Диплом жұмысы мазмұНЫ


ІІ тарау Бастауыш мектепте батырлар жырын оқытудың



бет5/12
Дата04.03.2023
өлшемі219 Kb.
#171079
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ

ІІ тарау
Бастауыш мектепте батырлар жырын оқытудың
тәжірибе көзі
Жалпы білім беретін мектептердің алдына өскелең ұрпаққа берілетін сапалы білім, саналы тәрбиені одан әрі жетілдірудің айрықша міндеттері қойылып отыр. Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізі мектепте қаланады. Балалардың көркемдік-эстетикалық құштарлықтары мен қажетсінулерін қалыптастыру – көкейкесті мәселелердің жан жүрегі.
Айнала қоршаған дүниедегі, қоғамдық өмірдегі, өнер құбылыстарындағы әдемілікті шынайы қабылдау, дұрыс түсіну – осы орайдағы міндеттің бірі.
Ана тілі пәні - әдебиеттің алғашқы баспалдағы – көркем сөз өнері болғандықтан, бұл сабақта мұғалім әрбір сөзінде шығарманың көркемдігі мен тіл шеберлігіне көңіл бөліп отырса, ол оқушыны терең тебірентіп, әсерлендіріп, оқушыларды сөз құдіретін сезінуге баулыса, мұндай сабақ әдебиеттік біліммен қатар эстетикалық тәрбие де бере алады. Шығарманың эстетикалық табиғатын таныту ой мен өнерді, жазушының даралық стилін, шеберлігін танытуға апарар жол. Көркем туындыны – ауыз әдебиеті болсын, тек өткен заманның тарихи елесі, сәулесі ретінде ғана баяндамай, оны бүгінгі заманмен үндестіру, жас ұрпақты биік адамгершілік рухында тәрбиелеу мұраттарына орайластыру сол шығармаларға талдау жасай білу шеберлігімен өзектес.
Ана тілі оқулығындағы көркем шығармалардың рухани жағынан өсіру мүмкіншілігін оқыту процесінде барынша пайдалану – бастауыш мектепте ауыз әдебиетін оқытудағы негізгі мақсат. Балаларға ұлт мұрасы – ауыз әдебиетін үйрету, оқыту мәселелеріне адамдық парасатты арттыру тұрғысынан қарауымыз керек.
Бүгінгі сабаққа қойылар талап зор. Сабақ идеялық жағынан терең әрі бүгінгі ғылым деңгейінде болуы керек. Әр сабақ тәрбие мақсаттарын көздей құрылуы тиіс. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылық іске ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдыландыру сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту – негізгі мақсат.
Қазақ халқының бүгінгі жеткіншектері адамгершілік, эстетикалық сезімін жақсы меңгерген, бүгінгі заман техникасының жоғары жетістіктерінің арқасында төрткүл дүние тынысынан да хабардар деуге болады. Сонымен қатар олардың талап-тілектері артып, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын меңгеру қажеттігін түсінуі, болашақта ұлт мәселесіне араласатын азамат болуы керек деген жауапкершілігі өсті. Осыған байланысты жаңа проблемалар, соның ішінде оқушыларды қазақтың халықтық педагогикасын жүйелі меңгертуге, олардың қатысуымен елімізде ұлттық мәдени-тарихи дәстүрлерді дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақ арасында қазақтың рухани өмірінің үлгі-өнегесін таратуға және оны эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге байланысты шешімдерді нақты қарап, талдау қажеттігі туындайды.
Әрбір жеткіншек өз халқының тарихы, әдет-ғұрпы, мәдени дәстүрі саласынан белгілі деңгейде эстетикалық білім мен тәрбие алып шығуы, сөйтіп өз елінің игілігіне үлес қосуға даяр болуы қажет. Ал мұның өзі мектептің, әсіресе бастауыш мектептің жалпы тәрбие жүйесін халықтық педагогика негізінде жетілдіруді талап етеді.
Ауыз әдебиеті шығармаларында белгілі бір адамгершілік, философиялық, патриоттық, эстетикалық мәселелер көтерілген. Міне, соларды жеткізу, таныту арқылы оқушыны адамгершілікке баулимыз. Мысалы, батырлар жырында Отанына, еліне, халқына деген сүйіспеншілік сарын басым. Ел намысын қорғаған ерлер халқының мүддесі үшін өмірін қиюға дайын. Солардың бойындағы ерлік, адамгершілік асыл қасиеттерді жан-жақты ашу арқылы оқушыларды ата-бабаларымыздың ерлік ісіне сүйсіндіре аламыз. Өз еліне, Отанына адал қызмет ету арманы арта түседі. Осылайша шығармалардағы өзекті мәселені таныта, оның оқушыларды адамгершілікке баулу жағын шебер аша отырып, білімділік те, тәрбиелік те мақсаттарды жүзеге асыра аламыз.
Мектеп бағдарламасына енген қай шығармада болсын, адамгершілік асыл қасиеттер суреттеледі. Соларды тереңдей ашу, шәкірт бойына сіңіру, оларды шығармадағы кейіпкерлер тағдырына ортақтастыру, жан сұлулығына баулу - әдебиетті оқыту мұраты осыған келіп тіреледі. Әдебиет сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің алуан түрлі жолдары бар. Эстетикалық тәрбие беру бірізділіктен, бір сарындылықтан арылтады. Шығарманың идеялық-эстетикалық мазмұнын тереңдетеді.Әдебиетті оқыту, онан өрісті білім беру деген сөз – оқушыны шығармаға аналитикалық, эстетикалық талдау жасай білуге үйрету деген сөз. Сонда ғана ол көркем туындыға тереңдей үңіліп, ондағы адамгершілік мәселелердің байыбына бара алады. Шәкірттерді батырлар жырының мәтініне қызықтыру үшін шығармашылық тапсырма беру орынды. Оқушы неғұрлым көп білсе, ал сұрай-тапсырмалар қызғылықты, ойландырар сипатта болса, соғұрлым шәкірттің көркем шығармаға ынта қоюы да арта түспек. Батырлар жырынан берілетін сұрау-тапсырмалар жеңіл-желпі болмай, күрделі болуы тиіс. Жеңіл тапсырмалар балалардың ой-өрісін дамытпайды. Эстетикалық тәрбие беру мақсатында көркем шығармадан эстетикалық сұлулықты сезіне білу үшін әдеби шығарманың композициялық тұтастығын оқушыға аңғарту үшін мына оқиғаны алып тастасақ, шығарманың көркемдігіне келер нұқсан бар ма? Сол оқиға болмаса, оның идеялық-эстетикалық нысанасына тигізер зияны болар ма еді деген сауалдарды қойып, оқушыларды ойландырып, өздерінше ой қорытуға дағдыландыру қажет. Мұғалім батырлар жырын бір-бірімен өзара салыстыру барысында, әр жырдың сюжеттік желісін, көркемдік ерекшеліктерін сол тақырыпты меңгерту кезінде пайдаланса, оқушылырдың сұлулықты сезінуі, әсемдікті қабылдауы, сондай-ақ Отанына, туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігі толыға түседі. Сонда ғана ана тілі сабағында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың бойында ізгі және адами қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік ашамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет