Инфантилизм
Мазмұны: Инфантилизм - ол адам психикасы және тәртібінде байқалатын
балалық шақтың белгілері. Инфантил баланың айналасындағылармен жүргізген
қарым-қатынасы, сөйлеген сөзі, іс-әрекеті - оның жасы мен адэкватты болмайды.
Инфантилизм белгілері уақытша, өтпелі балады.
Оларға - баланың туа біткен тұлғалық ерекшелері, ұзақ мерзімге созылған
аурулар, нәуектектенген (үлбіреткен) тәрбие жатады.
Еркелік - бала бойындағы шыдамсыздық, мазасыздың және оның ата-
анасына толығымен тәуелді болып, өзбетінше еркін іс-әрекет, қарым-қатынас
орындай алмайды. Ерке бала құрбыларымен ойнап, қатынас жасағанда
қиналып, болар-болмас жағдайларда шағым айтқыш келеді. Еркелік
психологиялық жетілуді тежейтін бірбеткейлікпен жалғасып жатады. Ол және
де
отбасындағы
ата-ананың
баламен
жүргізген
мөлшерден
тыс
қамқорлығынан да пайда болады. Еркеліктің пайда болуының келесі бір
себебіне - қазіргі жағдайдағы отбасындағы бала санының аздығы, ол жердегі
ұжымшылдықтың тапшылығы жатады.
Қарым-қатынас жолдары: Бала бойындағы инфантилизм бір күнде пайда
болып, лезде жоғалып кетуі мүмкін емес. Ал оны түзету жұмыстарын бірте-
бірте, жүйелі ұйымдастыру керек. А.Фромм бала тәртІбіндегі инфантилизмді
түзетудің негізгі жолы - балаға еркін өрекет орындатып, есейуіне жағдай жасау
- деп түсіндіреді. Инфантилді баланың өз ортасына деген қызығушылығын,
мотивациясы мен дағдысын кеңейту, ойын әрекеті арқылы дербестікке
ынталандыруы керек.
- Отбасын әлеуметтік-экономикалық жағынан тұрақтылықты қамтамасыз
ету, қүнделікті өмірде отбасы мүшелерінің өзара түсінісіп, бірлесе қызмет
атқаруы үшін олар біріне-бірі сенім артып, жұмыла іс атқаруы - отбасындағы
жағымды психологиялық ахуалдың пайда болуына негіз балады.
- Баланы ақыл-кеңесті дұрыс тыңдап, одан белгілі нәтиже шығаруға
дағдыландыру керек.
Тәрбиеде белгілі тәсілді қолдану, олай делінуі инфантилизмнің пайда
болуының негізі себебіне - нәуетектенген (үлбіреген) тәрбие жатады. Ата-
ананың балаға деген осындай қатынасынаң бала тәртібінде еркелік,
59
инфантилизм қалыптасады. Керісінше, қатал тәрбие де бала тәртібіне негатив
әсер етеді. 20-жылдары Дж.Б.Уотсон бастаған психолог бихевиористер,
баланы шартты рефлекстер негІзІнде, қатал тәртіппен тәрбиелеу керек деген ал,
1940 жылы. Б.Спок баламен жүргізілген қатал тәрбиеге қарсы шығып, ондай
тәрбие баланы бақытсыз етеді дейді [95].
Эгоист
Мазмұны: Эгоизм бір - эго - «мен» - 3.Фрейд теориясыдағы жеке тұлға
құрылысының белгісі - баланың кез-келген іс-әрекет орындап, қарым-қатынас
жүргізуде өзін өзгелерден ерекше көрсетуі. Ол өзінің даралық, дербестігін
сезіну барысында, «мен» деген түсінігін ерекше бағалауға тырысады. Ал
психологияда балада «мен» деген түсініктің қалаптасуы - оның жеке тұлға болу
үрдісіне негіз болатыны айтылады. Осы кезде бала айналасындаға адамдар оны
құптап, қабылдап, мадақ-тағанын аса қажетсінедІ.
Отбасының бар тұрмыс-тіршілігін бір ғана бала жағдайы мен кажет-тілігін
қанағаттандыруға бағытталғанда эғоистік бағыттылықтың бастамасы қаланады.
Ата-атаның бала әрекетін асыра мақтауы - оның тәртібінде мақтаншақтық,
өркөкіректік, менменділік белгілерінің қалыптасуына негіз балады. Бала
әперілген түрлі-түсті, қымбат бағалы ойыншықтар (компьютер т.б.) оның рухани
дамуын тежейді, нәтижеде ондай бала айналасындағы адамдарға, табиғатқа
селқос болып өседі.
Қарым-қатынас
жолдары:
Бес-жеті
жас
аралығындағы
бала
психологиясының өзіндік ерекшелігіне сай, бұл жастағы балалардың кез келген
әрекеті, сөйлеген сөзі өзінің ғана тілегін, қызығушылығын қанағаттандыруға
бағытталады. Бала тәртібіндегі эгоизмді жою - баланың өз бойындағы талап-
тілектірін дұрыс басқарудан басталады,
Балаға айнала қоршаған әлемді тек көзбен көріп емес, жанымен сезе
отырып қатынас жасауды үйретуі керек. Отбасы мүшелері үйдегі жұмыстарға
ортақ араласса, бала өзіндік міндетінің барын, сол міндетті орындау қажеттігін
түсінеді.
Балаға өз тәртібін талдауды үйрету. Айналасындағы адамдардың сөйлеген
сөзін, іс-әрекетІн талдау арқылы, бала өзіндІк іс-қимылын сөзіне баға беруді
үйренеді.
Балаға өзгелерге сенім артуды үйрету. Бала өзге адамдармен,
құрбыларымен бәсеке негізінде емес, дос, жолдастық сипатта қарым-қатынас
жасай білуі тиіс. Бәсеке - ашу-араздыққа апарып, бала мінезінде өркөкіректік
сияқты жаман мінезді қалыптастарды.
Балаға үнемі өз дегенін орындатуға бой алдырмау үшін отбасында баламен
бірлесіп қызықты іс-әрекет орындау керек.
Мектеп жасына дейінгі бала ата-ана әрекетін сынға салып, салыстыра
алмайды. Олар үшін әке мен шеше ең жақын, ең қымбат жандар. Ал олардан
таралған кез-келген құбылыс бала үшін дұрыс, бала үшін жақсы. Ізгі-ниет пен
жылы қатынастың куәгері болып өскен бала есейгенде өз бойындағы барлық
жақсы қасиеттерді еркін сыртқа шығара алады. Ал керісінше, ата-ана махаббаты
мен назарынан айырылған немесе жеткілікті алмаған бала өте тұйық, ызалы
60
болып өсетінін жоғарыда айтқан болатынбыз. Бала өмірінІң алғашқы сәттерінен
бастап жақсы көретін, уайымдап қамын ойлайтын қамқоршы, ата-анасы барын
сезіп өсуі керек. Бала болашағы қандай болмағы ешкімге белгісіз. Сондықтан
жақсы ата-ана баласын өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға даяр болуға
үйретеді. Қарапайым да саналы әрекеттер мен дұрыс қарым-қатынас барысында
олар баласын түрлі бетбұрыстарды еш қорқынышсыз қабылдап, және білуге
дағдыландырады. Балаға әдептілік сөзсіз қажет. Қарапайым тәртіп ережелерін
білмейтін бала - ол толыққанды жетілмеген бала. Сондықтан баланы тәрбиелеу
арқылы оған әдеп, мәдениет, тәртіп ережелерін үйрету керек
Бала қоршаған орта мен айналасындағы адамдардың ықпалы, тәрбиесі
арқылы жеке тұлға болып қалыптасады. Егер бала тыныш, салмақты, байсалды,
көңілді, ұйымшыл, жақсылыққа жаны құштар отбасында өссе, мінез-құлқы да
байсалды, жайдары болып дамиды, егер тұйық, ашуланшақ, тынымсыз
адамдардың арасында өссе, баланың мінезі де сондай болып қалыптасады. Әр
бала үшін ата-анасына жан жетпейді. Олардың әр біреуінің өзіндік рөлі бар:
әкесі - отбасындағы басты тұлға, ол әрі күшті, әрі үлкен. Ал анасы- оны
тамақтандырады, еркелетеді, күтеді. Бала үшін олар ең жақын жандар.
Сондықтан, бала алдыңдағы өзіндік бейнені әр ата-ана әдемі жүру, дұрыс
сөйлеу, таза, ұқыпты болу арқылы сақтауға тырысуы керек. Кей жағдайдағы
балаға биологиялық жолмен берілген ашуланшақ мінезді отбасында дұрыс
педагогикалық және медициналық ықпал жасау аркылы ыңғайлы жағдай тудыру
мен тәрбие арқылы түзеуге болады. Көп жағдайда бала болашағы - ата-ана
тәрбиесіне тікелей байланысты. Оның өмірге, айналасындағы адамдарға,
еңбекке, оқуға деген қатынасы ең алдымен отбасында тәрбиеленеді. Дегенмен,
барлық отбасында балаға дұрыс тәрбие берілІп, дұрыс карым-қатынас
ұйымдастырыла бермейді. Ол, бүгінгі ата-ананың педагогика негіздерін білмеуі,
отбасы мүшелерінің тәртіп мәдениетінің төмендігі, әке мен ананың тәрбиелік
әсерлерінің үйлеспеуі сияқты себептермен түсіндіріледі. Ата-ананы тәрбиелеу
ісін - отбасылық психотерапия, отбасылық кеңес беруден жеке қарастыру
керек. Ата-ананы тәрбеиелу - негізінен ағартушылық іс-шаралармен
сипатталады және ол ата-анаға бала үшін жауапкершілік сезініп, отбасы
тәрбиесінде өзіндік қабілетін байқауға, сенім мен шешімге келу сапаларының
қалыптасуына көмектеседі. Ал, біз өз зерттеулерімізде, негізінен қарым-
қатынас мәдениетін, төрбиені отбасындағы ата-аналарға жүктеп, олардың
тәрбиелік ықпалдарын арттыруға тырыстық. Зерттеу барысында ұсынылған
шаралар да осы қағиданы ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |