балаға деген немқұрайлы, теріс қатынас; 

- жиі әрі ұзаққа созылатын фрустрация құбылыс

-  ата-ананың баланы қорлап, кемсітуі. 

Бала  тәртібіндегі  озбырлықты  түзету,  оның  болу  себептерін  анықтаудан 

басталады.  Баладағы  озбырлық  көп  жағдайда,  дағдарыс  кездерінде  жиі 

байқалады.  Дегенмен  озбырлықты  тәртіпсіздік  деуге  де  болмайды.  Қиын 

жағдайларда  пайда  болған  озбырлық  бала  үшін  дұрыс  шешім  қабылдау  және 

сақтану қызметтерін атқарады. 



Қарым-қатынас 

жолдары: 

Отбасындағы 

агрессия 

бала 


көбіне 

фрустрацияланған,  айналасындағы  адамдарға  наразы  болады.  Ондай  баланы 

«тәртіпсіз»  бала  деуге  болмайды.  Бала  тәртібіндегі  агрессия  түрлі  жағдайға 

байланысты кейде, бала үшін «қорғану» құралы болып та табылады. Агрессивті 

бала, сонымен қатар стресс жағдайына да жиі ұшырайды. 

Стресс  -  адамның  жүйке  жүйесіне  тым  көп  мөлшерде  эмоционалды  күш 

түскенде  пайда  болып,  оның  психологиялық  көңіл-күйіне  ғана  емес, 

денсаулығына да жағымсыз із қалдырады. 

Бала тәртібіндегі агрессияны түзету жұмыстары, ең алдымен, оның пайда болу 

себептерін анықтаудан басталады. Егер агрессия - баланың эмоционалды көңіл-

күйінің  бұзылуы  болмаса,  оны  тузету  шаралары  бала  төртібінде  қолайсыз 

жағдайларды  болдырмауға  бағыталады.  Ең  бастысы  -  түзету  жұмыстарын 

жүргізуде баланың тәртібінде мен ағрессияның болу себептерін ескеру керек. 

- Баланың агрессивті  тәртібінІң даму бағытын  (тенденция) асыра  елемей, 

баламен  қарым-қатынаста  агрессивті  әрекетке  көптің  назарын  аудармауға 

тырысу керек; 

- отбасы  қарым-қатынасында  өзара  үйлесімділік  сақтау,  баласының  әрбір 

әрекетін, бос уақытын қызықты, дұрыс өткізуіне бағыт беріп отыру тиіс

- қарым-қатынастағы  баланың  агрессивті  әрекетік  ойын  арқылы  жаңа 

мазмұнға түрлендіру. Мәселен: агрессивті балаға ойын ойнағанда - қасқыр рөлін 

беру. 

- қарым-қатынас  үстінде  баланың  жаман  қылықтардан  аулақ  болуын 



қадағалау,  арқылы  бала  тәртібінде  агрессияның  тууына  рұқсат  бермеу.  Ойын, 

жаттығулар  арқылы  агрессивті  құбылыстарды  сөндіру.  Әр  бала  табиғатынан 

тапқыр,  әр  нәрсені  білуге  құмар  келеді.  Сол  үшін,  ата-ана  бала  өмірін 

түрлендіріп, қызықты жасаған сайын баланың ойы дами түседі. 

Балаға деген шынайы мейірімділік. Көбінесе, агрессивті бала айналасындағы 

адамдардың  өзіне  эмоционалды  көңіл  аударғанын  ерекше  қажетсінеді. 

Күнделікті өмірдегі пайдалы тірлік, отбасылық мерекелер, мәдени демалыстар - 



57 

 

отбасының  бірлігін  нығайтып,  өсіп  келе  жатқан  кішкентай  адамға  зор  куаныш 



сыйлайды.  Бұл  жайында  көп  жылдар  бойы  отбасындағы  ата-ана  мен  бала 

орасындаға  қарым-қатынас  зерттеп  жүрген  американдық  психолог  Э.Ле.Шан 

бала  кезде  айналасындағы  адамдардан  мейірім  мен  қамқорлық  көрмеген  адам, 

өскенде өзі де басқарлаға қамқоршы бола алмайды деген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет