А.Құнанбаевтың қара сөзіндеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлардың педгогикалық-психологиялық негізі. Жасқайратова Гүлсезім Екпінқызы «педагогика және психология»



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі29,05 Kb.
#110318
  1   2   3
Байланысты:
Мақала Абай


А.Құнанбаевтың қара сөзіндеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлардың

педгогикалық-психологиялық негізі.

Жасқайратова Гүлсезім Екпінқызы

«педагогика және психология» мамандығының

4курс студенті

Абай – қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың дүниетанымдық көзқарастары, ой-пікірлері XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Әйгілі шығыс классиктері: Фирдауси, Сағди, Ширази, Науаилардың шығармаларын оқып, олармен жете танысты. Сонымен қатар батыстың атақты ойшылдары мен кемеңгер философтары Сократ,В.С.Белинский, тағы басқаларының шығармаларын оқыды. Оқыған шығармаларындағы көзқарастарды  өз дәуірімен салыстыра ой қорытып отырды және олардың ой-пікірлерін қазақ өмірінде  болып жатқан өзекті мәселелерді қара сөздері арқылы түсіндіруге тырысты. Адамзат қауымында болып жатқан жан мен тән, өмір мен өлім жөнінде  жазылған философиялық толғамдары  қазақ халқының басында қалай болып жатқандығы жайлы түсіндіріп, оған өз көзқарасын білдіруге тырысты. 


     Абай қара сөздерін публицистикалық стильде жаза отырып, оқырманмен сырласады, пікірлеседі, кеңескен түрде мазмұнды да мағыналы өзіндік ой-пікірін білдіреді. Абайдың өзі қара сөзін жазар алдында оқырманға «керек кісі болса  алсын, алмаса, өз сөзім өзімдікі» деген болатын.
     «Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп,
    Жүрмесін деп аз ғана сөз шығардық,» – дей отырып, «Атымды адам қойған соң» үндемей қалмайын, өмірден көрген- түйгендерімді кейінгі жастарға айта отырайын, егер де шалыс басып жүрген жастар болса, келеңсіз іс-әрекеттерін түзетер, ой-елегінен өткізер дегенді айтқысы келеді. Абай қара сөздерінің барлығы да сол замандағы әлеуметтік күрделі мәселелерді сөз еткенімен, бүгінгі таңда да қара сөздеріндегі ғибратты ойлары мен ақыл-кеңестері  әлі де маңыздылығын жойған жоқ, керісінше, Абайдан алар өсиетті  кеңестері нағыз осы дәуірге лайықталып жазылғанға ұқсайды. Соған қарағанда Абайдың: «Дүние – үлкен көл, заман − соққан жел», «Алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезектене бөлінер, баяғыдай көрінер» деген сөздерінен-ақ Абай тұжырымдамаларының қазіргі жастар үшін де берер тәрбиесі орасан зор болары анық. [1, 256б ]

Абайдың даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы «Қара сөздері», оның қазақ қоғамындағы көптеген өзекті мәселелерді қозғағанын білеміз.



«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау Һәм сақтап қалу. Бұлардың қай-қайсысы да біздің тіршілігіміздің баста бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. [2, 41б]Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі, адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы, әлемдегі кез-келген халықты алып қарасақ та, ең алдымен, тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан-ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады.

Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Ғ.Мүсірепов мынадай пікір айтады: «Абайдың қасиеті – өз заманынан биік тұруында». Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып» деуінде үлкен мән бар. [2, 43б] Абай – тәлімгер ұстаз. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылықты сақтайтын ұят-намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек – адамның ішкі сезімі деген ұғымда қолданған.

Абайтанушылар ақынның қара сөздерін зерттей келе, мынадай тақырыптарға бөледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет