Диплом жұмысы мазмұНЫ


Өткен материал жинақталып қорытыланды. Жаңа материалды саналы түрде қабылдауға дайындау, мақсат қою



бет9/12
Дата04.03.2023
өлшемі219 Kb.
#171079
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ

Өткен материал жинақталып қорытыланды. Жаңа материалды саналы түрде қабылдауға дайындау, мақсат қою.

  • Балалар, сонымен, халық ауыз әдебиеті шығармаларына қандай шығармалар жатады ?

  • Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер.

  • Біз бүгін келесі бір түрі – батырлар жырымен танысамыз. Нақты айтар болсақ, «Ер Тарғын» жырының үзіндісімен, Тарғын батырдың қалмақ батырымен қалай шайқасқанымен, Тарғынның сом тұлғасымен танысамыз. Жырды оқып, танысамыз. Осыған байланысты алуан түрлі жұмыстар атқарамыз.

Жаңа сабақ


  1. «Ой қозғау» кезеңі.

бірнеше оқушыға тапсырма жазылған қағаздарды беріп, жауап алу.

  • Батырлар жыры қандай шығармалардың үлгісі болып табылады ?

  • Оладың авторлары болған ба ? Болса кім ?

  • Батырлар жыры неден туындаған ?

  • Батырлар жырында не суреттеледі ?

  • Қандай батырлар жайлы жырларды естіп едің ?

2. Енді осы батырлар деген кезде көз алдарына не елестейтіндерін тақтаға жаздырту.







Батыр

(тұлпары, қару-жарағы, сүйген жары, т.б.)





  1. Мұғалімнің әңгімесі.

Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі – батырлар жыры. Батырлар жыры халықтың жазу өнері болмаған екде туған. Оны жыршы ақындар шығарып, ел арасына ауызшаайту түрінде таратқан. Жыршы – батырлар жайлы жыр шығарып, оны айтып таратушы. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың елді жаудан қорғау, елі үшін ерлік істерге бару, туған жерін сүю сияқты ізгі тілектерден туған. Халық өзін сыртқы жаулардан қорғап, аман сақтап қалған батыр ұлдарын құрметтеп, ерлігін аузынан тастамай, үлкенге өнеге, кішіге үлгі еткен. Біз бүгін сондай батырдың бірі – Ер Тарғынмен танысамыз.

  1. Жырды оқушылардың іштей оқуы.

  2. Жырды дауыстап тізбектей оқу.

  3. Сөздік жұмысы.

Түсінбеген сөздер мен сөз тіркестерін оқушылардың білетіндерін сұрап, жауап алынады. Төмендегі сөздерге түсінік беріледі.
Пәрмен – көмек
Тобасы – тілегі
Көңіліне қайғы бітеді – қатты қамығу, түңілу.
7. Енді осы сөздердің орнына мәндес сөздер қойылып, сөйлемдер дәптерге жазылып алынады.
Алладан көмек, күш – қцат сұрады.
Тарғынның тілегі, өтініші қабыл еді.
Үмітін үзіп, жеңілгендеріне көздері жетеді.

  1. Мазмұны бойынша сұрақ – жауап.

а) Жырдағы оқиға қай батырлар жайлы құрылған ?
ә) Тарғынның тұлпары қалай аталады ?
б) Тарғын жекпе – жекке кіммен шығады ?
в) Жекпе – жекте шабуылды кім бастайды ? Неге ?
г) Жырда қалмақ батырының бойында қандай жағымсыз қасиеттер барын аңғарамыз ?
д) Тарғынның жауына жауына жасаған шабуылын суреттеп көр.
е) Жекпе-жек немен аяқталды ?
ж) Тарғын атқан жебенің күш-қуаты жайлы не айтар едің ?
з) Жекпе – жектің қазақ батырының жеңісімен аяқталуының себебі неде деп ойлайсың ?

  1. Тақтаға Тарғынның бейнесі салынған сурет ілінді. Сурет бойынша оның тұлпарда отырған сом, алып тұлғасын сипаттау (тұлпарын, батырдың киім үлгілерін, қару-жарақтарын, жауға аттанып бара жатқан келбетін.)

  2. Венн диаграммасымен жұмыс және деңгейлеп оқыту әдісі бір мезгілде жүзеге асырылды. Венн диаграммасын бастамас бұрын 5 оқушыға үлестірмелі карточкалар таратылып берілді.

  1. Домбауылды сипатта. Оның мәтіндегі сөзін тауып оқы.

  2. Тарғынның берген жауабын тауып оқы.

  3. Тарғын бабаларына қалай сыйынды ?

  4. «Қабағына қар жауып, кірпігіне мұз қатып» тіркесін мәтінге сүйеніп түсіндір.

  5. Әділетсіз соғыс деп нені түсінесің ?

  1. Қалған оқушылар Венн диаграммасымен жұмыс істейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет