Диплом жұмысы Мамандық 050102 «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі»



бет19/24
Дата06.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#29619
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Төменгі деңгей – табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнынан түсінігі нашар, халық фольклоры жанрларына, табиғатты қорғауға байланысты жүргізілетін мәселелерге талдау жасай алмайды.
Оқушылармен ата –аналардың табиғатты қорғау және қазақ ырым –тыйымдарын тәрбиелік мақсатын түсіндіру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды.
Мынандай қазақ ырымдарымен тыйымдарының мәнін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  • Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені жас өнердің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң – көктей ораласың, қарғыс атады деп ырымдалады.

  • Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың қасына дәретке отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол бұлақ. Сондықтан бұлай істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң –арың кірленеді абыройын төгіледі деп ырымдайды.

  • Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым келтірмейді. Саясына барып паналап ұйықтамайды. Олай істесең- сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, дүниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ. Жаның құлазудан асқан қорлық жоқ. Жалғыз ағашты жамандық тілеп тұрған жауыздықтың нысаны ретінде қарайды.

  • Қазақ қосарланып өскен қатар біткен ағашты кеспейді. Олай істегенде қосағыңнан айырыласын, қанатыңнан қайырыласың, тамырыңмен қырқыласың деп шошиды. Дүние түгел әзізден жаралған. Егіздің сыңарын құлатқан оңбайды. Көңілі қарауытып, санада сарғайып зарығып, қиналып өтеді деп ырымдайды.

Осыдан кейін ата аналармен оқушылардың өз көзқарастары ортаға салынды.
«Табиғатым - тағдырым» - экологиялық, әдеби-музыкалық кеш.
(3-4 сынып)
Бұл кеш негізінен 3-бөлімнен тұрады.
1-бөлімінде «Табиғатты аялау – халық даналығы» кіріспе сөз, кешке шақырылған қонақтардың сөздері;
2-бөлімде «Сүйейік, табиғатты аялайық» тақырыбына баяндама, «Табиғатым - тағдырым» әдеби монтажын жасау;
3-бөлімінде оқушылар өнерінің байқауы қорытылады;
Кешке еңбек озаттары, табиғат қорғау саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар, ақын-жазушылар, ұстаздар шақырылады.
К.Ахметова. «Жер тағдыры».
Ақын: - Жер – Ана!
Адамдарға бар не тілегің?
Жер: - Қан төгіп соғыспаңдар,
Өтінемін!
Куәсі едім соғыстың.
Ұлы істің де.
Жетпейді екен еш нәрсе тыныш күнге.
Ақылынан адамның азап тауып,
Алмағайып тұрмайтын қыл үстінде.
О, адамдар!
Мезгілден сыр күткендер.
Бейбіт күнде жерде пір тұтты елдер.
Бабалардың ертегін шектемеңдер,
Маралдарды (жер-тегін) үркітпеңдер.
Тұруы үшін бұлбұлды тұнық таңдар,
Отпенен ойнамайтын ғұрыпты аңғар,
Таза ауаны түтінмен құртпаңдар-
Есерліктің есігін құлыптаңдар!
Хиросимо тағдырын ұмытпаңдар!
Тыныш жатсын құстарда ұясында әр.
Күрсінбесін қария, қия шыңдар:
Қару алмай,
Қастаспай, достасып-ақ
Барлығың да төсіме сиясыңдар.
1-Басташы:

  • Табиғат, Жер-Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұнды бай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер-Ананың перзенті, Табиғат пе Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау - ад–мның азаматтық борышы.

1-оқушы. Жер-Ана мен өз анаң егіз екен.
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды Жер-Ана жетілдірді
Осыны өзім өмірге негіз етем. (Н.Бәрменбаева)
2-оқушы. Жаратылыс – жан ана,
Қарық қып суға, ауаға.
Топытағыңмен асырап,
Сәулесін құйған санаға. (С.Мәуленов)
2-Бастаушы.

  • Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.

3-оқушы. Адамдар, Жер – сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер-жаһанды аялап тұр алақаның да…
Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,
Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап.
Бар тірлік тұрады бұл жерден жалын ап.
Дүниеге жер – қара шаңырақ. (Ә.Нілібаев)
4-оқушы. Күнім сенсің, тас төбемде тұрса түн,
Анам сенсің жолдан тайсам ұрсатын.
Саған қарай ұшып келем, туған жер,
Көктем шықса құстар солай ұшатын
Сенде көктем, сенде алма ағаш гүлі бар.
Аспаныңда аяулы елдің жыры бар,
Ақ сұңқарың қанша биіік ұшса да,
Саған келер, саған келіп жығылар. (Т.Молдағалиев)
5-оқушы. Армысың, ардақ- мекен, асыл-мекен!
Айрықша топырағың, тасың бөтен,
Бабалар бақыт іздеп кезуші еді.
Білмепті бақыттары қасында екен.
Ғасырлар сілемімен басулы екен. (М.Мақатаев)
«Атамекен» әні (Әні Е.Хасанғалиевтікі, сөзі Қ.Мырзалиевтікі)
1-Бастаушы:
- Табиғат – адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
6-оқушы. Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан-жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын. (Ж.Жабаев)
7-оқушы. О, туған жер, қадіріңді кім білген,
Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген
Сенде өткізген артық екен бір күнім,
Басқа жерде той тойлаған мың күннен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет