1. Үлгіні көрсету
Түсіндіру
Бақылау, бағалау.
Яғни мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әр түрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей, үнтаспадан тындату, балаға оқыту т.б.
Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы — түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тындап, мүлтіксіз орындау ғана талап етіледі.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
Оқу мақсаттарының қойылуы.
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
Шешімнің дұрыстыеын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин — В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау аркылы жузеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім онын дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған енбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін корытындылауға үйренеді.
Дәстүрлі оқытуда жаңа материалды бала игеру үшін сабақтың кез келген кезеңінде алдымен мұғалімнің шебер басшылығы қажет етіледі. Басқаша айтқанда мұғалім оқуды қалай түсіндіруі, қай жерде бақылауы, түзетуі керек екенін айқын білуі шарт. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс-әрекеттің катысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларда тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады.
Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың "басқарушылар мен орындаушылар" түріндегі рольдері белгіленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады. Олардың ісінің негізгі мәні — оқушыларды белгіленген нысанаға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалім соңынан еріп отырулары керек. Мәселенің бұлай шешілуі дамыта оқыту жүйесінің мақсаттарына мүлдем қайшы келеді.
Дамыта оқытудың Л. В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып етелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады.
-оқыту мазмұнындағы өзгешелік егер;
-мақсаттағы айырмашылықтар;
-дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
-әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;
-оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
-мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
-мұғалім мен оқушы арасындағы жанаша қарым-қатынастар.
Л. В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінін дамуы алынады.
Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамнын ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байкаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Мазмұнындағы өзгерістер оқу жоспарын тарих, география сияқты пәндердің енуімен қамтамасыз етеді. Ал дәстүрлі пәндердегі сабақ материалдары пропедевтикалық бағытта ұсынылады. Бұл жүйе бойынша "негізгі, қосымша" пәндер деген ұғым жоқ. Әр пән баланың жаңа қырларын ашып, оны дамытуға өзінше үлес қосады деп табылады. Және олар бір-бірімен тығыз байланыса отырып, қоршаған дүниені тұтас күйінде қабылдауға әсер етеді деп саналады. Л. В. Занков жүйесі дәстурлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптсрге негізделеді. Енді ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік.
Жүйедегі бүгінгі күннің өлшемімен қарағанда айрықша көкейтестілігімен ерекшеленетін принцип, жоғары қиындықта оқыту - принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді.
Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы клеткаларды бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай алмайтындығын, содан барып олардың кызметі төмендеп, бара-бара семе беретіндігіне көзімізді жеткізеді. Ғылымға белгілі әртүрлі себептермен аңдар арасыңда қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмауының басты себебі де осы болар.
Айтылғандарды корыта келе, бастауыш сынып оқушыларының каркынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз.
Дәстүрлі педагогикада "қарапайымнан күрделіге карай, нактыдан абстрактіге қарай" деген принцип бар. Дамыта оқьлу жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: "А" әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, фор-масы кандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білуін баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Екі жүйе арасындағы тағы да бір қарама-қайшылықтардың мәні мынада. Дәстүрлі педагогикадағы "оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді" деген қағида төңірегінде. Л. В. Занков бұл анықтаманын көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді. Оқыту жұмысында баланың жас ерекшелігінің ескерілуінің керек екенін жокқа шығармай, дегенмен әр даму кезіндегі жас ерекшелігінің оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы ақиқат екенін еске салады. Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға карай түзіледі деген пікір айтады. Бұған соңғы уақытта көз жете бастаған сияқты.
Бұл принциптердің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықтардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіндігіне тәжірибе барысында көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б. Шоу адамды қызған сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды. Бізге қажеттісі де осы.
Дамыта оқыту жүйесінің манызды принциптерінің бірі - теориялық білімнің жетекші рөлі принципі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.
1970 жылдардың басынан бастап жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі түсініктерді мүлдем өзгертті. Бұл жаста оқушыда ойлаудың эмпирикалық түрлерін тірек ете отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол әлеует бар екені дәлелденді. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын, заңдылықтарын меңгерту олардын танымын тереңдететіндігі анықталды. Бір-екі мысалмен түсіндіре кетейік: дәстүрлі сабақтарымызда жыл мезгілдері туралы сөз еткенде, біз ешқашан жазда жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығының неге байланысты екеніне токталып жатпаймыз. Тек жыл мезгілдерінің сыртқы белгілерін атаумен шектелеміз. Осы сабақтарда балалардың эмпирикалық білімдерін пайдалана отырып, коршаған орта мен өмір зандылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру, олардың танымдық үрдістерін, теориялық ойлауын іске косатын амал болып табылады.
Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде "Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы" жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, құлықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұтас жүйе, оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.
Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз.
Л. В. Занков жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптың мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада, материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді косьш қайта айтып берумен қайтарылады. (Балалар қайда барды? Балалар мектепке барды. Немесе, 2-ге 7-ні қосса қанша болады? 2-ге 7-ні қосса 9 болады түріндегі жауаптар).
Дамыта оқыту жүйесіндегі койылатын сұрақтар проблемаяы, ойлауды, пайымдауды кажет етеіңдей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы: "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" немесе "4" және "5" сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? түріндегі сұрақтар.
Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау - бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект денгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі — салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте "салыстыру объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты", - делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.
Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К. Д. Ушинский: "...салыстыру ойлаудың және қабылдаудың негізі", - деген.
Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал мектепке келген соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.
Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты, оқушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айкындатудың бала дамуы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын, белгілерін білу керек. Белгі дегеніміз — заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі. Осы орайда жаңа буын оқулықтарында салыстыруға берілген тапсырмалардың мол екенін айта кеткіміз келеді.
Байқау - қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ол қарау, қабылдау арқылы іске асады. Дегенмен, практикада байқампаздыққа үйрету көп жағдайда үстірт жүріп жатады. Мәселен серуенге шығып тұрып, табиғаттың тек сыртқы белгілерін атаумен шектелеміз. Ал алысырақ, қалтарыста тұрған көзге көріне бермейтін детальдары назардан тыс қалып қалады. Осыдан барып қарап тұрып өмірде ешнәрсені байқамайтын адамдар қалыптасады. Мұндай кемшілік олардың рухани өмірінің кедейленуіне әкеліп соғады. Ондай адамдар көп жағдайда ұтылыста қалады. Белгілі ақындар мен ғалымдардың, суретшілердің байқампаздык қабілеттерінің жоғары болуы тектен-тек жағдай емес. Мысалы өзі туралы Чарльз Дарвин өмірбаянында "...мен басқалардан ерекше ақылдылығыммен, ой жүйріктігіммен емес, кейбір адамдар көре бермейтін назардан тыс нәрселерді байқап, талдай алуыммен ерекшеленемін", - деп жазған екен. Сабақтарда баланың байқамай калуынан жіберілетін қателер қаншама. қойылуы шарт емес. Балалар барлық тапсырмаларды орындауға ынта білдіріп, ден қойып, нәтижеге жетіп, еңбегінің рахатын көруге дағдыландырылады.
Бұған керісінше, кеңестік қоғам кезіндегі процент қуушылық "толық үлгерімге" қалайда жету тенденциясы, "екіліксіз оқыту" сияқты зиянды ұрандар оқытудың нәтижелі болуына кері әсер еткенін жоққа шығара алмаймыз. Оқушылар білімінің бағасы мұғалімнің, мектептің, мектеп басшысының жұмыстарының нәтижесі түрінде қабылданды. Сол себепті неғұрлым жақсы және көп баға қою жарысқа айналды. Баға бала білімінің нақты көрсеткіші болудан бірте-бірте қала береді. Және әдетте сол бағалар сабақ соңында, қоңырау соғылып жатқанда қойылып жатады. Мұғалім бұл кезде бала білімін көптеген ішкі және сыртқы факторлар нәтижесінде бағалауға орын береді. Мәселен: мұғалімнің көніл-күйі, балаға деген қалыптасып қалған козқарасы т.б. Сондықтан бағаның дұрыс койылмауы нормаға айналған жағдайы бар. Бұл жағдай әлі де орын алып отыр. Ал әділетсіз қойылған баға балаға кері әсер етіп, оның мінез-құлқының өзгеруіне, сабаққа деген ынтасының болмауына әкелетіні белгілі. Демек, бұл ойландыруға тиісті мәселе деп есептейміз. Бала білімін бағалау өте жауапкершілікті талап етеді және бұл істе формализмге жол беруге әсте болмайтындығы ескерілуі керек.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сиякты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталса, қатесі еппен түзеліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденді.
Ендігі тоқталып кетуді қажет ететін ерекшелік мұғалім жұмысының нәтижелілігінің көрсеткіші. Дәстүрлі оқытуда ұстаз еңбегінің "жатықтығы" мұғалімнің қойған сұрақтарына балалардың тез дұрыс жауап берулерімен, тапсырмаларды бұлжытпай орындауларымен, тыныш отырып тәртіп сақтауларымен өлшенетін. Ал баланың ішкі жан-дүниесінде не болып жатқандығы, онын ойы, сезімдері мұғалімді ойландыра бермейтін. Оған мүмкіндік те аз.
Л. В. Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштері болып ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер балалар осы аталған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені саналады.
Енді оқушының оқу әрекеті жайлы бірер сөз.
Соңғы жылдары философияда, психологияда әрекетті адамды зерттеудің әдіснамасы деп қарастыруда .Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Адамның іс-әрекеті, оның бүкіл өмірі өзімен қатар жасап келе жаткан адамдармен тығыз байланыста өтеді. Олармен бірге өмірді ұғынып, күнделікті тіршілік мәселелерін шешеді, болашақка жоспарлар құрады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгілері: ойын, оқу, еңбек. Олар жас мөлшерлерінің әр кезеңінде әр түрліше көрінеді.
Оқыту мен оқу әрекетінің бір-бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақы-ойының дамуында зор роль атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл-ойдың, интеллектінің дамуы, "оқи алуға үйрену" бүгінгі күннің басты талабы.
Бастауыш мсктеп оқушыларының оқу әрекеті ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізгісі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.
Оқу әрекетінің алғы шарттары мектепке дейінгі жаста, рольдік, сюжеттік ойындар кезінде байқала бастайды. Мектеп алды топтарда балалардың қоршаған дүние жайлы қызығушылықтары артады да, оның танымдық, қажеттіліктері молаяды.
Мектепте қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Енді ол мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды шеше отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды.
Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім, оқушының кажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермен байланысты. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықыласы, ішкі түрткілср пайда болады. Сананы билеген ішкі күштер әрекеттің амалдарын, орындаудың құралдарын белгілеуді, таңдауды талап етеді.
Оқу әрекеті деп білім, білік атуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған әрекет теориясының психологиялық негізін Б. Г, Ананьев, Л. С. Выготский, А. И. Леоньтев, A. P. Лурья, С. Л. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасады. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті Ш. А. Амонашвили, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, П. Е. Гальперин, т.б. зерттеулерінде қарастырылды. Жоғарыда аталған авторлар әрекетті өмірдің бірлігі деп қарап, оның төмендегідей ішкі құрылымдарын белгілейді.
Қажеттілік — мотив - мақсат - құрал - әрекет -нәтиже.
Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады.
Қажеттілік - иңдивидтің өзінің өмір сүруге, дамуға білімінің, тәжірибесінің, баска да өлсумепік жағдайлардың жеткіліксіз екенін сезінуі. Белсенді әрекеттің негізі.
Мотив - ынта-ықыластың аууы.
Құрал — әрекеттің амалдарын белгілеу, жолдарын тандау.
Әрекет - іс-қимыл, құрал. Ол ойын, тілдік, ойлау әрекеттері түрінде жузсге асады.
Нәтиже - өнім.
Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
Оқушының дамуының нсгізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек.
Аталған құрылымдағы қажеттілік және мотив әрекет етуге итермелейтін басты күш. Біз қазіргі сабақтарда оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмауы керек дейміз. Ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты кажет екендігін іштей мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтызарын ауғызып, қызығушылығын ояту мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Дұрыс тандалған проблемалық жағдай, сұрақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдер, амалдар ғана баланы жоғарыдағыдай психологиялық көңіл-күйге әкеледі. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жетудің, проблеманы шешудің әдіс-амалдарын белгілейді, іске кіріседі. Дамытушылық сабақтарында бала осылайша өз ақыл-ой денгейі, белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді. Әрекеттің жүру барысы мен ақыры қорытындыланып, рефлексия жасалады.
Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы — баланың жеке басын дамытудың басты кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: |