Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы



Pdf көрінісі
бет44/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован

Қыңырлық 

Мазмұны:  Баланың  «мен»  деген  түсінігі  мен  ерк-жігерін  жалған  қабылдап, 

бекітуі.  Ол  балада  2,5  -  жаста  яғни  ерік  сапаларының  жоғары  дами  бастаған 

кезінде  ерекше  байқалады.  Қыңыр  бала  -  денсаулығы  нашар,  организмі  әлсіз, 

ашуланшақ  келеді.  Мұндай  бала  кейде  құр  мазасызданып,  теріс  қалықтар 

жасайды.  Отбасындағы  теріс  тәрбиеге  байланысты  да  балада  қыңырлық 

қалыптасады. Көбінесе баланы сағынып көрген отбасында ата-ана қамқорлығы 

ерекше  болады.  Олар  балаға  көптеген  ойыншықтар  әперіп,  түрлі  тәтті  тағам-

дармен  камтамасыз  етеді.  Мұндайда  бала  тамақты  таңдап,  ойыншықтың 

кайсысымен  ойнарын  білмей,  іші  пысып,  мазасызданады.  Жаңадан  бір  ермек 

тауып  бермесе  зерігеді.  Өйткені,  ата-анаға  иек  сүйеп  үйренген,  ал  өз  бетінше 

талпынуды білмейді. Сонымен баланы құр мәпелеу, іс-әрекетін ұйымдастырып 

отырмаушылық  -  қыңырлықтың  пайда  болуының  басты  себептері  болып 

табылады.  Керісінше,  кейбір  отбасында  баланың  әрбір  қылығы,  сөйлеген  сөзі 

қатаң  бақылауға  алынады  да  бала  дербес  қарым-қатынас  жасау  қабілетінен 

айырылады. 

Мұндай  бала  ата-анасына  наразылық  білдіріп,  өз  құқығы  үшін  күреседі. 

Баланың  дербестікке  ұмтылуымен  санаспау  да  -  қыңырлықтың  екінші  бір 

түрінің пайда болуына себепші болады. Баланың мінез-құлқын, сөзін жөнге салып 

отыру,  бақылау  жасау  оны  дербестігінен  айыру  болып  табылмайды.  Бала 

отбасында  өз  тілегінің  іске  асқандығын,  өзіке  дербестік  берілгендігін  сезініп 

өсуі керек. 

Қарым-қатынас  жолдары:  Қыңырлық  көпжағдайда  табиғатынан  өте 

жылдам,  белсенді,  өзін-өзі  аса  жақсы  көретін  балада  кездеседі.  Ол  отбасында 

ата-ананың  балаға  көрсеткен  қысымы,  қатал  мінездің  себептерінен  де  пайда 

болады.  Қыңырлық  үш-жеті  жас  аралығындағы  баланың  іс-әрекеті  мен 

тәртібінде тұлғалық бетбұрыстар тудырады.  Д.Лешли қыңыр мінез балада үш-

бес  жаста,  оның  ерік  әрекеттерінің  қалыптасуымен  пара-пар  жүретінін 

көрсетеді. Қыңырлық баланың күштеп орындаған әрекетінің нәтижесі. Бала көп 

жағдайда ата-анаға қарсы шығып, қыңыр мінез көрсетеді. Бұл жағдайда баланы 

жазалаудың  қажеті  жоқ.  Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  қарым-қатынастағы 

эмоционалды  тәртібі  бойынша  ғылыми  зерттеулер  жүргізіп  жүрген  ғалым 

Г.М.Бреслов  тәрбиедегі  жиі  қайталанатын  жазалар  мен  шектеулер  бала 

тәртібіндегі  қыңырлықты  өршіте  түседі  -  дел  көрсетеді.  Шамадан  тыс 

негативизм барысында, бала үлкендер талабына қарамастан өз ойларын жүзеге 

асыруға тырыса түседі. 

Қарым-қатынаста  баланың  еркін  сөйлеп,  іс-әрекетпен  шұғылдануына  жағдай 

жасап,  кедергі  болмау.  Баланы  өз  күшіне  сендіру  керек.  Ата-ана  бала 

болашағынан зор үміт күтіп, оған сенім артса, бала белгілі бір іске бейімделіп, 



58 

 

құмарланады.  Іс-әрекеттегі  бала  табандылығы  оның  ұзақ  уақыт  бойы  бір  істі 



үлкен қызығушылықпен шұғылдануына әкеледі. 

Бала  үшін  қызықты  орта  ұйымдастыру,  оның  өмірін  қызықты  ету,  сол 

арқылы отбасында баланың өз орнын табуға көмектесу. Баланың күш-қайратын 

пайдалы істерге бағыттау. 

Қарым-қатынаста  баламен  шынайы,  әділ  болу,  сондай  да  ғана  бала  өз 

алдына пайда болған мәселелерге қажет жауаптарды ата-анасынан біледі. 

Балаға деген сүйіспеншілік, ата-ана қарым-қатынаста баламен қаншалықты 

шын ниетті болса, олардың өзара түсіністігі де соншалықты берік болады. 

Осы орайда Д.Карнеги кісі өзге адамдармен қарым-қатынаста оған ықылас-

ынтасын білдіріп, жылы шырай көрсетуі қажет дейді. Ондай жағдай кез келген 

адамның көңіл-күйін сергітіп, жан дүниесін шаттандырады [158]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет