Экологиялық тәрбие берудегі ырым –тыйымдардың тәрбиелік
мәні
Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухына сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтық салт-дәстүрлерді аялай,ардақтай білуге тәрбиелеу –басты міндеттердің бірі.
Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқынын тиымдары мен ырымдары, наным-сенімдерінің алатын орыны ерекше. Өйткені оларда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі сақталған, ұлттық рухани байлықтың қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан. Алайда халқымыздың осы асылмұрасын тәрбие көзөі ретінде пайдалану талапқа сай емес. Ізгі тәрбие- тағылым құралы болыптабылатын тиымдар мен ырымдар жіктеліп, бір жүйеге түсірілмеген.
Табиғатты аялай білуге, қызығушылық пен қабылдауға үйрету материалдың қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай болуын ескерту, эстетикалық талғамын жетілдіру және т.б.), бастауыш сыныпта оқытудың дидактикалық принциптері негізіне алынды.Кіші жас балаларына өзінің туған жері мен оның табиғатына деген көзқарастары туралы терең мазмұнды түсінік беріп, қоршаған ортаға деген аялы көзқарасын қалыптастыру мақсатында біз экологиялық тәрбие беру жұмыстарының мазмұнына қазақ фольклоры жанрларын енгіздік.Өйткені өз тағдырын табиғатпен тамырластыра білген халық қана табиғатқа және оның жекелеген байлықтарына үнемі мейірімділікпен,жанашырлықпен қарауға ұмтылады. Қазақ халқының ұлан байтақ кең далада көшіп-қонып, әрбір аймақтың табиғат жағдайларына қарай бейімделіп, шаруашылық салаларын жүргізе білуінің өзі байсалды байқампаздықты, терең біліктілікті аңғартады, әрі табиғатқа деген аялы алақан, жүрек жылылығын арнап, аса зор қамқорлық көрсете білгендігін байқаймыз. Халқымыздың мағыналы да мазмұнды ұғымдары ерте кезден-ақ табиғатқа қамқорлықпен қарап, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалануға бағытталған.
Күнделікті отбасында қолданылатын «сүтті жерге төкпе», «тұзды, нанды аяққа баспа», «бұтақты сындырма», «гүлді үзбе» және т.б. тыйым сөздер жаман әдет, жағымсыз іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелесе, суға байланысты айтылатын «ағын суды тоқтатпа», «құдыққа қоқыс тастама», «су ішкен құдығыңа түкірме» т.б. тыйым сөздер судың тазалығын сақтаудың адам өмірі үшін қаншалықты қажет екендігін аңғартады. «Өрмекшіні өлтірме», «аққуды атпа», «балалы үйрекке оқ атпа» және т.б. жануарлар дүниесін қорғауға, олардың адам баласы үшін ерекше маңыздылығын білдіріп,баланы адамгершілікке, сұлулықты сақтай білуге, мейірімділікке үйретеді.
Қоршаған ортаға қатысты тыйымдар.[11]
Егінді, шалғынды бейсауат баспайды. Обал болады.
Көкті жұлса, «Көктей соласың»деп жамандыққа жориды.
Суға дәрет сындыруға болмайды. «Ағын судың арамы жоқ» деген сөз бар.Бұл суды басқалар пайдаланады.
Суға түкірмейді, өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді.
Ағын суды бұруға болмайды. «Судың да сұрауы бар», «Аққан су арнасымен ақсын», «Бидің жолы ақ, судың жолы сара» деген сөздер бар.
Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Қарғаса, үй ішіне кесепаты тиеді.
Торғайдың жұмыртқасын шақсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін.
Аққу киелі құс деп саналатындықтан, оны атуға, құс салуға болмайды.
Қыран құстарды атса киесі тиеді.
Кигіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді. Қарлығаш адамға дос, сондықтан ұясын бұзбайды.
Байғыз киелі құс болғандықтан, оны ұстап алуға болмайды.
Үкіні ұстап алуға болмайды. Ұстаған күнде үкісін жүндеп алған соң, бір тойдырып, босатып жіберу керек.
Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды, қарғысы қатты болады.
Құмырсқаның илеуін бұзсанң, үй ішіне кесепаты тиеді.
Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.
Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.
Жолбарыс, аюды көп ауламайды, оларды «аң иесі» деп санайды.
Өсіп тұрған ағашқа балта тигізуге болмайды.
От жағуға қураған ағашты, малдың тезегі мен қиын пайдаланады.
Жабайы аңды үнемсіз аулауға болмайды. Қажетіне қарай аулап, қалғандарының өсіп- өнуіне жағдай жасап отырады.
Қара суды сапырмайды.
Құстарға байланысты нанымдар мен сенімдер.
Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады. Ал жазда жамандық белгісін білдіреді.
Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа- райы өзгеріп жаңбыр жауады, жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.
Көкектің дауысы оң жағынан естілсе, бай боласың, сол жағынан естілсе сәтсіздікке ұшырайсың. алдыңнан естілсе көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.
Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады.; үкісін жұлып алып, бойтұмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.
Егер ұясына ерте қонақтаса, ереңінен жауын-шашын болады. бір аяғын бауырына алып, ұзақ тұрса күн суытады.
Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.
Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар- Алланың сүйіктісі.
Тауықтың мезгілсіз шақырғаны- жаман ырым
Егіншілікке қатысты ырымдар.
Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші «Бір дәнің мың дән берсін»,- деп амандасады.
Егер диқаншыдан біреу- міреу егістік үшін дән сұраса, ол сұраушыға мүмкіндігінше береді.
Диқаншы өз қырманының астығын алып, пайдалануға кірісерде «Диқан атаның» атына бағыштап, Құраннан аят оқиды. Сонан соң алғашқы өлшем қайыр-садақаға, «аққұлаға» бөлінеді. Бұл күндіз емес, міндетті түрде кешкісін оттың жарығымен жасалады.
Күн күркіреп, нөсер жауып, найзағай шарқылдаса- үйдің іргесі отпен аластатылады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәуба қиып, иман келтіреді. Қазақ ұғымында найзағай- алланың жын сайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні- құдай тағала даладағы жын сайтандарды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын деген. Сондықтан оларды отпен қорқытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсуі ықтимал. Адамдардың сол пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.
Далада жатқан, шала жанған ағашты үйге кіргізбейді. Өйткені, күйелі ағаштай пәле жұққыш болады. көңіл шалажай бықсып, үй ішінде алауыздық туады. қорадағы қой, өрістегі жылқы, қотандағы сиыр, даладағы түйе шала туып, шығын көбейеді. Береке кетіп, бақыт сөнеді, адам өледі деп ырымдалады.
Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені, бұларды киелі құс деп санайды.
Қазақ: «Ай құлақтанса –таяғыңды сайла, күн құлақтанса- күрегіңді сайла» дейді. Ай шалқасынан туса –қатты аяз болады. Ай қырынан туса – күн жылы болады деп жориды.
Қазақ суға түкірмейді. Ағынды суды беталды бөгемейді. «Дәм татқан құдығына түкірме» деген нақыл сондай ырымдардан қалған.
Қазақтың үлкен кісілері балаларына құстардың жұмыртқасына тиіспеуді, балапанды өлтірмеуге тырысып, міндеттеп отырды. Бұлай істеме- құстың қарғысына ұшырайды деп сенеді.
Табиғаттың ерекше, тосын құбылыстары құдырет саналған. Топырақ үйілген төбешіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, бұтақтары тарбиып өскен бұталардың өнген жері қасиетті делінеді. Сол жерлерге түнейді, шүберек байлайды. Әулие көмілген жерлерге мал сойып, тілеу тілейді.
Құмыраның, торсықтың аузынан су ішпейді. Қалған суға дем тигізеді. Егер ауыру адамның демі тисе, кейінгі су ішкен адам ауру болады деп жориды.
Өзен суын төніп, етбетінен жатып су ішпейді. Суға кетесін, не су мақұлығы жұтады не асқазан ауруына, өңеш қабынуына жолығады деп жориды.
Көктемде көк мойын ұзақ қарға алдымен келсе, қыс аяғы қысқа болады. Сары ала қаз келсе қыс аяғы ұзақ болады деп есептеледі.
Қазақ торғайдың және басқа құстардың жұмыртқасын шақпайды. Бұлай істесе бетке секпіл түседі деп ырымдайды. Құстар қарғайды деп те нанады.
Өзен жағасынан тоған қазып жаңа тоғанға алғаш су салғанда тоған жағасынан түйе айтып соятын ырым бар. Онысы- ақ түйенің қарыны жарылғандай той болсын. Ел тоқшылық өмір кешсін. Тоған киесі разы болсын дегені.
Жел иесі- Мырқайдар. Қара тұман бұлтты айдар дейтін ырым бар. Қырман соғып, дәнді жерге ұшырып, тазартқанда жел иесі Майдаға сыйынады. Мұнысы дән көп болсын, қауыз топан аз болсын. Майда ие қолдайгөр дегені.
Достарыңызбен бөлісу: |