Диплом жұмысы мазмұНЫ


Ана тілі пәнінен батырлар жыры тақырыбы бойынша сабақ үлгілері



бет8/12
Дата04.03.2023
өлшемі219 Kb.
#171079
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ

2.2. Ана тілі пәнінен батырлар жыры тақырыбы бойынша сабақ үлгілері


Сабақтың тақырыбы: “Ер Тарғын” жырының үзіндісі (4-сынып)
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Халық ауыз әдебиетінің күрделі саласының бірі – батырлар жыры туралы мағлұмат беру. “Ер Тарғын” жырының үзіндісінің мазмұнымен таныстыру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың қатыгез жауын жеңген батыр, Ер Тарғын жайлы білімдерін шыңдау, батырдың ерлігіне қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге жетелеу.

  3. Тәрбиелік: Елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен ер азаматтарын құрметтеуге, туған жерін сүюге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, көрнекілік, өз ойын ортаға салу, деңгейлік оқыту әдісі.


Сабақтың көрнекіліктері: Батырдың бейнесі салынған плакат, тірек сызбасы, карточкалар, “Жалғасын тап” ойынына арналған мақалдар жазылған карточкалар. (Оқушылардың жауабы қызыл (5), көк (4), жасыл (3) дөңгелекшелермен бағаланып отырады.)
Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа әзірлігін және қажетті құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.


Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырма естеріне түсірілгеннен кейін сұрақтар арқылы білімдерін тексеру.
а) Мақал-мәтелдер жайлы білетінімізді ортаға саламыз. Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не ?

  • Мақал-мәтелдер – қазақ ауыз әдебиетінің ең көп тараған бір бөлігі.

ә) Мақалдың мәтелден айырмашылығы неде ?

  • Мақалда нақты ой, тұжырымды түйін болады. Дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырады. Ал мәтелде ой тікелей білдірмей, жанамалап айтылады.

б) Дәлелде.
в) Мақал-мәтелдердің халық ауыз әдебиеті үлгілері болып табылуының себебі неде ?

  • Өйткені, мақал – мәтелді әуел баста жеке адамдар шығарған, біреуден-біреу жаттау, ауызекі айта жүріп, өзгеріп, жалпы халықтық мұраға айналған.

г) Төмендегі мақал - мәтелдің кайсысы мақал қайсысы мәтел ? Дәлелде

  1. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ.

  2. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек.

д) Мақал-мәтелдердің қандай түрлері болады ? (батырлық, достық, туған жер, отан т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет