Диплом жұмысы мазмұНЫ


Бастауыш сыныптарда батырлар жырын оқыту мәселелері



бет6/12
Дата04.03.2023
өлшемі219 Kb.
#171079
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ

2.1. Бастауыш сыныптарда батырлар жырын оқыту мәселелері
Азат елдің ендігі жас ұрпағын халқын сүйер, туған елін қадірлейтін, ата салтын ардақтайтын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, жан-жақты азамат етіп қалыптастыруда бастауыш сыныпта оқытылатын ана тілінің атқаратын қызметі өлшеусіз зор.
Кезінде кеңестік мектептерде жақсы да сапалы білім берілгенмен, оқушының шығармашылық, тұлғалық, “ұлттық” шарықтау мүмкіндігі шектеулі болды. Ол кездегі оқулықтардың қай-қайсысы да халықтық рух-болмыспен қабыса бермеді.
Ұстаздың мақсаты – “үйрету үшін үйрену”. “Үйренуден жалықпа, үйретуден аянба” деген қағиданы берін ұстанған бастауыш сынып мұғалімі өз сабақтарында оқушыларға оқу және таным әрекеттерінің мақсатын, оның орындалуы барысында нені меңгеретінін айқын жеткізуге тиісті. Берілетін тапсырма түрлері сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың жеке пікірлерімен, қалауларымен толықтырылып, өзгертіліп, оқушы қызығушылығына негізделіп, лайықталып отырылады. Сабақты проблемалық сұрақтар мен ізденістерге құрып оқыту, оқушыны әртүрлі шешімдер мен көзқарастар айтуға үйрету, өз тұжырымдарын дәлелді түрде жеткізе білуге дағдыландыру – бастауыш сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдердің бірден-бір міндеті. Ана тілі пәнінің басты қызметі – оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Нені оқып, қандай кітаптарды талғау құқын баланың өзіне қалдырған күнде де, оның өзге пәндерді игеруіне, интеллектуалды мәдени дамуына негіз бола алатын оқырмандық белгілерін айқындап, оқушыны дұрыс бағыттап отыру – ана тілі ұстазының төл парызы.
Мұғалімнің түпкі мұраты – баланың жеке тұлға ретінде өсуіне басшылық жасай алу. Ол үшін оқушы дүниетанымын, шығармашылық қабілетін дамытуды үнемі жадында сақтап жүретін ұстаздың іс-тәжірибесі жинақталып, күнделікті сабаққа қажетті үлгі-жоспарлар, тапсырма, шығармашылық ізденіс жұмыстары болуы керек.
Адам баласының болашаққа, келер күнге ұмтылған ұшқыр қиялы, осы жолдағы ұлан-ғайыр еңбегі мен бастан кешкен сан қилы оқиғалары, бір сөзбен айтқанда өткені мен бүгінгісі және келешегі көркем әдебиетте бейнеленеді. Көркем әдебиет – көркемөнердің сан түрлі салаларының ішіндегі баға жетпес асылдарының бірі. Онда адам тағдыры болмыс-бітімімен көрінеді. Бұл туралы ғалым З.Қабдолов “Сөз өнері” атты еңбегінде: “Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы” деп жазады./12/ Адамның ой-қиялын, сезім, жан-дүниесін баурап, бұл жолда сан-салалы із қалдыратын әдебиеттің сөз өнері екендігін дәлелдей келіп, ғалым былай дейді: “Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығадыда, сол халықтың рухани сусынына айналады”.
Міне, өнер туындысының танымдық, тәрбиелік мәні осында жатса керек. Бұл ретте бастауыш сыныптардағы ана тілі пәні бойынша қамтылатын көркем шығармалардың ролі тіпті зор. Сөз өнерінің көркем айшығын жас ұрпақ санасына жеткізу, оның тереңіне бойлап, сыр-сипатын таныту – басты мәселе. Бастауыш мектепте өтілетін барлық пәндердің ішінде ана тілі пәні баланы әсемдікке ынталандырып, рухани көкжиегін кеңейтетін қасиетімен ерекшеленеді. Әр пәннің өзіндік ерекшелігі, өз тілі болатындығын, әрқайсысы өз өрнегімен сөйлейтіндігін түсіндіре келе ғалым Т.Ақшолақов: “Әдебиет - өнер туындысы; әдебиет сабағы - өнер сабағы” десе, әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева: “Әдебиет пәні баламен нағыз қарым-қатынастың пәні, баламен нағыз достықтың, ынтымақтастықтың пәні”, - дейді./12/ Ал әдебиеттің ең алғашқы баспалдағы ана тілі екендігі белгілі. Ана тілін оқыту, одан өрісті білім беру үшін оқушының кез келген шығарманы жан-жақты эстетикалық талдау жасай білуге дағдыландыру қажет. Сонда ғана ол көркем туындыға тереңдей үңіліп, ондағы адамгершілік, эстетикалық проблемалардың байыбына бара алады. Шәкірттерге шығарманы оқыту барысында сөз сырына бойлатуға мүмкіндік жасау қажет. Бастауыш сынып оқушыларын сөздің алуан түрлі сырына үңіле білуге үйрету – ана тілінде берілетін көркем шығарманы танытудың басты жолы.
Егер бала әр уақытта өнер мен әдебиетке жақын болса, көркем шығармадан әрдайым сусындап отырса, оның бірте-бірте дүниеге, өмірге көзқарасы, эстетикалық сезімі қалыптасады. Ал эстетикалық сезім әдебиет пен өнердің, заттар мен құбылыстардың ғажап қасиеттерінің әдемі әсерінен оянып, оқушының ішкі рухани қасиетін, рухани қазынасын байытып, нәрі санада өмір бойы сақталады.
Ана тілі – шындықты эстетикалық тұрғыда танытуға үйрететін пән. Көркем шығарма арқылы оқушы айналасындағы өмірді, қоршаған ортаны кеңірек тануға, идеялық ұстамдылыққа үйренеді; адамгершілік биік сапаларға ие болады; әсемдікті түсінуге мүмкіндік алады. Мұғалім – оқушыларды ана тілін оқыту арқылы олардың өмірге және әдеби шығармаға деген ұғымын, талғамын өсіретін, бір сөзбен айтқанда, баланы бүкіл болашақ саналы өмірге дайындайтын адам. Ана тілі сабағында ол баланы әсемдік пен әдемілікті ұғынуға, қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынастардың сырын түсінуге, әдеби шығарманы талдауға сол өмірдің шын жағдайы арқылы келуге үйретеді. Шығарманы түсініп, талдап үйрену, негізінен, оқушы еңбегіне байланысты. Ал мұғалім оқушыға шығарманы нақты түсінуге, оның оқиғаларын бастан бірге кешіп, кейіпкерлер тағдырына, күйініш-сүйінішіне ортақтаса білуіне көмектесуі керек. Осындай кейіпкермен бірге кешкен сезім күйі ғана баланы жақсы мінезге тәрбиелейді, көркем шығарманың эстетикалық күшін бала сонда ғана нақты сезінеді. Осы тұжырымдарды саралай келе диплом жұмысының осы тарауында бастауыш сыныптағы ана тілі сабағында батырлар жырын оқытудың мәселелеріне тоқтала кетпекшімін.
Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы – ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Батырлар жырын оқыту бастауыш сынып мұғалімдеріне көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Ауыз әдебиетінің бұл түрін бастауыш сыныпта оқитын оқушыларға оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлуі керек:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет