Диплом жұмысы маман даярлаудың соңғы кезеңі болып табылады және мамандықтың оқу жоспарына сәйкес жазбаша түрде орындалады



Дата02.04.2020
өлшемі25,4 Kb.
#61396
түріДиплом
Байланысты:
ФАЙЛ

Диплом жазудың жалпы ережелеі.

1.1. Диплом жұмысы маман даярлаудың соңғы кезеңі болып табылады және мамандықтың оқу жоспарына сәйкес жазбаша түрде орындалады.

1.2. Диплом жұмысын орындаудың мақсаттары:


  • мамандық бойынша алған теориялық білімді және практикалық дағдыларды жүйелеу, дамыту және бекіту;

  • ғылыми зерттеу әдісін меңгеру, өз бетінше жұмыс жүргізе алу және мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

  • -студенттің кәсіби құзырлылық жағдайындағы заманауи экономиканың барлық салаларында, ғылым және техника салаларында өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау. Диплом жұмысында зерттеу жұмысының нәтижелері қорытындылануы қажет.

1.3. Диплом жұмысы төмендегідей міндеттерді шешуі тиіс:

  • ғалымдардың, аналитиктердің, мамандардың жүргізген зерттеу қорытындыларының қарастырылуы;

  • зерттеу нысаны бойынша ғылыми дәлелденген теориялық тұжырымдар мен ұсыныстардың болуы;

  • нақты мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми дәлелденген қорытындылардың болуы.

1.4. Диплом жұмысын жазу барысында жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін бітіруші студент келесі міндеттерді орындау қажет:

  • таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеу;

  • қажетті ақпарат жинақтау арқылы зерттеу нысанына талдау жүргізу;

  • зерттеу барысында алынған нәтижелер негізінде нақты қортыныдылар мен ұсыныстарды тұжырымдау;

  • -қол жеткізген нәтижелер негізінде зерттеу нысанының қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты міселелерді шешу жолдарын ұсыну.

1.5. Диплом жұмысында берілген ақпараттың нақтылығы мен дәлдігіне диплом жұмысының авторы студент жауапты.

II. Диплом жұмысын орындаудың кезеңдері

2.1. Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптар

2.1.1. Диплом жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада мамандыққа сәйкес әзірленеді және жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінде қарастырылады, ректордың бұйрығымен бекітіледі.

2.1.2. Диплом тақырыптары шетел тілдерін оқытудың әдістемесі мен тіл теориясындағы заманауи жетістіктерімен және өзектілігімен сәйкес болуы қажет.

2.1.3. Диплом жұмысының тақырыптары бітіруші студенттердің санынан 2-3 есе көп және жыл сайын 30%-ға жаңартылып отырылуы тиіс.

2.1.4. Студент диплом жұмысының тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды. Студентке бекітілген тақырыптардан тыс тақырыпқа диплом жұмысын орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдалған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын кафедраға тапсыруы керек.

2.1.5. Сырттай бөлімде оқитын студент өндірістік қажеттілігіне немесе жұмыс қызметіне байланысты диплом тақырыбын таңдай алады немесе ұсына алады.

2.1.6. Диплом тақырыбы студентке оқу жылының басында бекітіледі және ЕАГИ ректорының бұйрығымен бекітіледі.

2.1.7. Қажет болған жағдайда диплом тақырыптары диплом алды тәжірибеден кейін кафедра меңгерушісінің дәлелді негіздеуімен өзгертілуі мүмкін.

2.2. Диплом жұмыстарына ғылыми жетекшілердің тағайындалуы

2.2.1. Ғылыми жетекшілер болып профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежесі бар тәжірибелі оқытушылар, ЖООның ғылыми қызметкерлері, сонымен бірге қызметі мен ғылыми жариялынымдары болашақ маманды даярлау бағытына сәйкес келетін басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері тағайындалады.

2.2.2. Диплом жұмысының ғылыми жетекшісі міндетті: - диплом жұмысын орындауға тапсырма беруге; - диплом жұмыстарын орындау кезеңдері белгіленген диплом жұмысын орындау жоспарын өңдеу; - диплом жұмысы арнайы әдебиеттерді түбегейлі зерттеу негізінде жүргізілетіндіктен зерттеу дереккөздерін, соның ішінде монография, құқықтық-нормативті актілерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, ғылыми журналдардағы мақалаларды ұсыну; - диплом жұмысын орындау жоспарын қадағалау; - диплом жұмысының көлемі мен бөлімдеріне қарай кеңес жүргізу.

2.2.3. Кафедра меңгерушісі диплом жұмысын орындаудың әдістемелік нұсқауларымен қамтамасыздандыру, диплом жұмысының орындалуы бойынша студенттің есебін тапсыру мерзімін белгілеу және ғылыми жетекшімен бірге диплом жұмысының дайындық дәрежесі туралы есеп қабылдауы қажет.



2.3. Диплом жұмысының тапсырмасы

2.3.1. Диплом жұмысының тапсырмасы ақпараттың сипатталуынан, зерттеу дереккөздерінен, студент дайындаған сұрақтар тізімінен ұсынылатын әдебиеттер тізімінен графикалық материалдар тізімінен (таблица, диаграмма, схема, суреттер) және диплом жұмысын орындаудың жылдық күнтізбесіне тұрады. Диплом жұмысын орындау тапсырмасының үлгісі 1 қосымшада көрсетілген.

2.3.2. Аяқталу мерзімінің көрсетілуімен диплом жұмысының тапсырмасы кафедра меңгерушісімен бекітіледі. Негізгі беттен кейін нөмірсіз түптеледі, бірақ жалпы парақ санына кіреді.

2.3.3. Күнтізбе жоспары диплом жұмысын орындаудың барлық кезеңдерін, яғни әдебиетті жинақтаудан диплом жұмысын алдын ала қорғауға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. [қосымша 2 қарау].

2.3.4. Диплом жұмысының негізгі бөлігінде орындалған зерттеудің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі. Диплом жұмысының негізгі бөлігі ережеге сай бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

2.4 Диплом жұмысының құрылымы

2.4.1. Диплом жұмысы студенттің белгілі мамндық бойынша дербес ғылыми зерттеу жұмыс болып еспсетеледі, көлемі ереже бойынша 60 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом жұмысының көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

2.4.2. Диплом жұмысының құрылымдық элементтері:


  • Титулды беттер

  • Диплом жұмысын орындаудың тапсырмасы

  • Мазмұны

  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім (теориялық және аналитикалық бөлімдер)

  • Қорытынды (тұжырымдар мен ұсыныстар)

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • Қосымша (лар)

2.4.3. Титул беті - диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді. Титул беттерге нөмір қойылмайды, бірақ та жалпы беттер санына кіреді. Титул беттердің формалары 3 және 4 қосымшаларда беріледі.

2.4.4. Диплом жұмысы кіріспе, бөлім мен бөлімшелер атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Диплом жұмысы төмендегідей шарттарға сай болуы керек:


  • Материалдың баяндалуының логикалық жүйелілігі;

  • Зерттеудің нақты мақсатты бағыты;

  • Зерттеу қорытындысының нақтылығы;

  • Ұсынылып отырған шешімдердің, тұжырымдар мен қорытындылардың дәлелділігі. «Мазмұны» 5 қосымшада берілген.

2.4.5. Кіріспе диплом жұмысының өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, сонымен қатар диплом жұмысының мақсаты мен міндеттерін, зерттеу объектісін, берілген теориялық және әдіснамалық негіздері мен диплом жұмысының жазылуының практикалық базасын құрайды. Кіріспенің көлемі 3беттен тұрады.

2.4.6. Диплом жұмысының негізгі бөлімінде мазмұны, әдістемесі және зерттеу жұмысының қорытындысы беріледі және бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Диплом жұмысы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім - 2-3 параграфты қамтитын теориялық бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде зерттеу мәселесінің теориялық аспектілері, яғни ғылыми, құқықтық, статистикалық және басқа да әдебиеттер қарастырылады. Әдебиеттерді қарастыру барысында отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нысанына көзқарастары салыстырмалы түрде зерттеліп, зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі анықталып, зерттеушінің өз қөзқарасы мен қойылған міндеттерді шешуде өзіндік бағыты айқындалады



Екінші бөлім – аналитикалық. Бұл бөлімде 2-3 параграф қамтылуы мүмкін және арнайы ақпарат (ғылыми, техникалық, статистикалық, практикалық және т.б.) негізінде зерттеу нысанының жан жақты, күрделі талдау жүргізіледі. Бұл бөлімнің соңында жүргізілген талдаудың нәтижесі қорытындыланып, тиімді болып табылатын ұсыныстар берілуі керек.

2.4.7. Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген объекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

2.4.8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сай рәсімделеді. Дереккөздері туралы мәлімет диплом жұмысының мәтініндегі дереккөздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30 сілтемеден кем болмауы тиіс және оның рәсімделу үлгісі 6 қосымшада көрсетілген.

2.4.9. Қосымшаға диплом жұмысының зерттелуі мен орындалуына байланысты негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар (кестелер, суреттер) кіргізіледі.



III. Диплом жұмысының рәсімделуіне қойылатын талаптар

3.1. Дипломдық жұмыс баспа машинкасы көмегiмен немесе компьютер және принтер көмегімен бір жақ бетте А4 парағында жол аралық өлшемі бірге тең түрде басылуы керек. Шрифт - Times New Roman, кегль – 14. Жұмыс ішінде бірқалыпты тығыздық, қарама-қайшылық және бiрдей бейне айқындық сақтаған жөн. Дипломдық жұмыс (жоба) қатты (кітаби) түпте болады.

3.2. Келесідей бет параметрлерін сақтау қажет: жол шектері – сол – 30 мм, оң – 10 мм, жоғарғы – 20 мм, төменгі – 25 мм. Азатжол – 0,8 (төртінші белгіден бастап).

3.3. Дипломдық жұмыс процесінде табылған жаңылыс, қате, график түрiнде дәлсiздiктерді тазарту немесе ақ бояуды пайдаланып үстіне түзетілген мәтінді (графиканы) машиналы немесе қол жазба тәсілімен енгізу арқылы жөндеуге болады (қара сия, қара тушь немесе гелий қаламымен).

3.4. Дипломдық жұмыста адамның тегі, мекеме, ұжым, фирмалардың атаулары, бұйым атаулары және жалқы есімдер түпнұсқа тілінде келтіріледі.

3.5. Әрбір бөлім және әрбір параграф аяқталған ақпаратты қамтуы және дипломдық жұмыстың тақырыбын ашуы керек.

3.6. Бөлімдер мен параграфтардың атауларын абзацтық азатжолдан (төртінші белгі) астын сызбай, бас әріппен нүктесіз басталуы қажет. Егер атауы екі сөйлемнен құралса, олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

3.7. Беттер араб сандарымен бүкіл текст бойымен нөмірленеді. Бет нөмері нүктесіз әрбір беттің төменгі жағының ортасында қойылады.

3.8. Жұмыстың тысы, сыртқы парағы және дипломдық жұмысқа тапсырма нөмірленбейді, бірақ жалпы беттер санына кіреді.

3.9. Диплом жұмысының мазмұны нөмірленбейді, бірақ ол да жалпы беттер санына кіреді. Кіріспе 3 беттен бастап нөмірленеді және әрі қарай рет ретімен нөмірленіп кете береді. Қосымша нөмірленбейді және жалпы беттер санына да кірмейді.

3.10. Бөлек парақтарда берілген көркемдеулер мен кестелер дипломдық жұмыстың жалпы беттер нөмерленуіне қосылады.

3.11. Дипломдық жұмыстың бөлімдері жұмыс ішінде нүктесіз араб сандарымен белгіленген болуы керек. Параграфтар әрбір бөлім шегінде нүктемен бөлінген нөмірлермен белгіленеді.

3.12. Көркемдеулер (сызба, карта, кестелер, сұлба, диаграмма, суреттер) олар ескертілген тексттен кейін немесе келесі бетінде беріледі. Көркемдеулер түрлі түсті және араб сандарымен нөмірленген болуы мүмкін. Барлық көркемдеулерге сілтеме берілу қажет. Көркемдеулер мен суреттер қажет жағдайда атаулар мен түсіндірме мәтіндерді қамтуы мүмкін. «Сурет» сөзі және оның атауы анықтама мәліметтерінен кейін орналастырылады. 3.13. Кестелер алғаш рет ескерілгеннен кейін немесе келесі бетте орналасуы қажет. Барлық кестелерге сілтеме берілу қажет. Кестенің атауы кесте астында абзацтық азатжолдан «кесте» сөзі және оның нөмірінен кейін орналастырылады Көп жолдан тұратын кестені келесі бетке тасымалдауға болады. Кестенің бөлігін келесі бетке тасымалдау кезінде «Кесте» деген сөз және оның нөмірі мен атауы бір рет беттің бірінші бөлігінде көрсетіледі, ал басқа бөліктердің үстінгі жағында «Кестенің жалғасы» деп жазылады. Кестені тасымалдау кезінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді. Көп жолдан тұратын кестені қосымшаға енгізген жөн.

3.14. Ескертуді мәтіндік, графикалық ақпарат немесе кестеден кейін енгізу қажет. Кестеге ескерту кестенің аяқталуын білдіретін көлденен сызықтан кейін беріледі. «Ескерту» деген сөзді бас әрiптен азатжолдан астын сызбай жазу керек. Егер ескерту біреу болса, онда «ескерту» сөзінен кейiн сызықша қойылады және ескерту бас әрiптен басылып жазылады. Бiр ескертудi нөмiрлемейдi, бiрнеше ескертулер араб цифрларымен ретімен нүктесiз нөмiрлейдi.

3.15. Пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеме тiк жақшаларда беріледі. Бір әдебиетті бірнеше рет пайдаланған кезде, әдебиет ретінің нөмірінен басқа оның бет нөмірі де беріледі. Мәтінде қолданылған сілтемелер саны қолданылған әдебиеттер санына сай келуі тиіс. 3.16. Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер дипломдық жұмыс мәтініндегі әдебиеттер сілтемелеріне сәйкес келеді. Араб сандарымен нөмірленеді, нүктесіз және абзацтық азатжолдан басылады.

3.17. Қосымша дипломдық жұмыстың (жобаның) жалғасы ретінде рәсiмделедi және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен кейiн орналастырады. Барлық қосымшаға мәтінде сілтеме болуы керек. Әр қосымша жаңа беттен жоғарыда «Қосымша» сөзі, оның мағынасы және нөмірі бар беттен басталады. Қосымшаның атауы келесі жолдан мәтінге симметриялық түрде жазылады. Қосымшалар араб сандарымен нөмірленеді және қалған дипломдық жұмыстың беттерімен сәйкес болуы керек.



2- СҰРАҚ

    1. МАҚАЛАНЫ ЖАЗУ ҮЛГІСІ

  • Тақырып

  • Аты – жөні

  • Оқу-орны

  • Эл.почта

  • Аннотация

  • Негізгі мазмұны

  • Зерттеу мазмұны

  • Зерттеу әдісі нәтижесі

  • Қорытынды

  • Ғылыми жетекшісі

Мақала дегеніміз- қоғамдық- әлеуметтік мәселелер туралы жазылған публицистикалық жанрдағы шығарылым. Мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз. Аудиторияны анықтап алу керек. Жазудан бұрын кім үшін, қанша жастағы оқырман үшін жазатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Аудиторияға сәйкес, дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек. Оқырманға не керектігін іздеңіз. Оқырмандар не туралы білгісі келеді? Олар іздеген мәліметті беруге сіздің білім қорыңыз жеткілікті ме? Бұл арқылы мақала жазуға сюжет табу оңай болады. Бірақ өз білім қорыңызбен ғана шектелмей, жаңа деректер іздеп, оларды меңгеру арқылы пайдалы мақала жаза аласыз.

2.2. Тезис жазу үлгісі  



  • Тақырып

  • Аты – жөні

  • Оқу-орны

  • Эл.почта

  • Негізгі бөлім

  1. Зерттеу мазмұны

  2. Зерттеу әдісі нәтижесі

  3. Зерттеу нысаны

  • Қорытынды

  • Ғылыми жетекшісі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет